1-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Қадыр Мырза Әлидің Қыс өлеңі арқылы жуан дауысты дыбыстарды оқытуда АКТ-ны интеграциялау

Сауат ашу

1 «Ә» сынып Омирбаева М. Р.

Сыныбы: 1 «Ә» Пәні: сауат ашу

Тақырыбы: жуан дауысты дыбыстар. Қадыр Мырза Әли «Қыс»

Мақсаты:Өлеңді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге және мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері: Білімділік: сөздегі дауысты дыбыстар санын анықтай отырып, жуан дауыстыларды ажырата білу, сұраққа дұрыс жауап беру дағдысы қалыптастыру. Дамытушылық: Сөздік қорларын, тілдерін дамыту. Жазу үлгісі арқылы таза, ұқыпты жазуға дағдыланады.

Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, әдептілікке, көркемділікке баулу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Көрнекілік интербелсенді тақта, таратпа қағаздар, түсті бояулар, постер

Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Іс-әрекет кезеңі:

Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

(оқушыларды жақсы, көтеріңкі көңіл күйге шақыру)

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Амандасу

Қолдарынын ұстап шеңбер бойында бір -бірлеріне бүгінгі күнге сәттілік тілеп тілек айту

Балалардың іс-әрекеті: Қимыл қозғалыспен көрсетеді.
Іс-әрекет кезеңі:

Үй тапсырмасын тексеру

«Өрмекші торы стратегиясы»

Өткен сабақты бекіту: «Мен саған, сен маған» стратегиясы

Тұсау кесер: «Миға шабуыл» әдісі

(слайдпен жұмыс)

Жаңа сабақ:

(слайдпен жұмыс)

Дәптермен жұмыс

Оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

Интербелсенді тақтамен жұмыс

Сабақты қорытындылау :

Бекіту

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Оратылған жіп арқылы оқушыларға бере отырып үй тапсырмасын тексеру. Мәтін бойынша сұрақ -жауап

Оқушыларға жұмсақ ойыншықты кезекпен -кезек лақтыра отырып өткен сабақты бекіту.

-Дыбыс дегеніміз не?

-дыбыстар нешеге бөлінеді?

-әріп дегеніміз не?

-дауысты дыбыстар қалай айтылады?

-дыбыстық талдау деген не?

Слайдқа назар аудара отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу. Сабақтың мақсатын құру.

Қадыр Мырза Әлидің портретін көрсетіп, шағын мағұлмат беріп жазушының өлеңімен таныстыру.

Мәнерлеп оқып беру. Оқушыларға тізбектеп оқыту, ызыңдап оқыту. Өлеңді сұрақ -жауап арқылы талдау.

Көркем жазу минуты:

Оо, ойын, боран сөздерін көркемжазу

Өлеңнің бірінші шумағын жазып, жуан дауысты дыбыстардың астын сызу

Музыкалық әуен арқылы қимыл қозғалыстар жасау

Интербелсенді тақтада берілген сурет бойынша жұмыс. Қысқы киімдердің аттарын жазып жуан дауысты дыбыстардың астын сызу.

Түсіп қалған әріпті тауып қандай дыбыс екенін ажырату.

Таратпа қағаздар, тест сұрақтары, сұрақ-жауап:

Бөлісейік.

Балалардың іс-әрекеті:

Оқушылар жіпті бір- бірлеріне бере отырып үй тапсырмасын айтады.

Балалар жұмсақ ойыншықты қағып ала отырып, сұрақтарға толық жауап беріп өткен сабақты бекітеді

Оқушылар слайдтағы әріптерді атай отырып қандай дыбыс екенін атап, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашып мақсатын құрады. Өткен сабақта сөздерден дауысты және дауыссыз дыбыстарды тауып ажыратсақ олай болса бүгінгі сабақтың тақырыбы сөздерден тек дауысты дыбыстарды тауып ажыратамыз деген

Оқушылар өлеңді тізбектеп оқиды және ызыңдап оқып шығады. Өленді сұрақ-жауап арқылы талдап өлеңде қай мезгіл суреттелгенін айтып өтеді.

Оқушылар дәптерлеріне берілген тапсырманы орындайды.

Өлеңнің бірінші шумағын оқып, жуан дауысты дыбыстарды табады.

Оқушылар интербелсенді тақтамен жұмыс жасайды. Берілген суреттердегі қысқы киімдердің аттарын жазып жуан дауысты дыбыстардың астын сызып талдайды.

Түсіп қалған әріпті тауып қандай дыбыс екенін айтады.

Сұрақ-жауап арқылы сабақты бекітеді. Өткен сабақта сөздерден дауысты және дауыссыз дыбыстарды тауып ажыратсақ олай болса бүгінгі сабақтың тақырыбы сөздерден тек дауысты дыбыстарды тауып ажыратамыздеген

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айтады.

Рефлексивті есеп

Жаңаша әдіс - тәсілдерді оқып үйрену - заман талабы. Жеті модуль кіріктірілген Кембридж бағдарламасы - Қазақстандық мұғалімдерге кәсіби біліктілігі мен педагогикалық тәжірибесін жетілдіру және бағалауға көмектесу деп білемін.

Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысы артады.

Сынып:1 «Ә» сынып

Тақырып: Жуан дауысты дыбыстар. Қадыр Мырза Әли «Қыс»

Өзімнің практикамды әртүрлі жастағы бастауыш сынып оқушыларына жүргізіп көргенімдей

Кембридж бағдарламасынының 7 модулінің бірі «Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер АҚТ -мен жұмыс» әдісітерін пайдалана отырып бірінші сыныптың оқушылары бұдан қандай нәтиже береді деген оймен іс-тәжірибемді бастап кеттім.

Алдымен оқушыларды жақсы, көтеріңкі көңіл күйге шақыру мақсатында қол ұстасып бір-бірлеріне сәттілік тілеп C:\Users\User\Desktop\фото кл час\DSCN1839.JPG шаттық шеңберіне тұрды.

C:\Users\User\Desktop\фото кл час\DSCN1847.JPG «Өрмекші торы» стратегиясы арқылы үй тапсырмасын сұрастырып өттім. Өткен сабақ «Мен саған, сен маған» әдіс-тәсілімен сұрақ-жауап арқылы бекітілді.


Ұқсас жұмыстар
Қадыр Мырза-Әлидің Жеті өлеңі бойынша сабақ жоспары
Қадыр Мырза-Әлидің Жеті өлеңі негізіндегі сабақ жоспары
Қадыр Мырза Әлідің Қазақ пен қонақ өлеңі бойынша сабақ жоспары
Қадыр Мырза Әлидің Кәрі қыран өлеңіне арналған ашық сабақ жоспары
Жуан дауысты дыбыстарды меңгерту: Ақ бұзау өлеңі негізінде өткізілген аралас сабақ
Жайықтың Қадыры: Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылығы
Қадыр Мырза Әлидің 80 жылдығына арналған бастауыш сыныптар арасындағы мәнерлеп оқу сайысы
8-сынып қазақ тілі сабағы: Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылығы
5-сынып әдебиеті пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар: Қадыр Мырза Әлидің Ана өлеңі (12.04.2014)
Сиыр өлеңі арқылы жуан дауыстыларды жетілдіруге арналған аралас сабақ жоспары (30-31 жаттығу)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz