Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Бастауышым - балбұлағым сценарий
Тақырыбы:Бастауышым - балбұлағым
Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбы мен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу.
3. Білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Барысы:
Шырылдаған тыныш алмай,
Қоңыраудың үні қандай!
Мақсатына жете ме адам
Оқу оқып, білім алмай.
Ғаламның көп тас қамалы,
Ғаламдық та асқаралы,
Біз ұстаған кіп-кішкентай
<<Әліппеден>> басталады - деп жырлай отырып, тарыдай болып кіріп, ақыл-ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің бастауыш сыныпты аяқтау мерекесіне қош келдіңіздер!
Ата-аналар! Балаларыңыздың бастауыш білім басқышынан жоғары сыныпқа өткені құтты болсын! Балалар бәрімізге бақыт пен қуаныш әкелсін!
Алибек
Армысыңдар ұстаз қауым ата - ана,
Құлақ түрің жақсы лебіз батаға
Келдік біздер 4 жыл бойы еркелеп
Бастауыштың балалары ата - ана.
Айжұлдыз
Би биленіп ән айтылар аспандап
Бірте - біртекөтерілді баспалдақ
Алғаш ұстаз алғы сайтып өзіңе
Қоштасу сәт қимастықпен басталмақ
Айжан
Барлық білім бастауыштан басталған
Алғыс саған үлкендермен жастардан
Рахмет саған алғаш ұстаз апайым
Бергеніңді ойға тоқып қайтарам.
Айзада
Риза болшыұстазқауымардақты
Шәкірт жүрек сізге арнау арнапты
Жылдар жылжып айлар зулап өтсе де
Бастауышты орта буын жалғапты
Алибек.
Қадірлі: ұстаздар, Ата - аналар, Оқушылар біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан,білім нәрімен сусындатып, білімнің іргетасын
қалаған бастауыш мектебімізбен.
Айжұлдыз
Сондай - ақ біздің ыстығымызға күйіп,суығымызға тоңа білген оңымыз бен солымызды танытқан жақсыдан үйренуге,жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырған.
Төртеуі бірге: Салтанатты кешке қош келдіңіздер!
Айжұлдыз.
Армысыздар, құрметті ата - аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған біз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанатымыз қатайып бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз.
Айзада
Бесіктегі баланың, күлгенін көрген - бір бақыт.
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген - бір бақыт! - дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектеріңіз бүгін сіздерүшін бар өнерлерін көрсетіп, тағы да бір бақытқа кенелтпекші!
Айжан
Толқимыз, толқып тұрмыз баршамыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп отырайық
4 <<ә>> сыныбы ортамызда!
Қыздар тобының орындауында <<Шашу>> биі.
Осынау кішкене бүлдіршіндерге деген ақ тілек, ақ ниетін білдіру үшін ортаға мектебіміздің.............................................
және ата - аналар атынан ата - аналар комитетінің төрайымы
сөз береміз.
Ақтоты.Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты
Рамазан. Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
Диана.Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби - еркелер!
Анель.
Армысың сен, алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр - алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Ән: Мектебім
Айжұлдыз.Иә, мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше,сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық!
Ерсұлтан.
Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
Еркебұлан. Мектебім - білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата - анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
Дінмұхамет.. Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Айзада.Мектеп - үйім, ұстазым менің - ата - анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып, сан тарапқа тараған.
Мектебім - сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін, көктеймін.
Сен - бұлақ, мен - қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.
Аружан.
Мектеп - кеме, білім - теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін,
Азық етіп ер жетеміз.
Алибек.Сыныптасымыз Бектұрғанова Анель музыкалық аспапта өз өнерін көрсетеді.
Айжан. << Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға>>,- деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз - ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән - жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің?
Алибек.Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. <<Мұғалім - мектептің жүрегі>> - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Айжан. Дұрыс айтасың ,Алибек .ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Алибек. Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: <<Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді>>деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!
Айжан: Ендеше, <<Ұстазым>> әнін қабыл алыңыздар!
Диас.
Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
Мирлан.
Жарық күннен жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыс тартқан қара жол,
Көз жұмсам да көре тұғын белестер.
Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай
Даяна.Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын
Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың.
Өмірде сенің алар орыныңа,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
Темірлан.
Күн кешегі жабырқау қайда қалған,
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.
Мейірің ба, ұстаздық жүрегің бе?
Жан дүниесін баланың жаулап алған.
Нұр құйған санасына зейіндінің.
Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.
Дарыттың адамдықты шәкіртіңе,
Дамыттың дарын отын бейімдінің.
Шұғыла.
Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап.
Шәкірттерін жиі еске алатын.
Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан,
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталады жан жүректе есіміңіз,
Адамның аяулы үні сияқтанған.
Айзада. Не деген әсем жырлар десеңші!
Абылай.Ия, мектебіміз бен ұстаздарымызға арналған жырлар таусылған ба?Дұрыс айтасың, Абылай. Олай болса, ұстаздардың құрметіне сыныптасымыз Шұғыланың биін тамашаласақ қайтеді?
Айзада. Әрине! Олай болса биші қыздарыңыз Тұрсынова Шұғыланың орындауында ұйғыр биін тамашалаңыздар!
Нұрсерік.
Ұстаздар сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады.
Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден!
Айжан.
Сыныптағы ерекше жандар
Еркебұлан, Алибек, Архат ,Ерсұлтан.
КВН - нің шебері
Шықса олар ортаға,
Бүкіл сынып күледі.
Болашақ әртіс боларына
Ұстазымыз да сенеді.
Айжұлдыз. Иә, осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби - балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік. Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Алибек. Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа!
Абылай.
Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
Дильнара.
Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте - бірте үйренісіп.
Мектептің ережесін үйрендік кеп.
Диана.
Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,
<<А>>әрпін алғаш сеннен бастадым.
Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.
Еркебұлан.
Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп - ойнап біріміз бен біріміз.
Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар, мәңгі талай жылдарға.
Алибек.
Әрбір үйдің еркелері, наздары
Әрбір үйдің көктемдері, жаздары
Би билейді ортамызда жарқылдап
Сыныбымыздың ару ерке қыздары
Сынып қыздарының орындауында <<Буратино>>биі
Анель.
Бастауышым - бал бұлағым,
Алдым сеннен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.
Диас.
Бастауышым - балбұлағым
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.
Даяна.
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым - бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Айзада.Көрініс. <<Ата ақылы.
Ортаға қария Сейтқазы Мирлан мен 5 оқушы шығады. Оқушылар қарияға амандасып, одан ақыл сұрай келгендерін айтады)
- Ата, ата, арман деген не? - депті жігіт
- Арман дегеніміз - ақыл - ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді депті қарт.
- Дос табу оңай ма? - депті қарт.
- Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.
- Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың, депті қарт.
- Үйдегі алтын қазығың кім? - депті қарт.
- Ата, үйдегі алтын қазық - бала, депті жігіт.
- Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана -- ақылшың, әке - қамқоршың, ағаң -- қорғаушың, інің -- сүйенішің, қарындасың - қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем, - депті қарт.
- Өмір сүру үшін не қажет? - депті қарт.
- Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет, - депті жігіт.
- Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су --
тіршілік, от - өмір, тұз - дәм, қыз - сән, ақыл өмірдің нәрін береді.
- Адамға ақыл беретін кімдер? - депті қарт.
- Ата, ана тілі ғой ақыл беретін, - депті жігіт.
- Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата - ана, ұстаз, досы. Ата -- ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Достықтың көзі ақылдан басталады, - депті қарт.
Алибек. Иә, қасиетті тіл, сөз шеберлігіне не жетсін?
Айжұлдыз.Әрине, тілдің құдіреттілігі сонша өткен ғасырларда өмір сүрген сал - серілер, ақын - жыраулар, түрлі шешендер мен билер, хандар мен сұлтандар, тіпті қарапайым халықтың өзі сөз асылын біліп, ел мен елдің арасындағы дауды еш соғыссыз шешіп отырған.
Айжан.Тіпті сөзбен жеткізе алмаған ойын түрлі музыкалық аспаптар арқылы да жеткізе білген. Мысалы, Қорқыт пен Ықылас бабамыз - қобызбен жеткізсе, Құрманғазы атамыз бен Дина әжеміз - домбыраның құлағында ойнаған.
Алибек. Ендеше, қарсы алыңыздар, Нұрахмет Айжұлдыздың орындауында
<<Қасиетті домбыра>> әні
Айзада.
Қазақ тілі пәнінен,
Білім алды балалар.
Сөйлемді, сөз таптарын,
Етістіктің шақтарын,
Жалғаулар мен жұрнақтар.
Ережесін жаттадым.
Архат.
Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл - білім үйреткен.
Ана тілін оқыдық,
Ерекше зор құрметпен.
Ана тілін сүйеміз,
Құрметпен бас иеміз.
Ана тілмен қоштасамыз,
Әдебиетпен достасамыз.
Айжұлдыз.
Біз де сөз қадірін білетін оқушылармыз ғой. Сыныбымыздағы көркем сөз оқудың шебері Садвакасова Айжанға кезек берсек қайтеді.
М. Мақатаев <<Аққулар қош болыңдар>>
Алибек.Ең кішісі сыныптың,
Ең еркесі үйінің.
Оның даусы тұнып тұр,
Сыры бардай үнінің, - дей отырып Даулет Ерсұлтанның орындауындағы <<Көктем>> әнін қабыл алыңыздар!
Ақтоты.
Ойланып есеп шығартып,
Төрт таңбаны білдірген.
Ғылымдардың патшасы,
Математика данасы
Венера.
Ой жіберсең бәріне,
Дүниетану пәніне.
Өмір сырын үйретер,
Пәннің жақсы бірі де.
Жер байлығы көп екен,
Игеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген,
Дүниетану сабағы.
Айжұлдыз .Құрметті ата - аналар, ұстаздар біз бүгінде білім шыңын бағындырған , өз бетінше жаза білетін , ешкімнің көмегінсіз оқи алатын әнді шырқап, биді билей алатын өжет өрендер болып ержеттік. Біз осы 4 жыл ішінде туған тілімізде жыр жырлап , басқа тілдерді де шеттеген жоқпыз. Алибек.Нақтырақ айтсақ, орыс тілін, ағылшын тілін оқып үйреніп, білім көшіне барынша ілесудеміз. Қане, достар! Осы сөзімнің дәйегі болсын , тақпақтарымызды тілге тиек етейік.
( Орыс тілі мен ағылшын тілдерінде тақпақтарын айтады)
Мирлан
Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: <<Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың>> деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!
Айжан.
Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең - ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем, еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
Алибек Ұлдар тобының орындауында <<Анаға сәлем>> әні
Шұғыла.
Ыстық - ау кім - кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген
Темірлан.
Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген
Айжан.Сынып оқушыларының орындауында.<<Әке туралы жыр>>
Алибек. Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата - анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
Айзада.Ұстазым ғой әліпбиді үйреткен,
Көкейіме көрік беріп, гүл еккен.
Мені оқытып, өркенімді өсіріп,
Жалындатып, жанарымды нұр еткен.
Жадыраған жаздай жылы жаны бар,
Жақсылықтың шырағы боп жағылар.
Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған
Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал.
Алибек Құрметті пән мұғалімдері! Сіздерге шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр - түрлі номинацияларда марапаттаймыз.
1. "Ең білімді және талапшыл ұстаз " номинациясы бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Жексенбиева Рахиля апай мен Қасымджанова Ғалия апай марапатталады.
2.<<Дайындық сыныбында білім берген ұстаз>> номинациясы бойынша Айтпаева майра апай марапатталады.
3.<<Орыс тілін меңгерткен ұстаз>> номинациясы бойынша орыс тілі пәнінің мұғалімі Медетбек Салтанат апай марапатталады
4.<<Орыс тілін меңгерткен ұстаз>> номинациясы бойынша Орыс тілі пәнінің мұғалімі Сәрсенғазина Бақытгүл апай марапатталады
5.<<Ағылшын тілін меңгерткен ұстаз>> номинациясы бойынша ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Турабова Ардақ апай марапатталады
6.<<Күміс көмей, жез таңдай ұстаз>> номинациясы бойынша "Музыка" пәнінің мұғалімі Жамыханов Мұрат ағай марапатталады
7.<<Дені саудың - жаны сау>> номинациясы бойынша "Дене тәрбиесі" пәнінің мұғалімі Омаров Нұрбосын ағай марапатталады
8. <<Адам бойындағы асыл қасиеттерге баулыған ұстаз>> номинациясы бойынша өзін- өзі тану пәнінің мұғалімі Оңғарбаева Әсем апай марапатталады.
9. <<Бейнелеу өнерінің шебері>> номинациясы бойынша бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Болатов Жандос марапатталады.
Мұғалім:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік - шәкірттерім ертеңіңе.
Айналайын жап - жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.
Айзада <<Балдәурен>> әні.
Ақтоты.
Болса менің кішкене бір табысым,
Қорғағаным ұстазымның намысын.
Ұстазымша білсем деймін өмірді,
Ұстазымша болса деймін әр ісім.
Айжұлдыз
Өтті сенде қызық шағым.
Бастауышым - балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын!
Қош бол, қош бол, Сүйікті бастауышым!
Алибек.
Құрметті қонақтар, осымен <<Бастауышым - балбұлағым>> атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz