МКҚК Балауса балабақшасының 2015 жылғы Балаларды қорғау күніне арналған Біз бақытты баламыз ертеңгілігінің сценарийі

МКҚК «Балауса» балабақшасы.

Тақырыбы:

D:\Мои документы\Улдай\Балап\балалардың фотолары\Фото1177.jpg

Тәрбиеші: Туймешова А. С.

Тлюупова У. Е.

2015 жыл

«Біз бақытты баламыз!»

Мақсаты: Балаларға балаларды қорғау күні туралы түсінік беру.

Жүргізуші: Құрметті, сүйікті балалар мен ата-аналар, қонақтар! Бүгін халаықаралық «Балаларды қорғау күні» бұл мерекені бүкіл дүние жүзі тойлайды. Сендердің өмірлерің қызықты да, мағыналы болуына күш саламыз. Мерекелерің құтты болсын, балалар!

Сіздерге арналған мерекелік ертеңгілігімізді бастамас бұрын, балабақша меңгерушісі Құрманғалиева ГүлжанРысқали қызына сөз береміз.

Әнұран айтылады.

Ғажайып сәт: Ішке көгершін ұшып кірді. Көгершін хат әкелген, хатты алып оқиық. Хатты алып оқиды.

Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен көгершінмін, көгілдір аспанға самғап ұшып, жер бетіндегі балаларға қуаныш пен бақыт сыйлаймын. Сіздердің мейрамдарыңа арнайы ұшып келдім. Қош келдіңіз!

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»

Жүргізуші: Аспанда тек күн күлсін,

Күлсін жерде бүлдіршін

Өмірде «ойнап көрем» деп

Бүлдірсе, солар бүлдірсін

Сәбисіз дүние-қапырық,

Күлмейсің күлкі шақырып

Бақытты барлық шаңырақ

Балалардың тәтті үнімен

Назерке: Балалардың бақшасында бүгін той,

Балаларды қорғау күні біліп қой.

Тақпақ айтып, кезектесіп, бір-бірлеп,

Кел, қосылып, ән шырқайық, би билеп.

Абылай: Жүреді олар арман болып,

Тұрады олар маржан боп.

Балалардың бақыты

Аналардың арманы.

Айару: Гүлмен келсін келер күн

Бала бағы бар елдің.

Балалардың күлкісі-

Көркі, сәні әлемнің.

Нәби: Мен бақытты баламын.

Таудай биік талабым

Үлкен жігіт боламын

Жалын атып жанарым.

Аңсар: Мен бақытты баламын

Оқып білім аламын.

Хор: «Біз бақытты баламыз»

Аяжан: Жарқын болсын күніміз,

Жарқын шығар үніміз.

Елін сүйіп ержетер.

Біз болашақ гүліміз.

Ергентай: Қазақстан елімде,

Еркін өскен ұланмын!

Жарқырап күн көгімде

Мен бақытты баламын.

Хор: «Туған жерді сүйеміз»

Ойын: «Кім болам?»

Шарты: Балалар шардан қағазды тауып, аналарына оқыту.

D:\Мои документы\Улдай\Балап\балапан тобының фотолары\ертеңгілік қоштасу\Фото1420.jpg

Жүргізуші: Ал енді балалар шағын ертеңгілігіміз аяқталды. Құрметті аналар, қонақтар осымен «Балапан» тобының дайындаған ертеңгілігі аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет.

C:\Users\Admin\Desktop\ертеңгілік қоштасу\Фото1409.jpg


Ұқсас жұмыстар
МКҚК ЕрТарғын балабақшасының 2013 жылғы Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған ертеңгілігінің сценарийі
МКҚК №16 Шағала балабақшасының 7-9 мамырға арналған Біз Отанның сарбазы мерекелік-сайыс сценарийі
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Балдәурен кемесімен саяхат сазды бағдарламасының сценарийі
Үштөбе қаласы №97 балабақшасының 2011 жылғы Жыл басы Наурыз мерекелік ертеңгілігінің сценарийі
Талас ауданы білім бөлімінің «Балдәурен» балабақшасының 9 мамыр - Жеңіс күніне арналған мерекелік сценарийі
Соркөл орта мектебінің 2022-2023 оқу жылындағы 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік бағдарламасы
Степнов орта мектебінің 4-сынып түлектеріне арналған Біз бақытты балдырған қоштасу кешінің сценарийі
Бар жақсылық - балаға: Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік бағдарламасы
Тәуелсіздік - көптен күткен бақытым: №8 Қызғалдақ балабақшасының ертеңгілігінің мақсаты мен сценарийі
Қарасай ауданы Береке ауылы Еркемай балабақшасының естиярлар тобына арналған Алтын күз ертеңгілігінің сценарийі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz