Шалқар ауданы №12 балабақшасының II кіші тобына арналған Жаңғақтан жасалған тасбақа - шығармашылық (мүсіндеу) технологиялық картасы (2010)

Шалқар аудандық білім бөліміне қарасты №12 балабақша

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған іс-әрекет түрі: Мүсіндеу

Пән мұғалімі: Сартаева Ж.

2010 оқу жылы

II - кіші топтарында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің

Технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Мүсіндеу

Тақырыбы: « Жаңғақтан жасалған тасбақа»

Мақсаты: Табиғи материал жаңғақ қабығының басқа да келтірер пайдасымен, оның бөлшектерін біріктіру тәсілдерімен қалыптастыру, көз мөлшерін па йдалана отырып жұмыс жасау шығармашылықтарын арттыру. Табиғи материал мен ермексаз арқылы тасбақаның пішінін жасатып үйрету. Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

К/құралдар: Жаңғақтың қабықтары, үлгі, тасбақа(ойыншығы), тақтайша, тасбақа туралы бейнетаспа, ермексаз, қол сүрткіш.

Алдын-ала жұмыс: Сурет құрау, әңгіме өткізу, сұрақ-жауап, жұмбақ шешу.

Әрекет кезеңде

Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Әрекет кезеңде:

Дәлелдеу

Тәрбиешінің іс-әрекеті: Тәрбиеші топқа сиқыршыны қонаққа шақырады. Топқа сиқыршы келеді де ғажайып сәт ұйымдастырады. Сиқыршы тірі тасбақаны әкеледі.
Балалардың іс-әрекеті: Балалар сиқыршымен танысуға тілек білдіреді. Тасбақаны көріп қызығушылық танытады.
Әрекет кезеңде:

Ұйымдастыру,

іздену

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Тәрбиеші балаларға «Дауысымнан таны» деген ойын ойнатады. Ойынның кезінде бір әдемі әуен естіледі. Тәрбиеші топқа бір қонақ келіп тұрғанын ескертеді. Топқа сиқыршы келеді. Сиқыршы амандасып, өзін таныстырады. . Балалар мен сендерді күнде үлкен айнадан көріп отырамын, ал бүгін мен сендерге балабақшаға барып келейінші деп, қонаққа келдім.

Тәрбиеші: Бізге қонаққа келгеніне қуанамыз, енді балаларға сиқырыңды көрсетші. Сиқыршы қарды көрсетеді де, қардан жасалған тасбақаны шығарады, матаны көрсетіп матадан жасалған тасбақаны шығарады, тасты көрсетіп, тірі тасбаны шығарып балаларға көрсетеді. Осы әрекеттің бәрін сөзбен айтып, шапалақтап, сиқырлы таяғымен орындатады. . Тәрбиеші:Қандай керемет сиқыршы. Қыста ұйықтап жатқан тасбақаны оятып әкеліпті. Балалар қыстағы қандай жан-жануар ұйықтайды.

(Аю, кірпі, борсық)

Тәрбиеші тасбақа туралы әңгіме өткізеді. Сұрақ қояды.

  • Тасбақаның үсті қандай?
  • Тасбақаның қандай мүшелері бар?
  • Ол жауыннан қалай қорғанады?
Балалардың іс-әрекеті:

Балалар ойын ойнайды. Әуенді тыңдап сиқыршы келгеніне қуанады. Балалар сиқыршымен танысады. Сиқыршыны жасаған сиқырын көреді, қызығады. Тірі тасбақаны көріп қызығушылық танытады.

Балалар сұраққа жауап береді. Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды. Теледидардан тасбақа туралы көреді.

Әрекет кезеңде:
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Тасбақа туралы әңгімелеп береді. Тасбақа бауырымен жорғалайды, ол суда да құмда да өмір сүреді. Тасбақа шөппен, судағы балықтармен, шаянмен қоректенеді. Қыста мұздың астында терең жерде қыстайды, ұйықтайды. Көктемде мұз ерігенде судың бетіне шығып рахаттана ауа жұтады және құмға барып жүреді. Шілденің ыссы күндерінде жазда,, аналық тасбақа судан алыстау жердегі құмға барып жұмыртқалайды. Уақыты келгенде жұмыртқалар жарылып, кішкентай тасбақалар шығып, өздері суға барып түседі.

Тәрбиеші бейнетаспадан балаларға тасбақаның түрлерін көрсетеді. «Сергіту сәті»

«Бақа, бақа, балпақ» (қимылмен көрсетеді)

Тәрбиеші жұмбақ жасырады.

Түнімен, түнімен

Көшіп жүр үйімен. (Тасбақа)

Тәрбиеші үлгі бойынша көрсетеді. Тәрбиеші балалармен жұмыс жасайды қадағалайды. Дидактикалық ойын ойнатады. «Пішіндерді ата». Психолог психожаттығу жасатады.

Балалардың іс-әрекеті:

Балалар теледидардан әртүрлі тасбақаны тамашалайды.

Сергіту сәтін орындайды.

Жұмбақтардың шешуін табады.

Тәрбиешінің жасаған жұмысын қадағалап тыңдайды. Үлгі бойынша орындайды.

Дидактикалық ойын ойнайды

Психожаттығу жасайды.

Әрекет кезеңде:

Рефлексивті түзету

Тәрбиешінің іс-әрекеті: Тәрбиеші сиқыршыға балалардың жұмыстарын көрсетіп мадақтайды.
Балалардың іс-әрекеті: Балалар алған әсерімен бөлісіп қуанады. Сиқыршымен қоштасады.

Ұқсас жұмыстар
Шалқар қаласы №12 балабақша І-а кіші тобына арналған Сүйкімді күшік тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Қуыршаққа арналған моншақ: 1 кіші Ақбота тобына арналған интеграцияланған ашық сабақтың технологиялық картасы
ІІ кіші топ: Цирк тақырыбы бойынша кеңістікті бағдарлау технологиялық картасы
I-кіші Балапан тобына арналған тіл дамыту технологиялық картасы: Біздің балалар қайда екен
Өрнек әжеде қонақта: II кішілер тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Гүлдер тобына арналған №12 оқу қызметінің технологиялық картасы: Мұзафар Әлімбаевтың Әдептілік әліппесі өлеңімен таныстыру
I-кіші «Балапан» тобына арналған Қағаз бен майлы қарындашпен таныстыру: ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №1
ІІ-кіші топ Гүлдер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Кім көп ертегі біледі
Күзгі бау-бақша: Таным (Экология) бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы (ІІ кіші топ)
Мұражай-тарих айнасы: Шалқар ауданы ГКС-12 орта мектебінің педагогикалық мұражайының тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz