Сабақ жоспары :: Биология

Файл қосу

Жорғалаушылар әлемі

<<№ 34 орта мектеп>> мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Ашық сабақ

Биология
7-сынып

Тақырыбы:
<<Жорғалаушылар әлемі>>

Биология пәні мұғалімі: Кубеева Алия Маккамбаевна

Күні :10.03.2014ж Сыныбы: 7 Пәні : Биология
Сабақтың тақырыбы :Жорғалаушылар класын қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі : Жорғалаушылардың класына жататын отряд өкілдерінің ерекшеліктерін,түрлерін таралуын қорытындылау арқылы оқушылардың білім қорларын толықтыру.
Сабақтың дамытушылығы: Сұрақтарға нақты жауап беруге,шығармашылық ізденісін,іскерліктерін дамыту.
Сабақтың тәрбиелігі: Жорғалаушылардың ем ретінде қолданылуы,табиғаттағы пайдасы жөнінде айта отырып,табиғатты қорғауға,айналадағы ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарауға үйрету,өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Типі: Қайталау
Түрі: Саяхат сабақ
Әдісі: Сұрақ-жауап,ізденіс
Сабақтың көрнекілігі: Жорғалаушылардың суреттері,дидактикалық тапсырмалар
Пәнаралық байланыстар: Экологиямен,географиямен,әдебиетпен
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру
ІІ. Өткенді қайталау
ІІІ. Қорытынды
Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгін біз сахатқа шығамыз. Ол үшін сендер білімді болуларың керек. Мен сендердің білімдеріңді тексеру үшін жұмбақ қойғым келіп тұр?Егер жұмбаққа жауап берсеңдер саяхатқа шығамыз.
Тіршілігі құрлықтағы жануар,
Кесіртке мен жылантектес түрі бар
Пайдасы көп табиғатқа,адамға,
Өнеркәсіпте бұйымдары табылар.
Қаңқалары бес бөлімнен тұрады.
Жүрегі оның үш қуысты болады.
Алғаш өкпесімен тыныс алған, Бұл қандай жануарлар класы?
Жауабы: Жорғалаушылар класы
Олай болса <<Жорғалаушылар >> ханшасының сарайына жетіп білім қоймасының көзін ашу.
Бұл сапар <<Эйр - Қазақстан >> компаниясының ұшағы арқылы ойша жүзеге асырылады.Эйр-Қазақстан бағыты 4 қала арқылы Жорғалаушылар сарайына жетіп барамыз.Ал енді << Жорғалаушылар >> сарайына тек білімділер ғана жете алады. Дайынбыз ба ?
Әр қалада бізге тапсырма бар. Сол тапсырмаларға жауап беру арқылы қалаларға өте аламыз.

1 . <<Тұмсықбастылар >> қаласы
Мұнда екі тапсырма бар.
1- Тапсырма. Жорғалаушылар туралы мәліметтер

1. Класс неліктен жорғалаушылар деп аталады?
2. Қазақстанда жорғалаушылардың қанша түрі бар?
3. Жорғалаушылардың тері жабынының ерекшеліктерін атаңдар?
4. Жорғалаушылардың сезім мүшелері?
5. Жорғалаушылардың қанша отряды бар?
2-Тапсырма. Берілген белгілердің қай жануарға тән екендігін <<Венн диаграммасы >> арқылы салыстырыңыз.

Қосмекенділер Ұқсастығы Жорғалаушылар

1. Қарыншасының арасында жартылай пердесі бар
2. Терісі құрғақ,мүйізді қабыршақтармен қапталған.
3. Өкпесі арқылы тыныс алады
4. Өкпесімен де терісімен де тыныс алады
5. Жамбасқа орналасқан 2 бүйрегі бар
6. Ми қыртысының нышаны бар
7. Клоакасы бар
8. Іштей ұрықтанады
9. Түрленіп дамиды
10. Кеңірдек ауатамыр мүшелері бар
11. Омыртқа жотасы,мойы,тұлға,сегізкөз,құйрық бөлімдеріне бөлінген
12. Алғаш кеуде қуысы пайда болған
13. Саусақтарының ұшында мүйізді тырнақтары болмайды
14. Саусақтарында мүйізді тырнақтары болады
15. Сырттай ұрықтанады. Қосмекенділер,Жорғалаушылар
Өте жақсы балалар біз келесі қалаға баратын болдық. Сендердің сұрақтарға өте дұрыс жауап берулеріңнің арқасында
ІІ. << Қабыршақтылар << қаласы
Сұрақтарға жауап бере отырып,жорғалаушыларға тән белгілерді сызбаға түсір.
6.
1.

7.
8.
9.
10.
5.
4.
3.
2.



1. Жорғалаушылар туралы ғылым қалай аталады ? ( Герпетология)
2. Жорғалаушылар қандай мүшесі арқылы тыныс алады? (Өкпесімен )
3. Жорғалаушылардың күрделі қозғалыс әрекеттер жасайтын қай ми жақсы дамыған ? (Мишық )
4. Қазақстанның Қызыл кітабына енген жорғалаушылардың саны (3)
5. Жорғалаушылардың жүрегі неше қуысты ? ( үш )
6. Құбылғылар,кесіртке,жыландар жорғалаушылардың қай отрядына жатады? ( Қабыршақтылар отряды)
7. Жорғалаушылардың зәрі қайда түзіледі? (бүйректе)
8. Жорғалаушылар қалай ұрықтанады? ( іштей ұрықтанады)
9. Жорғалаушылардың есту мүшесі? ( ішкі және ортаңғы құлақтан)
10. Жорғалаушылардың қаңқасында алғаш қандай өзгеріс бар?

ІІІ. <<Тасбақалар >> қаласы .
1- Тапсырма.
Қазақстанда кездестін жыландар туралы хабарлама.
2. Тапсырма.
Сөзжұмбақ - <<Тасбақа >>

Бұл сөзжұмбақты дұрыс шешкенде өз аулымызда жорғалаушылар класына жататын жануардың атын оқисыз.
1. Жыланның сипап сезу мүшесі ( Тіл)
2. Қазақта басына ақ құйып шығарып салатын қай жануар? (жылан)
3. Республикамызда мекендейтін улы жылан (Қалқантұмсық)
4. Зәр шығару мүшесі ( Бүйрек)
5. Аяқсыз кесіртке (Сарлан)
6. Терісінің түсін де өзгерте алатын кесіртке (құбылғы)
7. Тұмсықбастылар отрядының өкілі ( Гаттерия)

Негізі жолдағы сөз: Тасбақа

Келесі біздің қаламыз: << Крокодилдер >>

1- Тапсырма. Сізге сурет арқылы тапсырма беріледі.Крокодилдің басқа жорғалаушылардан айырмашылықтарын тап.
Балалар барлығымыз 4 қаладағы сұрақтарға жауап бердік. Енді қақпа ашылып біз << Жорғалаушылар >> сарайына кіруге рұқсат алдық. Сарайына келген соң жорғалаушылар ханша мен ханшайымы риза болып бізді күтіп алды. Бізден аулының аман- есендігін сұрап,ауылымның сіздерге қандай пайдасы бар депті.
Жорғалаушылардың
пайдасы

Табиғатқа
Медицинаға
Адамға
Ғылымғаа

Балалардың пікірі сұралады.
Сабақты бекіту
Ерте кезден берi кейбiр тасбақа түрiнiң сауытының мүйiздi тақташалары қолданылады. Арнайы өңдеу арқылы, олардан көзiлдiрiктерге оправа, тарақтар және басқа да заттар жасайды. Кейбiр елдерде тасбақаның етiмен жұмыртқасын қорекке қолданады
* Ең ұзақ жасайтын бауырымен жорғалаушы - тасбақа
* Үндістандағы Калькутта зоопаркінде өмір сүретін 250 келі салмақтағы алып тасбақа. Әлемнің ең кәрі жануарларының қатарында -256 жас жасаған.
* Жыландарқоректенбей 3 жылұйықтайалады
Үйге: Жорғалаушыларды қорғау тақырыбында эссе жазу
Бағалау

Ұқсас жұмыстар
Бунақденелілердің көктемгі тіршілігі
Өсімдік топтары нешеу
Өсімдік түрлерін ата
В1 есебі
Сұраққа жауап. Сабақтың тақырыбы
Бауырмен жорғалаушылар.сүтқоректілер. 3 сынып
Дүниетану пәнінен ашық сабақ. бауырымен жорғалаушылар. 3 сынып
Жорғалаушылар класы. 8 сынып
"Ағза және қоршаған орта"
Жануарлардың балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылар топтарымен таныстыру
Пәндер