Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым


«Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым »

1-жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік –қасиет тұнған ұлы ұғым» атты
кешімізді бастаймыз.
Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

2-жүргізуші:
Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым,өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім!
Қайран, қазақ елі... Жас ұрпаққа айта алмаған жеткізе алмаған, жан
дүниеңді дір еткізнтін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған
куә мына жатқан кең сары дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер,
тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны. Ғасырлар
бойы ата-бабамыздың қаны тамған топырақ исі мүңкіп тұр.

1-жүргізуші:
Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл
сұлама» заманынан бастап, қойша қырылған «репрессия» жылдарына дейінгі
аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кету
қаупі тұрған еді.
Халқымыздың тарихындағы аса бір қиын кезең жоңғар хантойшыларының
басқыншылық әрекеті еді. Қазақтардың руларға, жүздерге ыдырап бүлінуі
кезеңін пайдаланып және жеріміздің байлығына қызыққан азулы жау бейбіт өмір
сүріп отырған халықты қырғынға ұшыратты.

2-жүргізуші:
Қанша азапқа түсіп, қуғын-сүргінге ұшыраса да, қазақтың үш жүзі қайта
бірігіп, жоңғарларға күйрете соққы берді. Бұдан кейін патшалық Ресейдің
еліміздегі шырайлы егістік жерлерді күштеп басып алуға арналған отарлау
саясатына қарсы күрескен халқымыздың қаһарман ұлдары: Сырым мен
Кенесарының, Исатай мен Махамбеттің, Сыпатай батырлардың есімдерін мақтан
етуіміз керек.
Осыдан он тоғыз жыл бұрын егемендігімізді жариялып, Тәуелсіздікке қол
жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы біздің яғни қазақ халқының аңсаған арманы
еді.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев
тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім
елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып,
Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға
күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен
үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы
нұрлы күндерге жеткізді. Осындай нұрлы күнге қол жеткізгеніміз Желтоқсан
оқиғасының нәтижесі.

1-жүргізуші: Желтоқсан айы...
Кешегі дүркіреп өткен 1986-шы жылына дейін дүйім қазақ үшін желтоқсан
атауы, және бір қыстың атауы еді. Кейін бұл сөздің мән-мазмұны да, құлаққа
жетер әуені де мүлде өзгерді.
«Желтоқсан» десе – ақ, әрбір қазақтың көкірегінде небір көріністер
қоздап қоя беретін болған. Ең алдымен «Желтоқсан желі» немесе «Қарабауыр
қасқалдақ» деген мұңды да асқақ әуеннің сарыны алыстан талып естілер еді.

2-жүргізуші: Себебі, бұл әндер, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», «Елім-
ай» секілді, әлдеқашан «Желтоқсан оқиғасының» халық арасындағы әнұранына
айналып кетті.
Сонда да, ән-әуенмен қоса, мәңгі көкірек көзінде қалған көріністер
шұбырылып өтуі қақ. Үрейлі үкімет үйі. Оны қоршай толқыған ызалы қыз-
жігіттердің жігернлі келбеттері. Оларға қадалған суық көздер мен мейірімсіз
пішімдер. Одан кеін темір киімдер киіп, келтек ұстағандар мен жалаңаш қол
жастардың сарт-сұрт айқасы.
Адам жегіш иттердің арсылы, шашынан сүйреген қазақ аруы, басынан қан
шапшып, ыңырсый құлаған қазақтың бозбалары...
Енді осы кезеңнен қысқаша көрінісімізді тамашалаңыздар

Көрініс. «Жастардың алаңға шығуы»
Дауыс: Естідіңдер ме?
Бұл не масқара! Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз. Ең болмаса
өз ішімізден неге сыйламаған? Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды?

Дауыс: Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып, түсіндірсін барлық жайды!

Дауыс: Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа жерден басшы
келгені несі?

Дауыс: талап-тілекті айтамыз. Шықсын ортаға басшылар.
Прокурор: Балалар! Уа, балалар! Мен Республика прокурорымын. Тарқаңдар!
Жатаханаларыңа қайтыңдар! Ұят болады! Біз сендерге күш қолданамыз! Үйлеріңе
қайтыңдар!
Әскери адамдар: Первая рота! Слушайте мою команду! Производится
операция «Құйын». Немедленно разогнать экстремистов и хулиганов» Первая
рота за мной! Ура!
Алтынай: әй, туғандар! Жігіт болсаңдар бері қарай!
Қосылыңдар біздің қатарға!

Көрініс
Талғат: Апа, апа, Қайрат көкемнен хат келді.

Анасы: Рас па? Құлынымның хаты ма? Әкелші, өзін көрмесем де, хатын оқып
мауқымды басайын.

Қайраттың хаты: Амансыздар ма, анам, туған-туыстарым! Менің нақақтан
абақтығы отырғаныма сіздер сенеді деп ойлаймын. Жасақшыны ұрды, өлтірді
деген жалаға сене көрмеңіздер. Алаңда, жатақхана жанында ұсқыны суық
жасақшылардың жиналған қазақ жастьарын ұрып-соғып, бейкүнә қыздарды шашынан
сүйреп, қорлағандарын көріп шыдамадым. «Еруліге қарулы» деп мен де топ
ішіне кіріп, көмектесуге ұмтылдым.
Менің де, сол күнгі алаңға шыққан қазақ жастарының да еш күнәсі жоқ.
Алаңға барғанымыз – азаттық іздеп барғанымыз. Біз ұлтшылдықтың үлгісі емес,
«ұлтжандылықтың» үлгісін көрсеттік. Қазақтың бостандық алар күні алыс емес!
Аман болыңдар!

Ана: Ұлым менің! Сен әлі жиырма бірдесің. Аман болсаң, бір жерден
шығатын алмастай өткір жігіт боларсың деп үміт күтеді сорлы анашың...

Тергеуші: Сен 18-і күні сағат 10-да қайда болдың?

Қайрат: Жолдастарыммен бірге.

Тергеуші: Жоқ, сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Савицкийді
соққыға жықтың, соның нәтижесінде ол қайтыс болды! Сен кінәлісің оған!

Қайрат: Сөйлесем даусым жетпейтін
Кез болдың мынау заманға,
Шовинизм еді ғой,
Басты себеп жалғанға.
Елбең, елбең жүгірген
Ебелек отқа семірген.
Арғымақ мінген жаратып,
Ақсауыт киген темірден,
Алатаудай бабалар,
Аруағыңмен жебей көр.

Қайраттың туыс – бауырларына арналған өлеңдерінен үзінді
Қайрат: Әкетай-ау, пайғамбардай жасың бар,
Туа бермес сіз секілді асылдар.
Қартайғанда жүрегіңді жаралап,
Кесір болды-ау біз секілді масылдар!

Айналайын, қарындасым, қарғым,
Қолда кісен, мен айдау да барамын.
Қайғы жетіп, азап тартқан ағаңды,
Айтшы, жаным ,қандай жанға баладың?

Айналайын, інішегім, құлыным,
Сені ойласам үзіледі жұлыным.
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,
Кетіп барам мен айдауда, құлыным!

Көрініс
Тергеуші: Сен өзің Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба? Жоқ па?

Қайрат: Жоқ, мен Савицкийді көргенім жоқ!

Тергеуші: Ақымақ! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар! Орындарыңыздан
тұрыңыздар сот келе жатыр!

Үкім: Қазақ КСР Жоғарғы сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот
отырысында 1987 жылдың 25 мамырынан 16 маусымына дейін Қайрат Ноғайбайұлы
Рысқұлбековтің айыптау ісін қарай келіп, Қазақ КСР Қылмыстық істер жүргізу
кодексінің 287,299 және 301 баптарына сәйкес сот алқасы Үкім етеді»: Қайрат
Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп танылып мынадай қылмыстық жазаға
тартылсын:
Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 60 бабы бойынша 3 жылға бас
бостандығынан, 65 бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ
КСР Қылмыстық кодексінің 173-1 бабы бойынша ең жоғары өлім жазасына, атуға
кесілсін.

Қайрат: Күнәдан таза басым бар,
21-де жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты құрбандық»
Атам десең атыңдар!

Ән: «Қарабауыр Қасқалдақ»

Би: «Жұмыр қылыш»

Қайраттың рухына.
(Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбековке)

Азаматтық айбарымен еркіңнің,
Желтоқсанда намыс үшін желпіндің.
Алаңдағы әділетсіз дауылға
Қайсарлықпен қарсы келіп сен тұрдың.

Жапа шегіп жатсаңдағы жаладын,
Жарамады арашаға жан адам.
Желтоқсанның желбіретті жалауын,
Төрт жылдан соң мұхтар атты жан ағам.

Желтоқсан деп жүрегім сыздар әлі,
Шырқалады Қайрат деп қыздар әні.
Көк байрағым сені еске сап тұрады,
Желтоқсанның жеңілмес мұзбалағы.

Жиырма бір жасың жатыр пешенеңде,
Айналар атың әлі неше өлеңге.
Жастар жүрер рухыңа тағзым етіп,
Рысқұлбеков атты бақ пен көшелерде!

Қарындасқа қалқан болған өренім,
Қалың жасқа пана болған терегім.
Жалын жырға арқау болған тереңім,
Өлтіре алмас сені өлім!
Алмас жүзді беренім!

Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі

Отан деген от басынан басталар,
Отбасыма от салмасын басқалар.
Отан деген қасиетті, киелі,
Отан десем оянады асқақ ар!

Отансыздар мына өмірде бос қалар,
Сүйеуі жоқ, тіреуі жоқ жасқанар.
Отанымды күзетеді адалдық,
Сәттерімде мүлт кетпестен қас қағар.

Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,
Басқалардың тимесінші кесірі.
Елдің көшін өрге бастап барады,
Нұрағаңмен егіз болар есімі.

Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,
Бесігімде тербеледі дос үні,
Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,
Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!
Ән: «Желтоқсан желі»

1-жүргізуші:
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, жас қайраты жас өркені халқымның!

2-жүргізуші:
Желтоқсан оқиғасы ешқашан көмескіленбейді. Себебі, тарихтан алар орны
ерекше оқиға.

1-жүргізуші:
Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің
отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге
тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз- ұлттық рәміздерді
қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу,
мәдениеттің биік шыңына көтерілу.

2-жүргізуші:
Тігілген соң Ақ Орда- шаңырағың
Тұғырыңа қонуда сан қыраның.
Отан деген оранып от құшаққа,
Кәусарыңа шөліңді қандырамын.

Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны
құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек деп, біз бүгінгі
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік –
қасиет тұнған ұлы ұғым » атты іс-шарамызды аяқтаймыз

Ән: «Атамекен»


Ұқсас жұмыстар
Автор бейнесі
Студенттерді бағалау
ТӘУЕЛСІЗДІК АКТ
Желтоқсан айы
Тәуелсіздіктің құнын ұмытпайық
Тәуелсіздік ата-баба арманы, ұрпақ үшін мақтаныш
Тәуелсіздік - тәу етер киелі ұғым
Біз – әлем балаларымыз жайлы ақпарат
Егеменді елім, Тәуелсіз елім - Қазақстан
Тәуелсіздік - таң нұры жайлы ақпарат
Пәндер