Тақырып 9 санын қосу және азайту

Баймырза Бесбаев атындағы орта мектебі

Математика

Тақырыбы: «9 санын қосу және азайту».

Сынып: 2 «Ә»

ПӘН МҰҒАЛІМІ: А. Д. Кудайбергенова

Ақбұлым ауылы

2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: 9 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты: Ондықтан аттап 9 санын қосу мен азайту әдістерімен таныстыру

Сабақтың міндеттері:

1. 9-ды қосу мен азайту тәсілін түсіндіре отырып орындауға жетелеу, екі амалмен шығарылған есепті шығаруға төселдіру.

2. Оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру

3. Оқушыларды нақтылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу. .

Сабақ типі: аралас сабақ

Сабақ әдіс-тәсілдері: түсіндіру, ауызша есептеу, талдау, өз бетінше жұмыс

Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер

Әрекет

түрлері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Әрекеттүрлері:

Дәлелді

түрткі болатын

Мұғалімнің әрекеті:

1-кезең. Психологиялық сәт.

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен -

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз.

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы "9 санын қосу және азайту ". Біз тоғыз өткелден өтіп, білімізді көрсетейік.

(балалардың көңіл- күйін көтеру үшін)

Оқушыныңәрекеті: Балалар сөздерін, қимылдарын қайталайды.
Әрекеттүрлері: Үй тапсырмасын тексеру
Мұғалімнің әрекеті:

2. Операциялық-орындаушылық кезең.

1 - өткел. " Қайталау - білім анасы".

№ 3. Үй тапсырмасын шарты мен шешуін жеке тексеру.

Түсіндіре отырып орындату.

Ауызша шығару.

8+8 7+7 6+6 8+6

9+8 8+7 7+6 9+6

(шешімі тақтадан дыбысы естіледі)

Оқушыныңәрекеті: Берілген есептердің мәнін ауызша айтады
Әрекеттүрлері: Жаңа сабақ
Мұғалімнің әрекеті:

2 - өткел. "Білімді өрге жүзеді"

(Жеке шаршылардың онынан құрастырылған жолақшаны ондықтың баламасы ретінде қолданамыз. Әр шаршы жекелеген бірліктерді білдіреді. Бір жолақша және сегіз жеке шаршы - бір ондық және сегіз бірлікті, яғни он сегіз санын білдіреді. )

9+9 = 18 18-9 =9 (9+1) +8 = 18 (18-9) -1 = 9

3 - өткел. "Білгің келсе, тауып көр".

№1. ә) Өрнекті жаз және мәнін тап.

(9+1) +8 = 18

(18-8) -1 = 9

4 - өткел. "Қасиетті ұғымдар"

9 саны: қателіктер мен кемшіліктер бірлестігі. 9 санының қасиетіне тоқталсақ, ана

құрсағындағы нәресте тоғыз ай, тоғыз күн өсіп жетіледі. Бұл сан адамның ғұмырында

пайда болып, жарық дүниеге келетінге дейінгі уақыт өлшемі. 9 өмірге адамды әкеледі. Ол үш үштіктен құралған. Көшпенділер 9 санын болмыстың шыңы деп санаған, олардың салт-

дәстүрлері мен наным-сенімдерінде тоғыз саны қасиетті болып есептелінген. Тоғыз санының негізгі мағынасы - «ұзақ өмір». (тоғыз құмалақ, қалың малға үш тоғыз, т. б. )

5-өткел. "Мағынаны таныту"

№2.

Марғұлан - 10 к.

Арман - сонша

Барлығы - ?

Шешуі:10+10 = 20

Жауабы: Екеуі барлығы 20 кітап сатып алды.

6-өткел. "Ойлана біл!"

№3.

Бар еді - 9

Сыйлады - 9

Қалды - ?

Шешуі: 9-9 = 0

Жауабы: Қаламқаста 0 диск қалды.

Сергіту сәті

Бейне көрініс қояды.

7-өткел. "Бірлік бар жерде, тірлік бар"

№4

Сатып алды - 20 және тағы сонша

Берді - 50 тг.

Алуы керек - ?

Шешуі: 50-(20+20) = 10

Жауабы: Ол 10 теңге қайтарып алуы керек.

8-өткел. "Ойлан, тап" - өз бетінше жұмыс.

№6

7+6 =13 13-6 = 7

17+6=23 23-6 = 17

27+6=33 33-6 = 27

37+6 = 43 43-6 = 37

47+6 = 53 53-6 = 47

57+6= 63 63-6 =57

67+6 = 73 73-6= 67

77+6 =83 83-6 = 77

87+6 = 93 93-6 = 87

9-өткел. "Сөз құрастыр" ойыны

14-9 12-6 13-5 6+5 7+5 8+5 9+7

5 6 7 11 12 13 16

Қ О Қ И Қ А З

3. Рефлексиялық-бағалау кезеңі.

- Міне, біз де барлықөткелден өтіп, берілген тапсырмаларды толығымен орындадық.

- Біз бүгін сабақта немен таныстық?

- Сабақта жаңадан нені білдіңдер?

Оқушыныңәрекеті:

Берілген есепті шығарады

Оқушылар өрнекті жазып және оның мәнін табады.

/Жылжымалы парақшаны жылжыту арқылы, өз есептерінің дұрыстығын тексереді/

Сандарға байланысты бейнекөрініс тамашалайды.

Қайсысы есеп екендігін тауып, оны шығарады.

Қайсысы есеп екендігін тауып, оны шығарады.

Сергіту жаттығуын орындайды

Интербелсенді тақтаға өздері есеп шығарып, жазады.

Жауаптарын тауып орнына қояды.

Әрекеттүрлері:

Рефлекстік коррекциялаушы

4. Үйге тапсырма.

Мұғалімнің әрекеті:

3. Рефлексиялық-бағалау кезеңі.

- Міне, біз де барлық өткелден өтіп, берілген тапсырмаларды толығымен орындадық.

- Біз бүгін сабақта немен таныстық?

- Сабақта жаңадан нені білдіңдер?

9 санын қосу және азайту. №5.

Оқушыныңәрекеті: Сұрақтарға толық жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек : Геометриялық пішіндерді.

Болу керек: Қызығушылық, ынта.

Үйрену: Қоршаған ортадан сол пішіндерге ұқсас заттарды таба білуге.


Ұқсас жұмыстар
4 санын қосу және азайту
7 санын қосу және азайту. математика, 1 сынып
Сабақтың тақырыбы. Ертегі сабақ
Дауысты дыбыс әріптері
Ұшқыш дәрігер мұғалім
9 санын қосу және азайту жайлы
1санын қосу және азайту
Сабақтық тақырыбы
«кестелік қосу және азайту». 1 саның қосу және азайту. 1-сынып
6 санын қосу және азайту. 1 сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz