Ұстаз деген - жарық күні ғаламның

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні: 1. 10. 2015
Тәрбиеші: Умбетова Л.
Тақырыбы: «Ұстаз деген - жарық күні ғаламның»
Мақсаты: Балабақшаға деген сүйіспеншілігін дамыту, өзінің балабақша ұжымының мүшесі екенін санасына сіңіру. Достық қарым-қатынас сезімдеріне, үлкеннің еңбегін бағалауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Балалар, бүгін бізге қонақтар келген екен, қалай амандасатынымызды көрсетейік.
«Ізгі сөздер»
Сонымен таңертең балабақшаға келгенде не деу керек екен? Күндіз кездескен адамдарға не дейміз? Кешке үйге қайтқанда қандай сөз айтқан дұрыс?
-Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға
«Қайырлы таң!» деймін мен.
Күндіз де елді елеймін,
«Қайырлы күн!» тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білемін,
«Кеш жарық!» деп кіремін.
-Балалар, таңертең балабақшаға келгенде бірінші кімді көресіңдер?
-Тәрбиеші деген сендер үшін кім? (білім береді, үйретеді, ұстаз)
-Тағы кімдер жұмыс жасайды? (көмекші, әдіскер, меңгеруші, дәрігер, аспаз) - Жарайсыңдар, барлығы сендердің қамдарыңды ойлап, жағдай жасайды, еңбекті бағалау керек.
-Ұстаздарға арналған тақпақ кім біледі?
Сергіту сәті: «Аяқпенен топ-топ-топ»
(Осы кезде сырттан дауыс естіледі)
-Балалар, мынау ненің дауысы?
-ол қандай құс екен?
(Қарлығаш келеді)
-Балалар, қарлығаштың көңіл-күйі жоқ, ол тобынан жылы жаққа ұшудан қалып қойған сияқты, бізден көмек сұрап келіпті, көмектесуге дайынбыз ба?
-Құстар қаймезгілде жылы жаққа кетеді? Не үшін кетеді?
-Көмектесу үшін біз күз мезгілі туралы бәрін білуіміз керек
Күз мезгіліне қатысты белгілерді ілу
Күз туралы кім тақпақ біледі?
Күзден басқа қандай жыл мезгілдері бар?
Енді күзгі жапырақтармен ойын ойнайық
д/ойын: «Жапырақ құрастыр»
-Жарайсыңдар, балалар, қарлығаштың көңіл-күйі ккөтеріліп қалған сияқты, енді қарлығашты алыс сапарға шығарып салмас бұрын, жолда қарны ашып, шаршап қалмас үшін, оған жем берейік.
Шығармашылық жұмыс: ермексаздан жем жасау
-Балалар, құстар сендерге риза болған сияқты, ол енді алысқа ұшуға дайын.
-Тәрбиеші
-жауаптарын айтады
Камила:
Доспен тату ойнауды,
Мерекені тойлауды,
Бойымызға сіңірген
Көптің қамын ойлауды -
Тәрбиеші апайлар
Диас:
Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып, билеткен,
Таныстырған ең алғаш
Әріптермен, суретпен -
Тәрбиеші апайлар.
-әндетіп, қимылмен көрсетеді.
-құстың
-иә
-күз, себебі күн салқындап, тоңады.
Күзге қатысты суреттерді табады
Бауыржан:
Сап-сары маңай,
Сап-сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Сымбат:
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Рахат:
Күзде жеміс піседі,
Сабағынан жел үзіп,
Жерге топ-топ түседі.
-Балалар, сендер қандай игі іс істедіңдер? Осындай қамқор болуды кім үйретті? Үйде ата-аналарың болса, балабақшада екінші аналарыңдай болған ұстаздар үйретеді.
-Балалар сендерге құстардың ризашылығын білдіргім келеді, әрқашан осындай қамқор, көңілді болып жүріңдер!(смайликтер тарату)
-ата-анамыз, ұстаздар
-рахмет!
Күтілетін нәтиже
Білді : Балабақша қызметі, жыл құстары туралы
Игерді: Ермексазбен жұмыс жасау тәсілдерін
Меңгерді: Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz