Сабақ жоспары :: Информатика
Файл қосу
Paint графикалық редакторы. Негізгі түсініктері. Іске қосу
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы. Негізгі түсініктері. Іске қосу. Құрал- саймандар тақтасы. Палитра. Сурет салу кезеңдері.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды редактормен жұмыс істеуге үйрету. Графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру.
Білімділік: оқушыларды редактормен жұмыс істеуге үйрету. Графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Сабақтын түрі: аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.
Оқушылар білуі тиіс:
* Графикалық редактор не екенін;
* Графикалық редактордың не үшін қолданылатынын;
* Paint редакторының терезесі неден тұратынын;
* Редактор терезесінде тақталарды қалай баптау керек екенін.
Оқушылар үйренуі тиіс:
* Графикалық редакторды іске қосуды;
* Сурет салуды және оларды редакциялауды.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастырылуы. Тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
2. Үйге берілген тапсырманы сұрау. Ой қозғау: Оқушыларды 2 топқа бөлу. Сұрақтарды топ бойынша талдау.
* Дискеттерді пішімдеу дегеніміз не?
* Дискеттерді пішімдеу әрекеті қалай орындалады?
* Дискеттерді пішімдеудің неше түрі бар? Олардың айырмашылықтары қандай?
* Дискетке объектілерді көшіру әрекеттері қалай орындалады?
Психологиялық дайындық. Әр топқа А4 қағазы беріледі. Оқушылар бір - бірінің жағымды және жағымсыз жақтарын жазады.Әр топ жазғандарын оқу.
Жаңа түсініктер.
Дк-нің мәтіндік те, графикалық та ақпараттарды өңдеу мүмкіндігі бар. Мұндай ақпараттарды өңдеудің қарапайым құралы стандартты Windows операциялық жүйесі болып табылады. Paint графикалық редакторы растрлық бейнелермен (көптеген бөлек түрлі-түсті нүктелерден - пикселдерден тұратын) жұым істеуге арналған. Сондықтан әрбір суретке қатаң анықталған орын беріледі (өлшем). Сонымен бірге бекітілген түстер саны қолданылады.
Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға арналған.
Редактор:
1. Құрал-саймандар сен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;
2. Суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;
3. Суретке мәтінді енгізуге және қалыптастыруға;
4. Бар графикалық объектілерді түзетуше;
5. Схемаларды сызуға және т.б. мүмкіндікті береді.
Paint бағдарламасын іске қосу:
Пуск-Программы-Стандартные-Графический редактор. Paint.
Редактор жүктелгеннен кейін тақырып жолынан, меню мен жұмыс үстелінен тұратын терезе пайда болады. Менюді пайдалана отырып, терезеде құрал-саймандар тақтасын, палитраны және қалып-күй жолын жарықтандыруға болады. Егер жұмыс ортасының өлшемі терезе өлшемінен үлкен болып берілсе, онда жұмыс ортасының төменгі және оң жақтарында айналдыру жолақтары пайда болады. Қалып- күй жолында меңзердің пикселбдердегі координаттарын байқауға болады.
Сурет салу кезеңдері:
Құрал саймандар тақтасы жұмыс аймағының сол жағында орналасады және онда мынандай құрал-саймандар бар:
* Суреттін ерікті аймағын белгілеу;
* Суреттін тіктөртбұрышты үзіндісін белгілеу;
* Суреттін белгілі бір бөлігін өшіруге арналған өшіргіш;
* Тұйық контурды құю;
* Суреттен түс таңдау;
* Экрандағы бейненің өлшемін өзгертуге арналған масштаб;
* Жіңішке сызықтарды сызуға арналған қарындаш;
* Ерікті сызықтарды сызуға арналған кисть (қылқалам);
* Түрлі түсті нүктелерді салуға арналған бүріккіш;
* Мәтінді енгізуге арналған жазу;
* Фигураны салуға мүмкіндік беретін құрал-саймандар, фигура дұрыс салыну үшін маусты жылжытқанда Shift пернесін басып ұстау керек;
* Салынған кескінді болдырмау үшін Ctrl +Z пернесін басу керек.
Палитра. Палитра жұмыс аумағынан төмен орналасқан және түстер жиынтығынан басқа (түрлі түсті шаршылар), негізгі және фонның түсін көрсететін түс индикаторы бар. Түстер маус батырмасын қажетті түсте басу арқылы таңдалады. Оң жақ батырмасымен-фонның, сол жақ батырмасымен негізгі түсті таңдаймыз. Өшіргіш кескінді фонның түсімен өшіреді. Тікбұрыш, копбұрыш және эллипс таңдаған режимге байланысты, фон түсімен боялуы мүмкін. Палитраны өзгерту үшін оған маустың оң жақ батырмасымен екі рет шерту керек.
Меню. Меню алты пункттен тұрады. Оларды маустың батырмасын басу арқылы таңдауға болады. Менюдің әр пункті созылған бағыныңқы менбден тұрады. Меню арқылы терезенің түрін, жұмыс аймағының өлшемін өзгертуге, суреттің бөлігін көбейтуге, суреттің белгіленген бөлігінің түсін өзгертуге, еңкеюін ауыстыруға, сурет сақтау немесе қалпына келтіруге, суреттін экранға беру режимін өзгертуге (масштаб), суреттің бір бөлігін көшіруге және оны алмасу буферінде сақтауға (ақпаратты уақытша сақтауға арналған арнайы аймағы) болады.
Тапсырмалар: 1 топ 2 топ
1- тапсырма: ПТ-19-1 орындау 1- тапсырма: ПТ-19-2 орындау
Тапсырмалар: Ертегі кейіпкерлерінің суретін салу.
Сабақты бекіту сұрақтары:
* Paint графикалық редакторының атқаратын қызметі?
* Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?
* Paint графикалық редакторының терезесінің бөліктерін ата?
* Сурет салу әдістері қалай орындалады?
* Түстер палитрасының қызметі?
* Меню жолының қызметі қандай?
Бағалау: Әр топ басшылары бағалау.
Қорытындылау: сұрақтарға берген жауаптарын толықтыру.
Үйге тапсырма: 4.1 тақырып оқу, 4.1, 4.4 тапсырмаларды орындау. Тест.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz