Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Қош келдің,Наурыз Наурыз мейрамы

"Қош келдің,Наурыз!"

Мақсаты: Балаларға наурыз туралы түсінік беру,наурыз біздің жаңа жылымыз екенін түсіндіру.

Музыка әуенімен балалар мерекеге арналған залға екі қолдарынан ұстасып кіреді де,жарты шеңбер болып тұрады.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, апайлар, қонақтар! Ақ жаулықты әжелер! Ұлыстың ұлы күні жыл басы- Наурыз мейрамы құтты болсын!
Деңдерініз сау,отбасыларыныз аман болсын. Біздердің кішкентай балапандарымыздың дайындаған мерекелік сыйын сіздерге тарту етеміз.
Наурыз қайтып оралды, аты да анық
Сұрамаймыз алғыс та, ақылда біз
Үй дастархан, далалық сахынамыз
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!
Балалар,біздер бүгін қандай мейрам қарсы алып жатырмыз?

Балалар: Наурыз мейрамы.
Олай болса балалар, Наурызға арналған тақпақтарымызды ортаға салайық.
Нәби: Шуақ болып төгілер
Жерге дән боп егілер
Наурыз айын күтуде
Кіп-кішкентай сәбилер.

Ақерке: Бүгін күн-түн теңелді
Жер шуаққа кенелді
Соны тойлар ел енді

А.Мансур:Наурыз тойы береке
Наурыз тойы жыр аңыз
Қызық дулы мереке
Қызық думан құрамыз.
Жүргізуші: Ал қазір енді сахнаға даланың қызғалдақтарындай сұлу қыздарымызды шақырамыз.
Би: "Қылыш"
Балалар, наурызға арналған тақпақтарымызды әрмен қарай жалғастырамыз.
Т.Мансур: Тақпақ айтам жыл басы
Құлағын сап тыңдашы
Бар бөбекке өзімдей
Тыныш өмір сыйлашы
Ерсұлтан: Наурыз тойы салтымыз
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егілді.
Инабат: Наурыз тойы туғанда
Той болушы еді бұл маңда
Сақталушы еді сыбаға
Сапарға кеткен ұлдарға.
Ән: <<Дастархан>>
Аман: Наурыз келді тамаша
Ән айтамыз таласа
Атам, әжем той тойлап,
Қуанып жүр балаша.

Бекежан: Уа, халайық, халайық
Мұнда назар салайық
Думандатып бақшамды
Наурыз тойын тойлайық

Жүргізуші: Балалар,Наурыз мейрамында тек қана өлең мен би болмайды. Наурыз мейрамында неше түрлі ұлттық ойындар ойнатылады.
Ұлттық ойын: "Арқан тарту"
Ойынның шарты: Бұл екі топқа бөлінген балалармен ойналады. Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып, кесе сол топ жеңіске жетеді.

Жарайсындар балалар. Қазақ еліміздің, қазақ жеріміздің қандай палуандары өсіп келе жатқанын көріп отырық.
Шырқап салған әнімен,
Мерекелік сәнімен
Топталып ойнап,қыдырып,бөлісіп ішкен дәмімен
Жүргізуші: Балалар,Наурыз мейрамында әжелеріміз қандай ұлттық тағам дайындайды.
Балалар: Наурыз көже.

Жүргізуші: Жарайсындар, балалар ендеше наурызға арнап жаттап келген Арайлымның тақпағын тыңдайық.
Нәби : Наурыз тойын әдейі
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдемі
Наурыз көже пісірді.
Бекежан : Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды
Әжем Наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды.
Би: "Қамажай"
Құтты болсын Наурыз
Малға толсын тауымыз
Бейбітшілік жолында
Болмасын еш жауымыз.
Жарайсындар балалар өркендерін өссін.
Жүргізуші: Балалар бүгін Наурыз тойы -- жыл басы Наурыз айында жер беті көгеріп тіршілікке жан бітіп, жаңаратын шақ!
Жанбырмен жер көгереді
Батамен ел көгереді дейді үлкендер.
Олай болса балалар қазір үлкен әжеміз келіп ақ батасын береді.
Аманның әжесінің ақ батасы:
(Шашу шашылады)
Асқа адалдық берсін
Басқа амандық берсін
Отбасына құт -- береке берсін,
Халқымызға тыныштық берсін!
Жүргізуші: Қой жылымыз жайлы да, жақсы да болсын.
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Келесі Наурызға аман -- есен жетейік
Құтты болсын Наурыз!
Қорытынды: Осы Наурыз мейрамы арналған кішкентай бүлдіршендеріміздің ертеңгілігі аяқталады. Сау -- саламат болыныздар!

МКҚК <<Балауса>> балабақшасы

(ертеңгілік)

Өткізгендер:У.Е.Тлюупова
А.С. Салимгереева

2015 жыл

Ұқсас жұмыстар
Қош келдің, наурыз Қазақ халық дәстүрін дамыту
Наурыз-жыл басы. Қош келдің, наурыз
Наурыз тойын жұп жазбай
Қош келдің,наурыз Ұлт мейрамы
Көктем өлеңін бірнеше оқушыдан сұрау
М. дулатовтың "қош келдің - наурыз! "
Наурыз. 9 сынып
Ұлыстың ұлы күні қош келдің - әз наурыз
Құтты болсын Наурыз - той, Құтты болсын Жаңа жыл
Қош келдің,төрлет наурызым!
Пәндер