Тақырып - Сөз таптары. Зат есім

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік.
Cөз таптарынан алған білімдерін тиянақтау. Зат есім туралы түсінік беру. Сұрақтар қоя білуге үйрету.
Жаттығулар орындату арқылы білімдерін бекіту.
Дамытушылық:
Оқушылардың сөз байлығын арттыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, зат есім тақырыбынан алған білімдерін дамыту.
Тәрбиелік:
Оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, өз ойын тұжырымдап айта білуге, адамгершілікке тәрбиелеу, ұлттық сананы оятып, халықтық мұраларды сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, ұжыммен, топпен жұмыс, және деңгейлік, ізденіс
Сабақтың көрнекілігі: тірек - сызба, ойтүрткі, тест, стикер, Венн - диаграмма, буклет, тест, шығармашылық тапсырмалар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
1-слайд. Психологиялық дайындық
Қайырлы күн деп айтамыз,
Мектептен білімді боп қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
Сәтті күн болсын !
2-слайд. Үй тапсырмасын пысықтау:
4-жаттығу Оқы. Іштей мазмұнын айтып, жатқа жаз. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.
3-слайд.
I-топ Түбір дегеніміз не? Мысал келтіріңдер
II-топ Жұрнақ дегеніміз не? Мысал келтіріңдер
III -топ Жалғау дегеніміз не? Мысал келтіріңдер
- Егіншілер сөзінің түбірін тап?
- Түбір сөздерге қосымша жалғанғанда көбінесе сөздің түбірі не істейді?
-Оқушылар сөзіндегі - лар жұрнақ па, жалғау ма?
4-слайд.
Жаңа сабақ: Сөз таптары. Зат есім
Зат есім
Етістік Нені білдіреді? Қандай сұрақтарға жауап береді?
Сын есім
Сан есім
5-слайд. Сурет бойынша торкөз санына сәйкес келетін сөздерді тап.
« Ой қозғау »
6-слайд Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады.
Мысалы: адам, бала, кітап, гүлдер, ақындар.
Кім? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер: Адамның аты-жөні, мамандық атаулары, атақ-дәрежеге қатысты сөздер: Асан, Алпамыс, Тұрысов, профессор, ғалым, президент.
Не? деген сұраққа жауап беретін сөздер: Құстар: тоқылдақ, қарлығаш, сауысқан, бөдене Аңдар: аю, қоян, түлкі, қасқыр, арыстан Жемістер: алма, жүзім, өрік, шие Заттар мен құбылыстар: орындық, терезе, жел, жаңбыр
7-слайд. Зат есімнің түрлері
8-слайд. Дәптермен жұмыс
Сауаттылық хаты.
Қарға
Қарғаның су ішкісі келді. Қорада су құйылған құмыра тұр еді. Құмырадағы су орта болатын. Қарғаның суға тұмсығы жетпеді.
9-слайд. 1-жаттығу. Суреттерге қара. Суреттегі құстардың атын білмеген жағдайда, оларды білу үшін қандай сұрақ қоясыңдар?
10-слайд. Топтық жұмыс
Сөздерді оқы. Оларға сұрақ қойып, мағыналарына қарай кестеге орналастыр.
Жұлдыз, тау, ата, көк, екі, оқыды, үлкен, ақын, жуынды, жеті, құс, жүзді, отыз, биік, жасыл.
11-слайд. Шығармашылық жұмыс
Суретке қарап, әңгіме құра, зат есімдерді тауып айт.
12-слайд. Сергіту сәті
13-слайд. 3-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Мәтіннен зат есімдерді тауып, астын сыз.
14-слайд. Жұптық жұмыс
Көп нүктенің орнына тиісті зат есімдерді қойып, жаз. Төрт түлік: . . . ., . . . . . .,
Аңдар: . . . . ., . . . . . .,
Құстар: . . . . ., . . . . .,
Отбасы мүшелері: . . . . . ., . . . . . .,
15-слайд. 4-5 жаттығу Мәтінді көшіріп жазып, зат есімдердің үстіне з. е. деп белгіле
16-слайд. Сабақты қорыту:
1. Сөз таптарын ата? 2. Зат есім дегеніміз не?
3. Зат есімдерге қандай сұрақтар қойылады?
4. Зат есімге мысал келтір.
17-слайд.
Кері байланыс
18-слайд. Үйге тапсырма 6-жаттығу
Бағалау:
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Ж. Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназия
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Сөз таптары. Зат есім»
Жетекшісі: Тілеубай Бибігүл
Шымкент
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz