Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Төрлет,төрлет,Жаңа жыл

<<Бекітемін>>
Б\б меңгерушісі:
Г.Р.Курмангалиева
<<Төрлет,төрлет,Жаңа жыл!>>
Мақсаты: Балалардың Жаңа жыл туралы түсініктерін кеңейту. Жасыл шыршаға, Аяз ата мен Ақшақарға деген құрметке тәрбиелеу. Мереке кейіпкерлерінің мінез-құлықтарын байқауға үйрету. Өнерге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру мақсатында мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Жүргізуші: -Құрметті ата-аналар,мейірімді апайлар,балбөбек балалар! Міне, асыға күткен Жаңа жыл мерекесі де келіп жетті.
Жаңа жыл бұл жаңа нұр
Нұрдан ләззат ала біл.
Ақын жазар жаңа жыр,
Жырдан тыңда терең сыр.
Жүргізуші: Ертеңгілігімізді бастау үшін балабақша меңгерушісі:
Құрманғалиева Гүлжан Рысқалиқызына және Мектеп директоры:Е.М.Айшуаковқа құттықтау сөз беріледі.
Жүргізуші: Балалар, сендер бүгін сәнді киініп,әдемі болып кетіпсіңдер. Бүгін қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл.
Жүргізуші: -Жаңа жылдық мерекемізге сиқыршылар келіпті.
Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме? Біз тек қана сиқыр емес, әсем би де билейміз.
Қане, құрбыларым келіңдер,
Шырша сәнін көріңдер.
Әсем әнмен би билеп
Ән жырларды төгіңдер.
Ән:<<Жасыл шырша жанында>>әні.
Жүргізуші: -Балабақшамыздың бүлдіршіні Ерсұлтан бастаған топ ортаға шығып тақпақтарын айтып береді.
Ерсұлтан: Жасыл желең жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Міне сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп сағынған.
Шайқымұрат: Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам он болсын.
Төрлет жаңа жылым,
Бізге құтты жыл болсын
Ералы: Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір.
Жарқын-жарқын ән салып,
Жалғасады жырға-жыр.
Аянат: Шыршаға бардық,
Әсем ән салдық
Аяз атадан
Сыйлықтар алдық.
Мұқасан: Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Жарқын: Қызыл ала шапаны,
Сағындым Аяз атаны.
Жүргізуші: Балалар,сендер Жаңа жылдан не күтесіңдер,қандай тілектерің бар?
Бекежан: Тамаша,тамаша
Шыршамыз тұр жараса.
Жаңа жылда ертегі,
Келе ме біздің бақшаға.
Жүргізуші: -Күткен армандарың,ойлаған тілектерің орындалады. Біз сендерге <<Аппақ-ай>> ертегісін баяндап береміз.
Ертегі: <<Аппақ-ай>>
Жүргізуші: Ертеде Аппақ-ай деген ақылды,сұлу, пысық қыз өмір сүріпті.Оның өгей шешесі болыпты.
Өгей шеше: Бәрін білетін, барлық жағдайды көріп тұратын сиқырлы айна, сиқырыңды аш маған.
Сиқырлы айна: Не білгіңіз келеді ханшайым, бұйырыңыз!
Өгей шеше: Әлемдегі ең сұлу кім?
Сиқырлы айна: Ханшайым, сіз әлемдегі ең сұлусыз. Бірақ сізден де көрікті, сұлу бір қыз бар.
Өгей шеше: Ол кім,менен сұлу болған?
Сиқырлы айна: Ол көрікті- Аппақ-ай!
Өгей шеше: Аппақ-ай ма, мен оның көзін жоямын.
Сиқыршы: Аппақ-ай, шыршаны әсемдеп, Жаңа жыл мерекесіне дайындалады.
Аппақ-ай: Жасыл шырша жамылған,
Асыл моншақ тағылған
Келді сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Ханзада: Сәлем, қандай аппақ сұлусың!
Жүзің жарқын жылусың
Неткен сұлу аппақсың,
Ашық көңіл жарқынсың!
Аппақ қыз, атың кім? Тоқта, тоқта...
Қолбасшы: Аппақ-ай, жауыз ханша сені өлтір деп бұйырды. Біз ондайға бара алмаймыз. Сен алыс жерге қашып кет.
Аппақ-ай: Мен енді не істеймін?
Жүргізуші: Мұңайма, Аппақ-ай,бүгінгі Жаңа жыл мерекесінде саған Аяз ата көмектеседі.
Сиқыршы: Аяз атаны шақыруға сиқырлы таяғымды сынап көрсем қайтеді?
Трах тиби дох,
Унду,фунду,
Аяз ата кел.
Мысық пен Түлкі: Сиқыршы сен жаңылысқан жоқсың ба?
Түлкі: Мәссаған,мына шыршаның кереметін-ай!
Мысық: Бүгін Жаңа жыл мерекесі ғой,біздің де көңілімізді көтеріңдерші.
Жүргізуші: Балалар сиқыршылар сиқырлы сөзінен жаңылысып кетер. Біз аяз атаны өзіміз шақырайық.
Жүргізуші: Ел құрметтеп көп тосқан,
Келді Аяз атамыз.
Келіңдер, кел достар,
Шырқап ән саламыз.
Ән: Ән: <<Шыршаға бардық>>
Аяз ата: Аппақ-ай,сен неге мұңайып тұрсың,қарша қыз көңіліңді көтереді.
Қарша қыз: Менің де сендерге алып келген биім бар қабыл алыңыздар.
Ал қарша қыз қалықта
Қалықтаудан жалықпа
Қанаттарың желбіреп,
Би биле мына халыққа.
Би: <<Ұлпақарлар>>
Инабат: Әдеміліп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген.
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз.
Өгей шеше: Сәлеметсің бе,Аяз-ата? Аппақ-ай сіздермен бірге көңіл көтеріп жүргенін естіп, мен де сыйлығымды ала келдім.
Аппақ-ай: Аяз ата, мына дәмнен ауыз тисем бола ма?
Аяз ата: Жей ғой қызым,мерекеде алдап соқпас. (Аппақ-ай ұйықтап қалады)
Аяз ата: Сен жауыз,өз арам ойыңды іске асырып мына тұрған бізді алдап соқтың. Мен сені мәңгіге мұз етіп қатырамын.
Қарша қыз: Жауыз ханша дегеніне жетіп, Аппақ-айды мәңгіге ұйықтатып тастады. Енді біз не істейміз? Аппақ-айды қалай оятамыз?
Сиқыршы: Оған көмекберетін бір адам бар. Ол ержүрек Ханзада.
Ханзада: Аппақ-ай қайдасың? Сенімен бірге Жаңа жыл мерекесін тойламақ едім.
Қарша қыз: Аяз ата,бүгін Жаңа жыл мерекесі,ханшаны қатырмаңыз кешіре көріңіз.
Жүргізуші: Ханзада мен Аппақ-айдың құрметіне жүп биін қабыл алыңыздар.
Би: <<Вальс>>
Аяз ата: Қарша қыз ескі жылды шығарып салып,жаңа жылды қарсы алатын уақытта келді.
Ескі жыл:Шырша тойы құтты болсын ағайын,
Жыл тойында би билеп ән салайық
Күлкінің кеуеніне бізде ілесіп,
Қош айтысып қалайық.
Жүргізуші: Мерекелі,берекелі болған ескі жылда біздің де жеткен жетістігіміз аз емес. Менің бүлдіршіндерім де бір жасқа үлкейді.Біз саған ризамыз,рахмет ескі жыл.
Аққоян: Сәлеметсіз бе, бауырларым!
Бәрің маған қараңдар!
Маймыл деген жаңа жыл
Келе жатыр алыстан.
Алдымен мені жіберді.
Хабар бер деп сіздерге!
Жүргізуші: Ой, рахмет, қуанышты хабар екен. Қане Жаңа жылды
қарсы алайық.Маймыл. Жаңа жыл келді.
Маймыл: Сәлеметсіздер ме, балалар, Аяз ата, Ақшақар, ата-аналар!
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жыл сіздерге тек
бақыт әкеле берсін!
Аяз ата: Ал, маймыл, биыл сенің жылың. Сені құттықтаймыз!
Жаңа жылың өте тамаша жыл болсын!
Жүргізуші: Ал, балалар, Жаңа келген жылға ән шырқайық.
Ән: <<Аяз ата>>
Аяз ата:Ал,қызым біз енді жүрейік,біздің әлі баратын талай жеріміз бар.Қанша бала бізді әлі күтіп отыр.Келесі жылға дейін сау болыңдар.
Ақшақар:
Бар баланың бойы өссін,
Бойыменен ойы өссін.
Мамаларын тыңдасын,
Ағаларын сыйласын.
Аяз ата мен Ақшақар балаларға сыйлық тапсырылады.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, балалар, балабақша ұжымы <<Балапан>> тобының <<Төрлет,төрлет,Жаңа жыл!>> ертеңгілігі аяқталды. Сіздерді тағы да Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз. Ата-аналар балаларыңызға жаңа жылдық әдемі киімдер дайындағандарыңыз үшін <<рахмет>>айтамыз. Келесі кездескенші сау саламатта болыңыздар.

Ұқсас жұмыстар
Төрлет жаңа-жыл!
Жаңа жылым
Келді жылым бақытым, Кемелденді уақытым
Жаңа жыл кешінде
Қош келдің,төрлет наурызым!
Жаңа жыл 2015
Армысың, әз наурыз Мектепішілік наурыз мерекесінің сценарийі
Жасыл шыршы жанында
Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні сценарий
Ганам стайл биін сен
Пәндер