9-сынып тарих пәні: Тың және тыңайған жерлерді игерудің жетістіктері мен зардаптары - пікірсайыс сабақ жоспары

"С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" КММ

9 сынып

Дебат сабақ

Тың және тыңайған жерлерді игерудің жетістіктері мен зардаптары

Тарих пәнінің мұғалімі: Ахмадиев Азамат Турдыгулович

Қопа ауылы

2016 оқу жылы

Тарих пәнінің мұғалімі

Ахмадиев Азамат Турдыгулович

"С. Сейфуллин атындағы жалпы білім

беретін орта мектеп" КММ

Ш. Қ. О. Аягөз ауданы, Қопа ауылы

Тақырыбы: Тың және тыңайған жерлерді игерудің жетістіктері мен зардаптары

Мақсаты:

а) білімділік: -Тың және тыңайған жерлерді игерудің себеп-салдарын, жетістіктері мен кемшіліктерін тарихқа маңызын ашып көрсету;

ә) дамытушылық: -тыңды игеруге байланысты екі түрлі көзқараста баға беру. Қызу пікірталасқа қатыса отырып, әр топ өзпікірін дәлелдемелерге сүйеніп, айғақтар келтіру арқылы өз көзқарастарын қорғап шығу. Өз бетімен жұмыс істету арқылы оқушылардың іскерлігін, ойлау қабілетін, еркін сөйлеу қабілетін дамыту. Сондай-ақ болған оқиғалар мен оларды жүзеге асырған қайраткерлерге баға бере білуге дағдыландыру.

б) тәрбиелік: -сабақ барысында тың туралы оқушылар пікірін тыңдай отырып, оларды туған халқын, ұлтын, жерін сүюге тәрбиелеу. Мамандыққа, еңбекке деген көзқарастарын қалыптастырып, адамзат прогрессінің маңызды мәселелерін шешуге өзіндік үлес қосуға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру формасы: жекелеме

Сабақтың түрі: пікір-сайыс сабақ

Қолданылатын әдіс: пікірін айту, қарама-қарсы сұрақ қою

Пән аралық байланыс: Адам және қоғам, бүгінгі өмір

Көрнекілік құралдар: таблицалар, Қазақстан Республикасының картасы т. б. безендірулер

Сабақта қолданылатын жабдық: бейнетаспа, тақта

Жаңа тықырыптың жоспары:

1. КОКП Орталық Комитетінің 1954 жылғы қаңтар-наурыз Пленумының қаулысы. (Бейнетаспадан)

2. Тың және тыңайған жерлерді игерудің жетістіктері мен зардаптары

3. Тың және тыңайған жерлерді игерудің қорытындысы

Сабықтың құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу.

Сабақтың барысы:

1. Кіріспе: Соғыстан кейінгі жылдары ауыл шаруашылығын дамытуда көптеген кемшіліктер болды. КОКП -ның 1953 ж. қыркүйек пленумы ауыл шаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап, оның даму болашағын анықтауға арналды. Ауыл шаруашылығының өнімдерін өндіру елдің өскелең қажеттерінен айтарлықтай артта қалып еді. Оған себептер:

1. Соғыстан бұрынғы күштеп ұжымдастыру.

2. Миллиондаған шаруалардың қуғын-сүргін және ашаршылық құрбаны болуы.

3. Өнеркәсіпті көп жағдайда ауыл шаруашылығы есебінен дамыту, аграрлық секторға әсер етті.

Осы тығырықтан шығу жолында, өкімет билігінің жоғары деңгейінде тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды.

Бейнетаспадан Тың және тыңайған жерлерді игерудің қалай болғандығы жөнінде қысқа көрініс.

ІІ. Негізгі бөлім:

-Балалар, бүгінгі біздің міндетіміз тыңның 62 жыл қарсаңында, оның жетістіктері мен зардаптары жөнінде сендердің пікірлеріңді білу. Сонымен бүгінгі пікірсайыс сабағымызды бастаймыз. Ортаға ду қол шапалақпен жақтаушы "Үкімет" командасын шақырайық. Мадина, Назерке, Ардақ, Сәбит.

-Осындай қошеметпен ортаға даттаушы "Халық" командасын шақырамыз. Ержан, Талғат, Гүлфара, Бақнұр.

-Құрметті форумға қатысушылар сайысымызды бастайық.

1. Жақтаушы жақтың 1 спикері Мадина:

Уақыты 4 мин.

Тың жерлер игерілген аймақтар және әр жыл сайын жыртылған жерлердің мөлшері мен алынған астық, ауыл шаруашылығының техникамен қамтамасыз етілуі туралы әңгіме қозғайды.

2. Даттаушы жақтың спикері Ержан:

Уақыты: 4 мин.

Тың жерлерді жаппай игеруге байланысты қазақстандық ғалымдардың пікірі және тың игерудің мал шаруашылығы мен демографиялық ахуалға тигізген кері әсері туралы тоқталады.

3. Жақтаушы жақтың 2 спикері Назерке

Уақыт 4мин.

Тың жерлерді игерудің жағымды құбылыстарын дәлелді түрде айтып шығады, мысалы: 1. Қазақстан -КСРО -ның астықты аймағына айналды. 2. Қазақстан -көп ұлтты республика болды т. б.

4. Даттаушы жақтың 2 спикері Талғат

Уақыты 4 мин.

Жақтаушы жақтың 2-спикерінің дәлелдеріне қарсы, тың игерудің жағымсыз құбылыстарын жеткізеді. Мысалы: 1. Экологиялық жағдаймен тілдік және демографиялық ахуалға әсері. 2. Жер- су аттарының әлі күнге шешімін таппай келе жатқандығы туралы т. б.

Сараптамашының пікірін тыңдау.

Жүргізуші: -Құрметті көрермендер, форумға қатысушылар екі жақтың тың игеру туралы пікірлері мен дәйектерін тыңдар болған сияқтымыз. Келесі сөзді үкімет жағының сарапшысы Ардаққа берейік.

Сарапшы Ардақ: -Жоғарыда сөйлеп кеткен "Халық" тобының тыңға байланысты атап өткен кемшіліктерін тыңдай отырып мынадай қорытындыға келдім:

1. Қандай тарих болмасын оның ақ, қара жақтары болады. Менің ойымша тың игерудің кемшіліктерінен жетістіктері басымырақ болды. Оған мынадай дәлел:

1. Қазақстан астықты республикаға айналды.

2. Ауыл шаруашылығы техникамен қамтамасыз етілді.

3. Жаңа елді-мекендер, қалалар пайда болды.

4. Тың игерушілерге көрсетілген әлеуметтік теңсіздіктерге қарамастан достығы нығайды.

Қорыта айтқанда тың игерудің нәтижесінде Қазақстан сыртқа астық шығаратын экспортты елге айналды.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға өз ойларыңызды ортаға салғандарыңызға рахмет.


Ұқсас жұмыстар
Тарих пәні бойынша Тың және тыңайған жерлерді игеру тақырыбындағы сабақ жоспары
1954-1959 жылдардағы тың және тыңайған жерлерді игерудің Қазақстан ауыл шаруашылығына әсері мен салдары
Тың және тыңайған жерлерді игеру: саясаты, нәтижелері және демографиялық әсері
Тың эпопеясы: Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру мен оның әлеуметтік-экономикалық әсері
Тың және тыңайған жерлерді игеру саясаты: Қазақстандағы тарихы, нәтижелері және тарихи маңызы
1954-1956 жылдардағы Тың және тыңайған жерлерді игеру: Қазақстанның тарихи маңызы мен әлеуметтік-экономикалық салдары
9-сыныпқа арналған Қазақстан тарихы: Тың игеру туралы сабақ жоспары
5-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: Тың игеру
Сабақ жоспарлары: Ежелгі Египет әдебиеті мен өнері; Сақтардың тәуелсіздік күресі; Тың жерлерді игеру
1926-1941 жылдардағы Қазақстанның индустрияландыруы: жетістіктері мен зардаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz