Бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары: Жалаң және жайылма сөйлем

Астана қаласы

№71 мектеп-лицейінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Маратова Алтынгул Бакытбековна

Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.

Сабақтың мақсаты: Сөйлемнің жалаң және жайылма түрлері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау; оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, топтау, рефлексия.

Сабақтың көрнекілігі: жеке суреттер, тірек-сызба, Венн диаграммасы, ойын құралдары.

Сабақтың барысы:

І. Мотивациялық-бағдарлау кезеңі.

Қызығушылықты ояту.

(Тақтаға «сөйлем» деген сөз жазылған парақты ілу) .

-Сөйлем деген не?

(Оқушылардың жауабы) .

Күн ретін жазғызу.

ІІ. Тақтамен жұмыс.

(Тақтаға «Жазира биледі», «Жазира әдемі биледі» деп жазылған парақтарды ілу) .

-Балалар, тақтаға қараңдаршы, мына қағаздарда не жазылған? (Сөйлемдер)

-Ендеше осы екі сөйлемді дәптерге 2 бағанға жазайық.

-Ал енді екі сөйлемді талдайық.

1-сөйлем.

-Жазира не істеді? (Биледі)

-Қандай сөйлем мүшесі?(Баяндауыш)

-Кім биледі? (Жазира)

-Қандай сөйлем мүшесі? (Бастауыш)

2-сөйлем.

-Жазира не істеді? (Биледі)

-Қандай сөйлем мүшесі?(Баяндауыш)

-Кім биледі? (Жазира)

-Қандай сөйлем мүшесі? (Бастауыш)

-Жазира қалай биледі? (Әдемі )

-Қандай сөйлем мүшелеріне жатады? (Тұрлаусыз сөйлем мүшесіне)

-Осы екі сөйлемнің ұқсастығы не?

(Екуі де сөйлем, екуінде де бастауыш пен баяндауыш бар)

-Ал, айырмашылығы неде?

(Тұрлаулы мүшелер (бастауыш пен баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелер бар)

-Өте дұрыс! Ендеше, балалар, тек қана бастауыш пен баяндауыштан құралған жай сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.

Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.

ІІІ. Трек-сызбамен жұмыс.

-Олай болса, мына трек-сызба бойынша жалаң және жайылма сөйлем туралы ой тұжырымдамасын шығарып көрейік.

(Ережені қорытындылау)

-Жақсы. Ендеше 2-3 жалаң сөйлем құрап көрейік.

(Оқушыларды тыңдау)

ІV. Оқулықпен жұмыс.

97-жаттығу. Сөздерден сөйлем құратып, оларды сөйлем мүшелеріне талдату.

Күн бұлттанды. Ұшақ биікке көтерілді. Мұғалім сыныпқа кірді. Түн ұзарды. Динара қуанды.

*Құраған жалаң, жайылма сөйлемдерін тиісті пойыз вагондарына орналастырып, бұл сөйлемдердің бір-бірінен ерекшелігі неде екенін айтады.

V. Топтық жұмыс. Дидактикалық материалмен жұмыс.

Тапсырма: Жалаң және жайылма сөйлемдер жаз.

Оқыту. Дұрыс жауаптарға қол шапалақтау.

VІ. Сегіту сәті. Қаражорға билету.

98-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Жай сөйлемнің түрін анықта.

(Тақтаға әр сөйлемді бір баладан шығып жазады) .

99-жаттығу. «Жайылма сөйлемге айналдыр» ойыны арқылы ұйымдастырылады.

-Қай топ бірінші болып құрастырады? (Қол шапалақтап мадақтау) .

VІІ. Ойын «Тиістісін тап».

Тақтаға «Жалаң сөйлем» және «Жайылма сөйлем» деп жазылған екі кәрзеңке ілу.

Жалаң және жайылма сөйлемдер жазылған карточкалар тарату.

-Сөйлемдерді оқыңдар. Оларды сөйлем түрлеріне ажыратып, тиісті кәрзеңкеге салыңдар.

VІІІ. Сабақты қорытындылау .

Венн диагаммасы.

-Балалар, бұл Венн диаграммасы екенін білесіңдер. Олай болса, жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемнің ұқсастығы мен айырмашылығын тауып жазайық.

ІХ. Бағалау.

Х. Үйге тапсырма: 89 бет-100, 101 жаттығулар.


Ұқсас жұмыстар
3-сыныпқа арналған қазақ тілі сабақ жоспары: Жалаң және жайылма сөйлем
Жалаң бен жайылма сөйлем: сұрақ арқылы талдаудың шеберлігі
Жалаң және жайылма сөйлемдер: 8-сыныпқа арналған сабақ жоспары
3-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Жалаң және жайылма сөйлемдер
1-сыныпқа арналған сабақ жоспарлары: Қамқор болып өсемін; Жалаң және жайылма сөйлем; Аңдар
Жалаң және жайылма сөйлемдерді оқытуға арналған сабақ жоспары
Жалаң және жайылма сөйлемдер: бастапқы сыныпқа арналған сабақ жоспары мен әдістемелік бағыттары
Бастауыш сыныпта жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру
Жалаң пен жайылма сөйлем: тұрлаулы мен тұрлаусыз мүшелердің негізгі айырмасы
8-сынып: Жай сөйлем және оның түрлері - жалаң және жайылма сөйлемдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz