Паскаль - программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері. Тілдің алфавиті.

Сабақтың тақырыбы : Паскаль - программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері. Тілдің алфавиті. .

Сабақтың мақсаттары:

а) білімдік: Оқушыларды Паскаль - программалау тілімен, паскаль тілінің негізгі элементтері және тілдің алфавиті таныстыру .

ә) тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге және уақытты үнемдеуге тәрбиелеу

б) дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін және логикасын дамыту

Мақсаты: Pascal тілі туралы бірінші мәліметтерді қалыптастыру. Мәліметтердің әр түрлі типтерімен, арифметикалық амалдармен және негізгі математикалық функциялармен танысу. Математикалық өрнектердің Pascal тілінде жазылу дағдысын қалыптастыру.

Міндеті: Pascal тілінде программалау құрылымы туралы алғашқы мәліметтерді қалыптастыру. Алгоритмдерді өңдеу және Pascal тілінде мәтіндік редакторында жұмыс істеу дағдысы мен біліктілігін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Әрқандай мәселеге сыни тұрғыдан қарауға үйренеді;
  • Еркін ойлайды;
  • Жан-жақты ізденеді;
  • Тіл байлығы дамиды;
  • Белсенділігі асады
  • Шығармашылықпен жұмыс жасауы артады;
  • Бір-бірін тыңдау, сөйлеу мәдениеті қалыптасады

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілдері: СТО стратегиялары; Блум таксаномиясы, бес жолды өлең, INSERT, RAFT, Эссе, Венн диаграммасы

Көрнекіліктері: түсті маркерлерлер, бағалау парағы, а - 4 форматтар

Сабақта қолданылатын құрал: интерактивті тақта, компьютер

Сабақтың барысы:

  1. Психологиялық ұйымдастыру кезеңі:• Бүкіл сынып қол ұстасып, бір - біріне іштей тілек тілейді.• Сабақтың мақсаты, міндеті баяндау.• Бағалаушысын сайлау
  2. Қызығушылығын ояту кезеңі:
  • Блум таксаномиясы бойынша сұрақтар
  1. Алгоритмен программаның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
  2. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
  3. Тармақталған алгоритм дегеніміз не?
  4. Циклдық алгоритм дегеніміз не?
  5. Құрама командалар құрылымдары?
  6. Компьютерде есеп шығару кезеңдері?
  • Венн диаграммасы

C:\Users\Marlen Koshimbayev\Desktop\Untitled-1.png

Айырмашылығы

Программалау тілі

Алгоритмдік тіл

  1. Мағынаны тану кезеңі:• Сабақтың тақырыбын бір оқушыға оқыту.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Паскаль тілі 1968-1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып -үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде үсынған. АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тілдеріне қарағанда жетілдірілген, жұмыс істеуі ыңғайлы тіл, қарапайымдылығының арқасында дүние жүзіне тез тараған.

Бұл тілде жазылған программа алдымен трансляцияланады(машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады. Компьютерде осы уақытта екі нұсқасы болады:

  1. алгоритмдік тілдегі алғашқы түпнұсқасы;
  2. объектік кодтағы жазылған программа.

Паскаль тілінің негізгі элементтері

Белгілі бір мәселені және есептер шығаруға арналған. Есеп шығару барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, олардың қалай өңделетінлігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға шығарылатыны айтылады.

Программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Олар теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Бір жолда бір-бірнеше команда немесе оператар орналаса алады, олардың арасы нүкте үтір(; ) арқылы ажыратылады. Бірақ бір жолда бір оператардың түрғаны дұрыс, себебі түзетуге жеңіл және ыңғайлы.

Паскаль тіліндігі программа үш бөліктен тұрады: тақырып , сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі .

Кез келген программа PROGRAM сөзінен басталып, оның тақырыбы жазылады. Одан кейін сипаттау бөлімі жазылады, онда программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктен тұруы мүмкін.

Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі. Осы бөлімде іс-әрекет, командолар бөлімі орындалады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, end түйінді сөзімен аяқталады.

Операторлар: шартқа, қайталанатын цикл немесе қосымша программа(подпрограмма, процедура) түрінде орындалады.

Дерек енгізу - бастапқы деректерді пернетақтадан, дискіден немесе енгізу-шығару порттарынан енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Операциялар немесе амалдар - берілген және есептелген мәндерді меншіктеу, соларды өңдеу, салыстыру операцияларын орындайды.

Нәтиже алу (шығару) - аралық немесе қорытынды мәліметтерді экранға, дискіге немесе енгізу-шығару порттарына жазу.

Шартты түрде атқарылу - белгілі бір көрсетілген шарттың орындалуына байланысты (ақиқат болса), командалар жиыны атқарылады, әйтпесе олар аттап өтіледі немесе басқа командалар жиыны орындалады.

Цикл - белгілі бір шарттар орындалған (кейде егер орындалмаса) жағдайда көрсетілген командалар жиыны бірнеше рет қайталанып атқарылады. Қайталау саны бүтін санмен беріледі.

Көмекші программа - алдын ала қандай да бір атаумен аталған командалар тобы. Олар программаның кез келген жерінен оның атауын көрсету арқылы шақырылып атқарыла береді.

Түсініктеме - программа жолдары соңында немесе оның түйінді сөздері арасында қазақша (орысша) түсінік беретін пішінді жақшаға алынып жазылған сөз тіркестері. Олар программа операторларының орындалуына ешқандай әсер етпейді.

Тіл алфавиті

Программаның элементтерін құруда тілдің алфавиті символдар жиынынан тұрады. Тіл ерекшеліктеріне қарай символдар тобын бірнеше топқа бөлуге болады: атаулар (идентификатор) ; цифрлар ; айыру белгілері ; арнайы символдар .

Атаулар символдары: 26 латын алфавиті(бас және кіші әріптері) .

Цифрлар : ондық цифр(1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9) және оналтылық цифрлар(ондық цифр және A-дан F-қа дейінгі латын әріптері) .

Айыру белгілері : бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілер, ENTER және түсініктемелер жатады. Айыру белгілері атауларды, сандарды мағыналарына сәйкес арнаулы қызмет атқаратын түйінді сөздерді бір-бірінен бөліп тұрады. Түсініктеме {және} немесе (*және*) белгілермен қоршалып, ішіне жазылады, олар бір немесе бірнеше жолдардан тұруы мүмкін.

Айыру белгілері : _(бос орын) ; , (үтір) ; . (нүкте) ; : (қос нүкте) ; ; (нүкте үтір) ; ‘ (апостроф) ; (, ) ; [, ] ; {, }.

Пунктуация белгілерінің атқаратын қызметі

Белгілер
Атқаратын міндеттері
Белгілер: {және} немесе (*және*)
Атқаратын міндеттері: Түсініктеме мәліметтерді жақшамен беру
Белгілер: [және]
Атқаратын міндеттері: Жиын элементтерінің индекстерін және жолдың ұзындығын көрсету белгілері
Белгілер: (және)
Атқаратын міндеттері: Өрнектерді және параметрлер тізімін бөліп көрсету белгілері
Белгілер: ‘ (апостроф)
Атқаратын міндеттері: Символдың және тіркестік тұрақтыларды белгілеу таңбасы
Белгілер: := меншіктеу
Атқаратын міндеттері: Айнымалыларға немесе типі көрсетілген тұрақтыларға мән беру, яғни меншіктеу белгісі
Белгілер: ; (нүкте үтір)
Атқаратын міндеттері: Операторларды бір-бірінен ажырату белгісі
Белгілер: : (қос нүкте)
Атқаратын міндеттері: Объектілерді типтерге ажырату және операторларға белгі салу таңбасы
Белгілер: = (теңдік)
Атқаратын міндеттері: Тұрақтылардың мәнін көрсету және салыстыру белгісі
Белгілер: , (үтір)
Атқаратын міндеттері: Тізімдегі элементтерді бір-бірінен бөліп көрсету
Белгілер: . . (екі нүкте)
Атқаратын міндеттері: Диапазонның шекарасын көрсету
Белгілер: . (нүкте)
Атқаратын міндеттері: Программаның соңын белгілеу, санның бүтін және бөлшек бөліктерін ажырату белгісі
Белгілер: @
Атқаратын міндеттері: Айнымалылардың, типі көрсетілген тұрақтылардың адрестерін белгілеу
Белгілер: # (нөмір белгісі)
Атқаратын міндеттері: Символды коды бойынша белгілеу
Белгілер: $ (ақша белгісі)
Атқаратын міндеттері: Компилятор директивасын немесе он алтылық сан белгісін көрсету

Арнайы символдар ға пунктуация және арифметикалық операция(амалдар) белгілері жатады.

Арифметикалық амалдар : (+) қосу, (-) алу, (*) көбейту, (/) бөлу

DIV - бүтін бөлу(мыс: 10 DIV 3 - нәтиже 3) ;

MOD - қалдықты табу(мыс: 10 MOD 3 - нәтиже 1) .

Логикалық амалдар :

AND - және(логикалық көбейту) ;

OR - немесе( логикалық қосу) ;

NOT - емес(терістеу немесе жоққа шығару) ;

XOR -арифметикалықнемесе;

SHL - биттер(1 мен 0-дер) тіркесін солға ығыстыру;

SHR - биттер(1 мен 0-дер) тіркесін оңға ығыстыру.

Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері:

=(тең), <>(тең емес), <(кіші), >(үлкен), < =(үлкен емес, ≤ таңбасының орнына), > =(кіші емес, ≥ таңбасының орнына) .

Әрбір символдың өзінің реттік нөміріне сәйкес белгіленген коды болады, ол мемлекеттік стандарт түрінде бекітілген.

Паскаль тіліндегі түйінді сөздер үш топқа бөлуге болады: қордағы(резервтегі) сөздер, стандартты атаулар немесе идентификаторлар, бейстандарт идентификаторлар.

Паскаль тілінің дербес компьютерге арналған нұсқасының қордағы сөздері

absolute
абсолюттік
label
белгі
absolute: and
абсолюттік: логикалық ЖӘНЕ
label: library
белгі: кітапхана
absolute: array
абсолюттік: жиым (массив)
label: mod
белгі: бөліндінің қалдығы
absolute: asm
абсолюттік: ассемблер
label: nil
белгі: болмау (бос болу)
absolute: begin
абсолюттік: блок басы
label: not
белгі: Логикалық ЕМЕС
absolute: case
абсолюттік: нұсқа (вариант)
label: or
белгі: логикалық НЕМЕСЕ
absolute: const
абсолюттік: тұрақты (константа)
label: of
белгі: одан (-дан, -ден, -тан, -тен)
absolute: constructor
абсолюттік: конструктор
label: object
белгі: объект
absolute: div
абсолюттік: бүтін бөлу
label: packed
белгі: тығыздалған
absolute: go to
абсолюттік: ауысу (көшу)
label: Procedure
белгі: процедура
absolute: do
абсолюттік: орындау, атқару
label: program
белгі: программа
absolute: downto
абсолюттік: кішірейту
label: record
белгі: жзазба
absolute: destructor
абсолюттік: деструктор (бұзушы)
label: repeat
белгі: қайталау
absolute: else
абсолюттік: әйтпесе
label: set
белгі: жиын
absolute: end
абсолюттік: блок соңы
label: shl
белгі: биттерді солға ығыстыру
absolute: exports
абсолюттік: экспорт (жіберу)
label: shr
белгі: биттерді оңға ығыстыру
absolute: external
абсолюттік: сыртқы
label: string
белгі: қатар (жол)
absolute: file
абсолюттік: файл
label: then
белгі: онда
absolute: for
абсолюттік: үшін
label: to
белгі: үлкейту
absolute: forward
абсолюттік: алдындағы
label: type
белгі: тип (түр)
absolute: function
абсолюттік: функция
label: unit
белгі: модуль
absolute: if
абсолюттік: егер
label: until
белгі: дйін (шейін)
absolute: implementation
абсолюттік: жүзеге (іске) асыру
label: uses
белгі: пйдалану
absolute: in
абсолюттік: ішіндегі (ішіне ену)
label: var
белгі: анымалы
absolute: inline
абсолюттік: негізгі
label: while
белгі: әзірше, болмайынша
absolute: interrupt
абсолюттік: кідірту (үзу)
label: with
белгі: -дан, -ден, -тан, -тен
absolute: interface
абсолюттік: интерфейс
label: xor
белгі: аып тасталынған
absolute: inherited
абсолюттік: мұралау (қабылдау)
label:
белгі:

Ұқсас жұмыстар
Программалау тiлi. тiлдiң алфавитi. программалау тiлiнде алгоритм жазу ережесi
Шығару операторы
Паскаль тілінің алфавиті
Файл және оны баптау
Тілдің алфавиті
Мәліметтер типі. Өрнек. Айнымалылар
Паскаль-программалау тілі, жоспар, 9-класс
Санның квадраты
Ақпаратты сығу программалары
Программалау тілінің синтаксисі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz