9-сынып биологиясы: фотосинтезтің тарихы, фазалары және сабақ жоспары

Биология. 9-сынып. ҚМЖ.
Сабақтың тақырыбы: Фотосинтез.
Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларға фотосинтез үдерісінің ашылу тарихы, фазалары және оған қажетті жағдайлар жайлы білім беру;
Ә) Оқушыларға фотосинтез үдерісінің мәнін түсіндіре отырып, табиғатты аялауға баулу;
Б) Есеп шығару іс-дағдыларын дамыту
Күтілетін нәтиже: А) фотосинтез қандай ағза жасушаларында және қандай органоидтарында жүретінін біледі.
В) фотосинтез үдерісінің екі сатыда жүретінін біледі, фотосинтездің жалпы реакциясын қарапайым теңдеу түрінде сипаттай алады.
С) фотосинтез үдерісіне кең көлемде сипаттама бере алады, фотосинтез факторларын ажырата алады.
Сілтеме: «Биология» оқулығы М. Қ. Гильманов, А. Р. Соловьева, Л. Ү. Әбшенова
Алматы қаласы «Атамұра » баспаханасы, 2013 ж.
Сабақ жоспары:
«Фронтальды сұрау» әдісі арқылы оқушылардың үй тапсырмасына дайындығын тексереді.
- - оттексіз ортада өмір сүре алатын тіршілік иелері қалай аталады?
- - Анаэробтардың түрлері қандай?
- - тынысалу үшін қандай жағдайлар қажет?
- - АТФ-тың қандай мөлшері тынысалудың қай кезеңінде түзіледі?
А. Сілтеме табушылар тобы. Мәтінді оқи отырып, жаңа ұүымдарды тауып, анықтамасын оқу.
- Фотосинтездің жарық сатысы
- Фотосинтездің қараңғы сатысы
- Фотолиз
- Фотофосфорлану
- Фотокорбаксилдеу
В. Баяндаушы топ: мәтінді оқи отырып, кесте құрастырып, оны баянда.
С. Ізденуші топ:
Фотосинтез жасыл пигмент хлорофиллі бар жасушаларда өтеді. күн жарығы энергиясының әсерінен көмірқышқыл газы мен судың оттегі мен көмірсуларға айналу үрдісі. Түзілген көмірсулар қорек ретінде қолданылады, ал оттегі атмосфераға түседі. Суретте фотосинтездің жалпы сұлбасы берілген.
Бағалау «Смайлик» арқылы бағалау
Мақсаты: бір-бірлерін бағалау