Педагогтарға арналған жапсырудың дәстүрлі емес әдіс-тәсілдері: теория мен практика

Жапсырудың дәстүрлі емес әдіс - тәсілдерін қолдану

мастер - класс

1 - ші слайд:

Мақсаты:

Педагогтарға жапсырудың дәстүрлі емес түрлерімен таныстыру, түрлі құралдармен, тәсілдермен таныстыру. Эстетикалық сезімін дамыту. Түстердің алуандығын ұғыну. Дәстүрлі емес тәсілді пайдалану кезінде шығармашылығын дамыту. Жеке және ұжыммен жұмыс жасауды үйрету. Жұмысты соңына дейін аяқтауды үйрету. Қиялын, елестетуін, ойлауын, зейінін жетілдіру. Көру және саусақ маторикасын дамыту

2 - ші слайд:

Міндеттері:

Дәстүрлі емес бағдарламалармен педагогтарді таныстыру қосымша жүзеге асыру әдістері мен кезеңдерін көрсету үшін, тәжірибеде теориялық білімдерін бекіту.

3 - ші слайд:

Көрнекіліктер: алдын ала дәстүрлі емес тәсілмен жасалған суреттер

4 - ші слайд:

Керекті құралдар: тұқым, қауын, қарбыз, кәді және асқабақтың дәндері, жарма, шәй, үрме бұршақ, қара құріш, түрлі түсті қағаз, ПВА желімі, картон,

Қайшы, түрлі түсті акварель бояуы, ағашқа арналған лак, қылқалам,

5 - ші слайд:

Мастер - класс барысы:

Тәрбиеші:

Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Сіздерді көргеніме қуаныштымын, бүгін біз сіздермен қызықты және пайдалы уақыт өткіземіз деп үміттенемін.

Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Жапсырудың дәстүрлі емес әдіс - тәсілдері»

6 - ші слайд:

Сұрақ - жауап:

  1. Дәстүрлі әдіс тәсіл дегеніміз не?
  2. Дәстүрлі емес әдіс - тәсіл дегеніміз не?

Педагогтардың жауаптары:

7 - ші слайд:

Тәрбиеші:

«Жапсыру» атауы латынның «жабыстыру», «қиыстыру» деген сөзінен шыққан. Жапсыруды қолданылатын материалына қарай үшке бөліп қарастыруға болады.

Біріншісі - түрлі қағаздармен орындалатын аппликация.

Екіншісі - әр түрлі мата, киіз, тері, шүберек, т. б. қолданумен орындалатын жапсыру.

Үшіншісі - табиғи материал (сабан, ши, қамыс, макарон, т. б. ) қолдану арқылы орындалатын жапсыру.

Дәстүрлі емес әдіс-тәсіл түрлері: мөр басу, кляксография, монотипия, ылғал бетте сурет салу, май шаммен, түрту, нүктемен, саусақпен т. б.

Дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді пайдалану ойлау қабілеттерін, қиялын шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Дәстүрлі емес тәсілді пайдалану кезінде адамның анықтау, зерттеу қабілеті қалыптасады. Дәстүрлі емес әдіс адамға бейнелеу өнеріне деген мотивация лық қозғаушы күші болып табылады. Сонымен қатар адамның суретті соңына дейін «сала аламын ба» деген қорқыныштары кетеді. Дәстүрлі емес әдіс кезінде көру және саусақ маторикасы жақсы дамиды.

Мына слайдқа қарасаңыздар бұл жерде дәстүрлі емес әдіс тәсілмен жасалған бірнеше суреттер көрсетілген, осыларға қарап отырып өздеріңіз де ойларыңыздан әдемі бір компазиция жасаулырыңызға болады

8 - ші слайд:

  1. ші: Көбікті (паралон) қолдану: Көбікті алдын ала түсті бояумен бояу керек, содан соң оны кішкене кесектерге жырта отырып бір сурет жасауға болады.

(паралон) қолдану арқылы: (көбік түрлі түсті бояумен бояу. Содан кейін кішкене кесектерге жыртып жапсыру) .

9 - ші слайд:

  1. ші: Картонға балықтың бейнесін салып алып, балықтың денесін тарымен, шет - шетін шәймен безендіреді, аузын қызыл көбікпен жасайды

Қызықты жұмыс дәнді және тұқым түрлі пайдалана дайындалд

10 - ші слайд:

  1. ші: Түсті картонды алып оның шет - шетін үрме бұршақпен безендіріп

рамка жасаймыз, содан соң қайың діңі қосу және үкінің бейнесін қиып алып жапсырамыз, үкінің қанаттары мен басы шәймен, денесі укроптың тұқымымен безендірілген, қалпағы тарымен, тұмсығы үрме бұршақпен, қайын ағаш мәнимен жасалған жапсыру "Үкі", тұқым және жарма. Алдыменен үрме бұршақпен рамка жасап аламыз. Аппликацияның жекелеген фрагменттерін жазып-толтырамыз: қалпақтың ішкі жағын - жарма, сырты - тары; жан - жағынан қанаттары, құйрық және жетекшісі - шай;

11 - ші слайд:

Тәрбиеші: Құрметті әріптестер мына менің қолымдағы жеміс пен көкөністердің дәндерін қолдана отырып жасалған картина сіздерде алдырыңызда тұрған керекті құралдарды пайдалана отырып өз ойларыңыздан әдемі бір сурет жасауларыңызға болады.

Менің қолымдағы картинаның қалай жасалғанын мен сіздерге түсіндіре кетейін. Алдын ала керекті құралдардың бәрін дайындап аласыздар. Түймедақ гүлін жасау үшін алдыменен мына заттардан бастаймыз.

1-ші: Ақ қағазды алып өздеріңізге керек әр бір көлемдегі дөңгелектер қиып аласыздар.

2-ші: Қауынның дәндерін бір -біртіндеп алып қылқаламмен ПВА желімін кішкене жағып, дөңгелектін шетінен бастап жапсыра бастайсыз дар.

3-ші: Бір қабатын жапсырып болғаннан кейін, екінші қабатында солай жапсыра бересіздер

4-ші: Гүлдің ортасына келген кезде ПВА желімін кішкене құйып оған тары жапсырасыздар, осымен сіздердің бірінші Түймедақ гүлдеріңіз дайын болды.


Ұқсас жұмыстар
Педагог-психологтың ата-аналарға психологиялық кеңес беру: теория мен практика
Қазақстандағы ағылшын тілін оқытуда жобалық оқытуды қолдану: теория мен практика
Қыс ғажайыптары: мектепке дейінгі балаларға арналған дәстүрлі емес бейнелеу сабағы
Басып озу және қарама-қарсы жүріс ережелері: теория мен практика
Visual Basic 6.0 ортасындағы шартты операторлар (If…Then…Else): теория мен практика
Көбелектер әлемі: балаларға арналған түстер мен дәстүрлі емес бейнелеу іс-әрекеті
Күн шуағым - отбасым: отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға арналған дәстүрлі емес сабақ
Ойын элементтерімен дәстүрлі емес сабақ: Көпжасушалы жануарлардың тыныс алуы
Қазақ тілі мен әдебиеті: Көнерген сөздерді қайталау - дәстүрлі емес сабақ жоспары
Оқу жұмысын ұйымдастыру: сабақ формалары, талаптары, типтері және дәстүрлі емес түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz