Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Жалаң және жайылма сөйлем туралы

Пәннің аты: Қазақ тілі Сабақтың атауы: Жалаң және жайылма сөйлем Мақсаты: 1. Білімділік: Жалаң және жайылма сөйлем туралы білімдерін кеңейту. Сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Танымдық, шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, тілін ұщтау.
3. Тәрбиелік: Шапшаңдыққа және уақытты үнемді пайдалануға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: саяхат сабақ. Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік. Сабақтың формасы: жекелей, топпен. Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану. Сабақтың көрнекілігі: сиқырлы сандар, қақпалар, ойын, сызба.
Психологиялық ахуал -Балалар, сендер өздеріңді жақсы көресіңдер ма? -Бір-біріңді жақсы көресіңдер ма? Ендеше бір-бірімізге деген жылы лебізімізді білдірейікші. Бір-біріне жылы лебіздерін білдірген соң бәріне сабақта сәттілік тілеймін. Сабақта әр дұрыс жауапқа фишка таратылатынын, сосын сабақ соңында фишка санына байланысты бағаланатындарын хабарлау.
Қызығушылықты ояту <<Сиқырлы сандар>> ойыны. Буындар сандармен жабулы тұрады. Сұрақатарға жауап беру арқылы сандарды біртіндеп ашамыз. (Сұрақтар алдын ала үнтаспаға жазылған)
1. Сөйлемнің қандай мүшелері бар?
2. Тұрлаулы мүшелерге не жатады?
3. Тұрлаусыз мүшелерге не жатады?
4. Бастауыш дегеніміз не?
5. Баяндауыш дегеніміз не?
6. Жай сөйлемнің қандай түрлері бар?
7. Жалаң сөйлем деген не?
8. Жайылма сөйлем деген не?
Жаңа материалмен жұмыс а) оқулықпен жұмыс ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу. Сөздік диктант: Шаңырақ, аптығу, даяшы, саябақ, қою, еңбек, сымбатты, қарапайым. Тапсырма: 2-3 сөзді қатыстырып жалаң және жайылма сөйлем құрастыру.
115-жаттығу. Үш сөзден құралған жайылма сөйлемдерге керекті сын есімдерді қосып, төрт сөзден құралған жайылма сөйлемдерге айналдырып жаз: Оқушылар озат шопанмен кездесті. Жарыс үлкен залда өтті. Жас балықшылар көлге жақындады. Қатты гүріл алыстан естілді.
116-жаттығу. Ребусты шешу. Шыққан мақалды сөйлем түрлеріне және сөйлем мүшелеріне талдау: Ерді намыс өлтірер.
Шығармашылық тапсырма. 117-жаттығу. Суретке қарап, әңгіме құрастыру. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді тиісті сызықтарымен белгілеу.
120-жаттығу. Сөздерді толықтыру (ауызша)
Сергіту сәті Балалар, орындыққа дұрыстап отырып, қолымызды санымызға қоямыз, көзді жұмып, бұлшық етті бос ұстаймыз.
oo Мен ыңғайлы орналасамын.
oo Ешқайда асықпаймын.
oo Ақырын және баппен рақаттанып дем аламын.
oo Мен тынышталамын.
oo Мен тынышпын, маған өте жақсы.
oo Денемнің барлық жері тыныш.
oo Қолым босаңсиды.
oo Бүкіл денем тыныш.
oo Денеме өте жағымды және ыңғайлы, ол дем алады.
oo Мен жақсы дем алдым.
oo Қолдан, аяқтан бүкіл денемнен ауырлық сезімі арылды.
oo Басым дем алған және сергек.
oo Өзімді жақсы сезінемін.
oo Ақырын көзімді ашамын.
Ой толғаныс Ойын: <<Кім көп біледі?>> Ережелер әлемі.
1. Сөйлемнің түрін ата?
2. Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
3. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?
4. Тұрлаулы мүше дегеніміз не?
5. Тұрлаусыз мүше дегеніміз не?
6. Сөз таптарын ата?
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу минуты. Талдау практикалық әдісі. а) Сөз құрамын талдау: Мұнайшы, өнерпаз, еріншек, кітаптар; ә) Сөйлем түрін, тыныс белгісін анықтау: Қоңырау соғылды ма. Айдана әдемі жазды. Табиғат қандай тамаша. б) Сөйлем мүшесіне талдау: Қыс түсті. Жапалақтап қар жауды. Электрондық оқулық: ережемен танысу Бастауыш пен баяндауыштан жасалған сөйлемді жалаң сөйлем деп айтамыз. Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем деп айтамыз.
Үйге тапсырма. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. Күнделіктеріне жазып беремін.
Бағалау. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс. Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады.

Ұқсас жұмыстар
Жалаң және жайылма сөйлемдер. 8 сынып
Жалаң және жайылма сөйлем .Сөйлемнің жалаң және жайылма түрлері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау
Жалаң сөйлем
Тұрлаулы мүше
Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыр
Жалаң және жайылма сөйлем. 3 сынып
Жалаң сөйлемдер Жайылма сөйлемдер
Жайылма сөйлем
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдыру
Пәндер