Дене шынықтыру сабағында Волейбол ойынның тәрбиелік мәні

Ақтөбе облысы,

Темір ауданы

№2 Шұбарқұдық қазақ-орыс орта мектебінің

дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі

Ыңғаев Сағынтай Асылбекұлы

Сабақтың тақырыбы: Дене шынықтыру сабағында «Волейбол» ойынның тәрбиелік мәні

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды волейбол ойынына қызықтыру.

Оқушыларды топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: оқыту сабағы.

Өтетін орны: спорт зал

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: волейбол доптары, сетка, ысқырық, кадоскоп, слайдтар.

р/с
Сабақтың мазмұны
уақыты
Әдістемелік нұсқаулар
р/с: І. Дайындық бөлімі 10-15 мин
р/с: 1
Сабақтың мазмұны: Сапқа тұру, рапорт беру
уақыты: 1’-2’
Әдістемелік нұсқаулар:
р/с: 2
Сабақтың мазмұны: Сабақтың мақсатын түсіндіру
уақыты: 1’
Әдістемелік нұсқаулар: Сабақтың мақсатын түсінікті етіп баяндау, техника қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
р/с: 3
Сабақтың мазмұны: Залды айналып жүргенде бір лектен екі, үш, төрт лекке кайта сапка тұру.
уақыты: 1’
Әдістемелік нұсқаулар: Жаттығулар саптық жарлығының талабына сәйкес өткізеді.
р/с: 4
Сабақтың мазмұны:

а) Қолды белге қойып аяқтың ұшымен

ә) Қолды желкеге аяқтың өкшесімен жүру

б) Қолды белге аяқтың сыртымен жүру

в) Қолды белге аяқтың ішімен жүру

г) Қолды белге жартылай отырып, толық отырып жүру.

уақыты: 2’-3’
Әдістемелік нұсқаулар: Денені, түзу ұстап, басты көтере, белді түзу ұстап жүру.
р/с: 5
Сабақтың мазмұны:

Жүгіру жаттығулары

а) Қолды созып, тізені жоғары көтере

ә) Қолды жамбасқа қойып, аяқты артқа серпе

б) Сол иықтан алға қарап

уақыты: 2’-3’
Әдістемелік нұсқаулар:

Еркін демалып, бір қалыпта жүгіру

Тек сол иықпен қарап алға жүгіру.

Әрбір жаттығуда талапқа сай әдемілеп орындау.

р/с: 6
Сабақтың мазмұны:

Қозғалыстағы жаттығулар

а) Сол қол жоғарыда, оң қол төменде, қолдарды серпиартқа. 1-2 сол қол жоғарыда, 3-4 оң қол

ә) Б. Қ. қол иықта 1-2 қолды алдыға айналдырамыз, 3-4 қолды артқа айналдырамыз

б) Б. Қ. саусақтарды айқастырамыз 1-2 алдыға айналдырамыз, 3-4 артқа айналдырамыз.

в) Б. Қ. қол кеудеде 1-2 бүгілген қол артта, 3-4 ашылған қол артқа серпе қозғау

уақыты:

8-10р

6-8 р

6-8 р

8-10 р

Әдістемелік нұсқаулар: Денені түзу ұстап, қолды иықтың деңгейінде ұстау
р/с: 7
Сабақтың мазмұны:

Орында орындалатын жаттығулар

а) Б. Қ. қол алда, аяқ иық деңгейінде1-4 қолды қайшылау

ә) Б. Қ. қол желкеде 1- кеудені солға бұру, 2-кеудені оңға бұру. 3-4 қайталау.

б) Б. Қ. қол алда, аяқ иық деңгейінде 1-отыру, 2- Б. Қ. 3-4 қайталау.

в) Б. Қ. қол белде, аяқ иық деңгейінде 1-2 белді солға айналдыру, 3-4 белді оңға айналдыру

г) Орында секіру

уақыты:

6-8 р

6-8 р

6-8 р

6-8 р

0, 5′

Әдістемелік нұсқаулар: Басты жоғары көтеріп денені түзу ұстау
р/с:

ІІ. Негізгі бөлім 25-30 мин . Техникалық құрал-жабдықтар пайдалану «кадоскоп».

Допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды меңгерту.

р/с: 1
Сабақтың мазмұны: Оқушылар бір-біріне бетпе-бет қарама - қарсы қашықтық 6-7 м, допты жоғары лақтырып, қайтадан қабылдап, арықарай қарсыласына көтеріп беру.
уақыты: 10-12 р
Әдістемелік нұсқаулар: Жаттығулардың дұрыс орындалуына назар аударамыз, допты лақтыру және қабылдау тәсілдері слайдтармен көрсетіледі.
р/с: 2
Сабақтың мазмұны: Бір оқушы допты жоғары көтеріп, қарама-қарсы құрбысына береді. Құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта береді. Арақашықтық 7-8м.
уақыты: 10-12 р
Әдістемелік нұсқаулар: Допты қарсыласының қолына дәл беру слайдтармен көрсетіледі
р/с: 3
Сабақтың мазмұны: Оқушы допты еденге ұрып құрбысына береді, құрбысы допты жоғарыдан қабылдап, ұстап қайта еденмен береді.
уақыты: 12-14 р
Әдістемелік нұсқаулар: Допты еденге ұрып, құрбысына тура беру слайдтармен көрсетіледі
р/с:
р/с: 4
Сабақтың мазмұны: Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету
уақыты: 2′-3′
Әдістемелік нұсқаулар: Қол түзу тізені бүге сол немесе оң аяқты жарты қадам алға слайдтармен көрсетіледі
р/с: 5
Сабақтың мазмұны: Бір оқушы құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолмен қабылдап, қайта береді.
уақыты: 10-12 р
Әдістемелік нұсқаулар: Допты дұрыс қабылдауын қадағалау.
р/с: 6
Сабақтың мазмұны: Арақашықтық 8-10 м оқушылар қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушылар допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушылар допты төменнен қабылдау.
уақыты: 10-12 р
Әдістемелік нұсқаулар: Жоғарыдан және төменнен қабылдауды слайдтармен көрсетіледі
р/с: 7
Сабақтың мазмұны: Ережемен волейбол ойнау
уақыты: 10’-12′
Әдістемелік нұсқаулар:
р/с: ІІІ Қорытынды бөлім 4-5 мин
р/с: 1
Сабақтың мазмұны: Спорт залда жай жүгіру, сапқа тұру.
уақыты: 1′
Әдістемелік нұсқаулар:
р/с: 2
Сабақтың мазмұны: Өткен сабаққа қорытынды жасап, оқушыларды бағалау.
уақыты: 2’
Әдістемелік нұсқаулар:
р/с: 3
Сабақтың мазмұны: Үйге тапсырма. Үйде доппен жаттығулар жасау. Ұлдар тартылу 8-10 рет, қыздар дене көтеру 25-30 рет.
уақыты: 1’
Әдістемелік нұсқаулар:
р/с: 4
Сабақтың мазмұны: Оқушылардың сұрақтарын тыңдап, жауап беру.
уақыты: 1’
Әдістемелік нұсқаулар:

Дене тәрбиесі пәнінен «Денешынықтыру сабағында «Волейбол» ойынның тәрбиелік мәні. «тақырыбында өткен ашық сабағының өзіндік талдауы.

Сабақта алдыма мынандай мақсаттар қойдым:

Оқушыларды волейбол ойынына қызықтыру.

Оқушыларды топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.

Көрнекіліктерден волейбол доптары, сетка, ысқырықты, кадаскоп пайдаландым.

Ашық сабақ спорт залда өтті. Спорт залдың санитарлық жағдайы жақсы, талапқа сай безендірілген, қажетті құрал-жабдықтар дер кезінде әзірленіп қойылды. Сабақ үш бөлімнен тұрды.

І бөлім. Дайындық бөлімі 10-15 мин.
ІІ бөлім. Негізгі бөлім 25-30 мин.
ІІІ бөлім. Қорытынды бөлім 4-5 мин

Дайындық бөлімінде оқушылар сапқа тұрғызылып, кезекшінің рапорты тыңдалды. Сынып оқушыларының барлығы сабаққа дайындалып келген, спорттық киімдері бар. Оқушыларға сабақтың мақсаттары баяндалып, қозғалыс қасиеттерін дамыту мақсатында дайындық жаттығуларын орындаттым. Олар жүру жаттығулары: денені түзу ұстап, басты көтере белді түзу ұстап жүру; жүгіру жаттығулары: еркін демалып, бірқалыпты жүгіру, тек сол иықпен қарап алға жүгіру, әрбір жаттығуды талапқа сай әдемілеп орындау; қозғалыстағы жаттығулар: денені түзу ұстап, қолды иықтың деңгейінде ұстау; орында орындалатын жаттығулар: басты жоғары көтеріп денені түзу ұстау. Дайындық жаттығулары бірнеше рет орындалды.


Ұқсас жұмыстар
Қолды белге аяқтың сыртымен жүру
Допты екі қолмен төменнен қабылдау
Сайыс ережесі
Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы - жүгіру
Төмен алақанмен тордың торына тигізу үстінде қолды жайғастыру
Денешынықтыру календар план
Керекті жабдықтар
Орта және қысқа мерзімді сабақ жоспары
Қамалды қорғау
Спорт –мемлекетті көтерер сала
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz