Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Ұзынсары . ұзынсары наурыздың ұзақ сары күні екенін білу

Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша рефлексивтік есеп
Мұғалімнің ойы
Тренердің пікірі
Осы бағдарламаның негізгі міндеті - қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Бағдарламаның негізгі қағидаты тәжірибелік қызметті нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып табылады. Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген, олар оқыту барысында аралас түрінде ұсынылады(Нұсқаулық 12 бет) Жеті модульді ықпалдастыру мақсатында тәжирібе кезінде 1 <<А>>сыныбында, ана тілі пәнінен өткізген бір сабағым бойынша рефлексивтік есебім.
Сабақ тақырыбы: <<Ұзынсары>>.
Сабақтың мақсаты: Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіну, ұзынсары наурыздың ұзақ сары күні екенін білу.
Күтілетін нәтиже:
Мәтінді мәнерлеп оқиды, мазмұнын, мәнін түсінеді, ойларын айта алады, өзара пікір алмасады,сөздік қоры артады, өмірмен байланыстыра алады.
Сабақты ынтымақтастық ахуал орнатудан бастадым. Мақсаты: жас ерекшеліктеріне байланысты оқушылар бір - біріне жылы лебіз сөздер және тілектер тілей отырып, серіктестік қарым - қатынас жасауға, оқушылардың көңіл күйін көтеру, ынтымақтастық орта құру (Шеңберге тұрып, бір - біріне жылы лебіздерін айтады, сәттілік тілейді.) барлығы қайталап айтады.
Қане, шеңбер құрайық,
Дөңгелене тұрайық.
Ұнаған фигураны таңдап ап,
Тобымызды табайық.

Ынтымақтастық ортасын қалыптастыруда балалардың бойында көңіл күйлерінің көтерілгенін, бойларында сенімділік, ұялшақ, тұйық балалардың ашылуын байқадым.
Кездескен кедергілерде болды, балалардың ұялшақтығы, терең ойламаулығы, тілдерінің аздығы. Осы кедергілерден шығу үшін алдағы уақытта көп ізденуді талап етеді және тиімді жолдарын қарастыру керек деп түйдім. Жас ерекшеліктеріне байланысты логикалық ойлау мен визуалды қабылдауға, геометриялық фигуралар арқылы топқа бірігеді.(шеңбер,үшбұрыш, төртбұрыш). Сынып оқушыларын топтарға бөліп оқытудың тиімділігі, нашар оқитын оқушылар көпшіліктің көлеңкесінде қалмайды, әр оқушы өз бетімен жұмыс жасайды және шығармашылықпен бәсекелестікті қалыптастырады, өзін - өзі бағалауға үйренеді, оқушылардың қызығушылығын артаы, көңіл күйлерін көтеріліп және сабаққа деген белсенділігін артады дегім келеді. Өйткені, дәстүрлі сабақта үлгерімі төмен оқушылар артқы партада жыл бойы отырып қалатын, ал қазіргі жаңаша оқуда күніне бірнеше рет ауыстырады және сыныптастырымен қарым - қатынас жасауға, әрекет жасайды. Оқушыларға ұнағаны сондай, келесі сабақта қандай топтастыру болар екен? - деп күнде асыға күтетін болды. Оқушыларымның сабаққа деген қызығушылығы, белсенділігі артқаны көрінді. Топ өзара пікірлесіп сыныптағы ұялшақ, орташа оқитын оқушыларды топ басшысы етіп тағайындады. Ондағы мақсатым, нашар оқушыларды сөйлету, жауапкершілікке тарту, ұялшақтықтанарылту болды. Бұл жерден оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер орын алып отыр, яғни диалог арқылы оқыту, топбасшысын сайлаудағы пікір - талас.
Бүгін топ басшы Н болады, өйткені өткен сабақта А болды, ғой
Бүгін М болсын, өйткені ол да үйренсін - деген А оқушының ұсынысын , барлығы келісіп, топтық әңгіме құрды.
Келесі кезеңді үй тапсырмасын сұраудан бастадым. Мақсаты: өткен сабақты пысықтау және не білгенін түсіну. ойын арқылы оқушылар арасында қарым - қатынас орнату, ұяң балалардың бойындағы қорқыныш пен ұялшақтықтан арылту.
Бұл жерде оқушыға үй тапсырмасын <<Қағып ал да, жауап бер>> әдісі бойынша, допты серпи отырып, бір оқушыға лақтырамын, сол оқушы жауабын айтып келесі оқушыға лақтырады, ойын осылайша жалғас береді, балалар бір - біріне сұрақ қойды. Мысалы:
- Жыл мезгілдерін ата?
- Қазір қай мезгіл?
- Көктем айларын ата?
- Көктемнің нешінші айы?
- Не өзгерді? Неге? -деген сұрақтар бойынша оқушылар жауап іздеді.
Олар мұндай ойын түрін көрменгендіктен, ұялшақтық танытты. Өзімнің шақыруым арқылы сыныптағы орташа оқитын оқушым Аоқушымды шақырдым. Бұл тапсырманы орындау барысында сұрақ қойған, допты қағып алған оқушы жауап бере алмаса, өзі жауап беру керектігін түсіндірдім. Балалар сұрақ қоюға асығыс үстінде болды. Келесі шақырған оқушым сыныптағы нашар оқитын оқушы М оқушы еді. Ол берілген сұрақтарға өзінің шамасы келгенше белсенділік танытып, яғни сабаққа қызығушылығы бар екенін көрсетіп, сәл де болса ойын жүйелеп жауап берді. Бұл жерде айта кететінім жас ерекшеліктеріне сәйкес модулы өзінен өзі көрініс тауып отыр, себебі А оқушының жауап беруі М оқушыға салыстыра қарағанда жауабы дәлелді, ойы жинақы, сабаққа белсенді өйткені ол қыз бала, ал М оқушы бірден сабаққа кірісіп кете алмады, себебі ойындағысын айтқысы келеді, бірақ тілі қысқа, яғни Аоқушы; Жыл мезгілдері төртеу,қыс, жаз, көктем, күз деп жауап берсе, М оқушы қазір көктем мезгілі деп қысқа жауап айтты. Джером Брунер жаңалық ашу арқылы оқу маңыздылығын атап көрсетіп, ақыл ой үдерісінің оқытумен өзара байланысу мүмкіндіктерін зерттеген,яғни балалардың белсенді қатысуын атап өтеді, тіпті бастауыш мектеп жасындағы балалар оқу мен даму үшін бастамашылық етеді деп сендірді.(МАН,77 бет)
Әр топтан шыққан оқушылар бір - біріне сұрақ қойып жауаптар алынды. Оқушыларда сұраққа жауап беріп жатты.Мысалы: Айзада - көктем жыл мезгілі, Н оқушы - қазір көктем мезгілі, Н оқушы көктем айларын атап өтті, мені таңқалдырған Ә оқушы болды, ол ұялшақ, көп сөйлемейтін, сабақ сұрасаң жылап қоя беретін бала еді ол - ,көктемде менің туған күнім, сондықтан мен көктемді жақсы көремін - деді. Мен осы баланың бойында өзгерісті байқадым, яғни ол аз болсада ойын айтуға тырысып, жолдастарның алдында өзін жақсы жағынан көрсетіп, мен де жауап бере аламын дегендей көздерінен күлімдегенін, бойынан ынтасын байқадым. Ендеше осындай әдіс - тәсілдерді қолдану, оқушылардың белсенділігін, сенімін,талпынысын, өздеріндегі білімді еркін көрсетуі бір-біріне көмегі,топ алдындағы жауапкершілігін түсінуі білуге деген құштарлығын арттырды. Нәтижесі бірінші сабаққа қарағанда сұрақтары жүйелі, әрі аз болса да, нақтылана түскенін байқадым. Ендеше, келешекте балаларды қызықтыратын тапсырамалар қолдансам, үлгерімі төмен оқушыларымның белсенді болуына, ойын ашық айтуға дағдыланады деп, ой түйдім.
Бұл жерде Барнс (1971)сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқытудың мұғалімді селқос тындағанда емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті.(МАН 39 бет) Әрине кедергі болмады деп, айта алмаймын, балалардың ұяңдығы, бойларындағы қорқынышы, өздеріне деген сенімсіздігі, ойларын ашық айта алмауы, мені ойландырды, осы кедергілерден шығу үшін балаларды қызықтыратындай басқа әдіс - тәсілдерді қолдануым керек.
Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындауда оқушылардың өздері анықтай алатындай мүмкіндік жасауға тырыстым және оқушыларымның сыни тұрғыда не ойлайтынын, не білетінін және нені жасай алатынын, нені жақсы көретінін , не істегісі келетінін түсіну еді, сондықтан мен сабағымды сұрақ қоюдан бастадым. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады,себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп,оны жақсарта және кеңейте алады.(Мұғалімге арналған Нұсқаулық 41 - бет)
- Қалай ойлайсыңдар, <<Ұзынсары>>дегеніміз не?
- Ұзынсарыны неге көктем маусымы? , деп атайды, осыған сіз мысал келтіре аласыздар ма ? -деген проблемалық сұрақтар қойып, ал қанеки ойланыңдаршы ,деп балаларға бағыт бердім. Менің Аида деген оқушым, ол орташа оқиды жасы әлі алты да, <<Ұзынсары>> ол көктем мезгілі. - деді. Бұл жерде мені таңқалдырғаны, Ернұр деген оқушым - <<Ұзынсары>> деген кісіні, үйде әжем ертең <<Ұзынсары>> келеді деп, күнде қонаққа күтеді, ендеше ол кім?- екен деп қайта бағыттау сұрағын қойды, яғни, бұл жерде бала өзінің білгісі келетінін, білу үшін сыныптастарына жүгінді,яғни бұл жерде Выготскидің ЖАДА орын алды. Ал, Нурислам қазақ тіліне шорқақ,
ана тілінде еркін сөйлей алмайтын оқушым,өз тобынан шығып, Ұзынсары деген ұзын, сары киім киген адам деп, бірден ойланбастан жауап берді.
Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білім деңгейлерін тексеру үшін ғана емес, оларға өз ойларын анық жеткізуге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдаланады.(МАН 42б). Осы жерде айта кететінім Нурисламның өзгергенін, бойында сабаққа деген талпынысы, ынтасы бар екенін байқадым, ол көп сөйлемейтін, тек жазбаша жұмыстарды ғана орындап, отыратын бала еді.Сондықтан осы бағдарлама бойынша модульдердің ықпалыма деген ой түйдім, келешекте осы Ә,Н,сияқты үлгерімі төмен, есте сақтау қабілеті нашар, қабылдауы нашар балаларға мейірімділік пен қолдау көрсетсек, олардың бойында сенімділік болар еді деймін.
Балалар айтыңдаршы бүгін неге ұзынсары туралы көп айтып жатырмыз, ендеше бүгінгі тақырыбымыз неге байланысты? - деп сұрақ қойдым. Балалар бірден ұзынсары туралы деп хормен жауап берді.
Өйткені, бұл жерде сыни тұрғыдан ойлауды үйрету модулі көрініс тапты.

Келесі тапсырмам оқулықпен жұмыс болды мақсатым, яғни, жас ерекшелігіне қарай оқушыларға деңгейлеп <<Ұзынсары>> мәтінін оқу және мазмұнын талқылау, себебі, талданбаған мәтін бала жүрегіне жетіп оны ойландырмайды.
Әр оқушы жеке-жеке, жұппен, жаңа тақырыпты оқыды, бір-біріне түсіндіру арқылы жұмыс істеді, талқылады, түсінгендерін қорытынды жасай білді. Оқи отырып <<түртіп алу>> тәсілі арқылы жеке жұмыста таныс емес сөздерді белгілеп отырып, мағынасын түсінді. Оқушылардың мәтінді қаншалықты меңгергендерін білу мақсатында <<Өз жартыңды тап>> ойынын ұйымдастырдым. Жұп карточкалар дайындалды: Біреуінде - Сс әрпі,Сыбаға екіншісінде - сөзін буынға бөлуге,
Карточкалардың түсі бірдей болады. Оқушылар кез келген түсті карточканы (әрқайсысы - біреуін) таңдайды.Содан кейін оның түсі бойынша өзіне серік іздеп, бірге отырып жұмыс істейді. Бұл жұптық жұмыстың нәтижесінде оқуышлар жұпта өз ойын айтуға, және талқылауға ,бір жұп екінші жұптарды тыңдауға, уақытты ұтымды пайдалануды үйренді. Оқушылардың ой ұшқырлықтарын дамыту барысында жұптарға сөздерді бөліп бердім.
-1 топ К әрпі, Керме деген сөзге сөйлем құрауды ,
- 2 топ С әрпі,Сыбаға сөзін буынға бөлуге,
- 3 топ - Е әрпі, Ежелгі деген сөздің мағынасын жаздырдым және түсіндіріп кетулерін сұрадым. Осы жұптық жұмыс барысында байқағаным; менің Д оқушым, Ә оқушыма түсіндіріп жатқаны мені қатты таңқалдырды, өйткені Д оқушым ешкіммен араласпайтын, дәстүрлі сабақтарымда жалғыз өзі, ең артқы партада отыратын, оның дамуында психикалық тежелуі бар, осыған дейін ол Д - ға мен мән бермейтінмін, осы тәжірибемде ол балаға жылулық танытып, оның жан дүниесін түсінуге әрекет жасадым.Осы тапсырмада, олар бірлесе кітаптан таныс емес сөздерді тауып, Д оқушы олар мына сөздер, ал енді мағынасын сен оқы деген ұсыныстар айтыл дәптерге көшіртіп жазды, жұмыс жасау барысында оқушы мен оқушы арасындағы диалогтік әңгіме орын алды. Осыдан мұғалімнің шыдамдылығы мен икемділігі, баланың жан дүниесін түсіне білуі, оқушыда белгілі бір жауапкершілікті оятатынын ұқтым және сыни ойлау модульі осы жерде көрініс тапты, себебі әр түрлі көзқарастар мен әр баланың сыни ойлауына бағдар беріліп отырды.

<<Диалогтік оқыту>> оқушылардың өзара сұхбаттасуы, мұғалім мен оқушының арасындағы диалог оқушының ой - пікірін жүйелі жеткізе білуіне, дамуына көп көмектеседі. <<Қалай оқу керектігін үйрету>> оқушылардың өз бетінше білім алуы мен жауапкершілікті сезіне білуге дағдыландырады.(МАН 12 бет)
Келесі қорыту кезеңге. оқушылардың жоғары деңгейде ойлауын дамытуға және өз бетінше жеке дамуына мүмкіндік беру мақсатында Ұлыстың ұлы күніне немесе Ұзынсары күніне шығармашылық тапсырма берілді.
1 - топ наурыз туралы сурет салды.
2 - топ ұлттық ойындар; біз қазақша күресті көрсетеміз деп ортаға шықты, қол сынасты.
3 - топ ;наурыз тойы өлеңін оқып, бір оқушы атасы үйреткен батасын айтып берді

Топтар бірін - бірі, алдағы уақытта тағы да ынталануы үшін қол соғу әдісімен ауызша марапаттап отырды. Осы тапсырмаларды оқушыларға орындату барысында байқағаным олардың зейіні, қабылдауы, есте сақтау бірдей деңгейде еместігі. Ендеше бүгінгі сабағымыз Сыныптағы жасы кіші оқушылар көбіне менің жетектеуімді қажет етіп отырды. Бұл жерде Выготский <<ЖАДА>> оқушы дамытатын дағды мен қабілеттер, өз бетімен жұмыс жасай алмайтын тапсырмалар көлемі айқындайды. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек. Бұл қолдау қарым - қатынасты қамтиды және оқытудың негізгі құралы деп есептейді.( МАН, 39б).
Бұл іс-әрекеттен кейін, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауға біршама дағдыланып қалғандарын байқадым ,яғни сыни түрғыдан ойлау үдерістері тақырыпты толықтай ашып, оқушылардың жұмыс жасауына, дәлелдерді сыни тұрғыдан талдауы мен бағалауына әсер етіп өзіндік жинақталған қорытындылар айтып, біріккен шешімдерінінің түйіндерін жеткізе білуге жағдай туғызады деймін. Балалардың сабақ үстінде тез шаршайтындығын байқап сергіту жаттығуын сабақ басында және сабақ ортасында жиі қолдануыма тура келді. Сабағымда мынадай сергіту сәттерін << Қара жорға>> , <<Буги, веги>> биін , қолдана отырып, балалардың көңіл - күйін реттеуге, сабаққа деген қызығушылығын арттыруға, ынталандыру мақсатында орындатып байқап отырдым.
Сонымен қатар Флейвелл мен оның әріптестері(1995) метасана қабілеті жасқа байланысты өзгереді және жасы үлкеніріек балалар метакогнитвтік ақпаратты көптеген мөлшерде игергендіктен олардың үлгерімі жоғарырақ деп тұжырымдаған.(МАН 80 бет)
Сабақта әр тапсырмадан кейін,балардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытуда ескере отырып, <<Бармақ>>, <<Шапалақтау>>, <<Бағдаршам>> әдістері бойынша , өзін - өзі бағалауға <<Блоб>> ағашын алдым.
Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізгенде, оқушылар белсенді қатысуы керек және талпынғандар ғана білім ала алады деген, Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыста алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеуі қажет. (МАН, 58бет)
Caбaқтың coңындa нe ұнaды, нe бiлдiм, нe қиын бoлды дeгeн cұpaқтapды бacшылыққc aлa oтыpып oқyшылapғa peфлeксия жaздыpдым

Қорыта келе айтқанда модульдердің оқушыларға сапалы білім беруге тигізер әсері жоғары,яғни сабақ барысында аз болса да үйренгеніміз: жұптасып шағын топтармен жұмыс жасауы,оқушының қызығушылығының артуы, белсенділік танытулары, өздерін еркін ұстауы, бір - бірімен пікірлесіп ашық ойларын айтуы, сыни тұрғыдан ойлауы.
Келешекте кіріктірілмеген модульдерді, яғни АКТ- ны, басқару мен көшбасшы , талант және дарындылық модульдерін кіріктіріп тапсырмаларды түрлендіріп отыруды, топтық жұмыстарды сабақтарымда әр уақытта пайдалануды, өзін, топты бағалауды жетілдіруді, сабақтарымда модулдерді қолдана отырып, алатын тапсырмаларымды бағыттап,кемшіліктерді болдырмауға және осы модульдерді қолдану арқылы оқушыларды дамытуға алдыма мақсат қойдым. Бағалаудың мазмұнын, түрлерін жүйелеп семинарларға, мастер кластарға қатыса отырып түсінбегенімді түсінуге мақсат қойдым.
Ocы үш aйлық кypcқa кeлгeнiмe де қyaндым, өзiмнiң өзгepгeнiмдi де байқадым, oқyшылapымның өзгepгeнiн де бaйқaдым.

Қолданылған әдебиеттер: Мұғалімге арналған нұсқаулық 2012ж
.

Ұқсас жұмыстар
Наурыздағы тілек
Ө.Ақыпбеков Наурыз-жыл басы
Нұрқасым Қазыбеков.Наурыз көже
Ұзынсары
Сабақтың ұйымдастыру кезеңіндегі жаңалық дәстүрлі сабақта
Құрметті оқушылар. Сабақтың тақырыбы
Ынтымағы жарасқан отбасы
Қош келдің, наурыз Қазақ халық дәстүрін дамыту
Наурыз – думан жайлы ақпарат
Құтты болсын мереке, Болсын думан береке
Пәндер