Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Тербейін тәуелсіздік тал бесігін атты театрландырылған мерекелік концерттің сценарийі
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 24 жыл толуына орай ұйымдастырылған
<<Тербейін тәуелсіздік тал бесігін!>> атты театрландырылған мерекелік концерттің сценарийі:
(Сахнада музыка әуені ойналады. Сахнаға Жер-Ана кейпіндегі оқушы шығады.)
Жер-Ана: Уа, халқым армысың! Барша бауырым бармысың? Әрбір арайлап атқан таңға, әрбір қызарып батқан күнге <<Тәубе, тәубе!>> деп шүкіршілік етіп, мен де - Жер-Ана, сендермен бірге жасасып келемін. Сендер көрген қиыншылықты мен де көріп келемін. Уф! Бұл қазағымның басынан нелер келіп, нелер өтпеді. <<Елім-айлап!>> елінен, жерінен айырылған қайран менің, қазағым!
О, сұмдық заман-ай,
Көп зұлымдық жасады-ай.
Әр ананың көз жасы.
Қанды жас боп төгілді-ай!
Жер-Ана: Елі үшін, жері үшін шайқасып, жанын беріп айқасып, Ұлы Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азматтар мерт болды.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім.
Естігенде желтоқсанның ыздарын.
Жер-Ана: Талай қиыншылықты басынан өткерген қазақ халқы осы көтерілістің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдында егемендік алып, тұңғыш президентімізді сайлап, тәуелсіз егеменді ел болды.
Біз <<Шүкір дейік, құдайға тәубә дейік!>> Міне, мен Жер-Ана осының бәріне де куәмән. Уа, халқым шаттан бүгін! Уа, халқым қуын бүгін! Тәуелсіздігімізге 24 жыл! Бүгін бізде береке! Бүгін бізде мереке!
1 жүргізуші:
Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
2 жүргізуші:
Армысыздар, қымбатты көрермендер! <<Тербейін Тәуелсіздік тал бесігін!>> атты салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз.
1 жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын!
1 жүргізуші:
Иә, бұл әнұран сөздері дүниеге келіп, егеменді ел атанғанымызша біздің халқымыздың басынан қиындықтар мен қатыгез жылдардың небір сұмдықтары өтті. Бұл қазақ халқының ары мен намысына, тағдыры мен тарихына өшпес таңба салған 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі.
2 жүргізуші:
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерелісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рұсқылбеков, Ляззат Асанова, Сәбилә Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.
1 жүргізуші:
Ән: <<Желтоқсан желі>> орындайтын Бакишева Әсемгүл
1 жүргізуші:
Ел болып жатқан шақта қосып тілек,
Ойламан бақыт құсы кешікті деп.
<<Тербелді Тәуелсіз күн, тал бесігі>>
Бұл күнді жүруші еді-ау тосып жүрек.
2 жүргізуші:
Кезегі келді міне, тосқан күннің,
Қар жауып, қайта ашылды аспан бүгін.
Қарашы, ақша бұлтқа кетті айналып,
Еңсемізді қашаннан басқан мұңым.
Аңсағаным: <<Қазақстаным>>
1 жүргізуші:
Арада төрт жыл өткен соң 1990 жыл 17 желтоқсанда сол алаңға ескерткіш тақта қойылды. Ендеше, сол желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық.
Күй <<Кероғылы>> орындайтын Өтепқалиева Дильназ
1 жүргізуші:
Бас алаңда ел жосқан,
Жастар қаны жуған түн.
16 желтоқсан,
Тәуелсіздік туған күн!
Міне, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.
2 жүргізуші:
Сіздер Отанымыздың ұрпақтарысыздар! Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сіздер болмақсыздар!
Ерқанат:
Сол Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Желбіреген көк байрағымыз, айбынды әнұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр.
Егемендік иесі <<мен>> деген сөз,
Көптеген бері естілмеген ерен сөз,
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған.
Көркем жігіт болып өссе көген көз.
Егемендік - ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.
<<Егемендік>> деген сөзден естілер,
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.
1 жүргізуші:
Бұл күндері Қазақстан өзінің ең басты мейрамы - Тәуелсіздік күнін атап өтуде.
2 жүргізуші:
1991 жылы 16 желтоқсан әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет - Қазақстан Республикасы пайда болды.
Мейрамбек:
24 жыл, тәуелсізбін, дербеспін,
Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім.
Бодандығым ғасырларға жалғасқан
Қазір міне артта қалды, келмес күн.
Қуаныштан жасқа толы жанарым,
Ұрпағы едім Көк бөрідей дананың.
Енді міне билік тиіп қолыма,
Желбірейді күн астында жалауым .
Дильназ: <<____________________>>
1 жүргізуші:
1992ж 11 желтоқсан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының тексі туралы заңға қол қойылды.
2 жүргізуші:
1993ж 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы енгізілді. 1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді. 6 шілде Астана қаласының туған күні болып бекітілді.
Ән: <<Жаса туған жерім>> орындайтын 9 сынып оқушылары
Мирас:
Дамуымыз керек енді қарқынмен,
Уақытымыз есептеулі алтынмен.
Тәрбиелеп, саналы ұрпақ өсіріп,
Өркендейміз ата-баба салтымен.
Жас ұландар терең білім меңгерген,
Ауру-сырқат дұрыс жолмен емделген.
Жыл сайынғы Елбасының жолдауы
Халқыма жігер берген, дем берген.
Ақболат:
Астанамыз, бар қаламыз гүлденіп,
Келе жатыр жылдан-жылға түрленіп,
Тәуелсіздік арқасында үкімет
Жатыр міне, барлығына үлгеріп.
Сүйінші елім, тәуелсіз елім, сүйінші
Көкейден күй, көмейден жыр құйылды.
Елу алты ел бас қосатын жиында.
Төрағалық қазағыма бұйырады.
Алмас:
Төбем көкке жетпей қалды бір елі,
Енді міне бүкіл әлем біледі
Қазақ деген жомарт халық емеспе,
Аузын ашса көрінетін жүрегі.
Ынтымақ бар ел бірлігі жарасқан
Бізге қарап жол түзейді адасқан.
Барлық ұлтты туыс бауыр көреміз,
Ешқайсысын бөліп жатырқамастан.
Мақпал:
Қалықтасын көгімізде қыран құс,
Ерлігіміз болсын елге жыр-аңыз.
Ата-бабам армандаған сан ғасыр,
Тәуелсіздікке тәубе, тәубе мың алғыс.
Дәлелденді тура адал жолымыз,
Дос құшаққа әркез дайын қолымыз.
Ер Нұр-аға, тек қана алға бастаңыз,
Біз ереміз, сіз аман - сау болыңыз!
Данияр:
2 жүргізуші:
1998 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту туралы үкімет қаулысы шықты.
1 жүргізуші:
1999жылы тұңғыш Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қайта сайланды.
Ән: <<Сәлем Қазақстан!>> орындайтын Хайретдинова Дария
1 жүргізуші:
Елдің болашағын баянды ететін жастар. Олай болса балалар мен жас өспірімдердің де республика деңгейінде басын біріктіріп, еліміздің ертеңі үшін ортақ игі істерді ұйымдастыруға уақыт жетті.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20- жылдығы қарсаңында 2011 жылғы 6- шілдеде балалар мен жасөспірімдердің біріңғай
<<Жас Ұлан>> ұйымы құрылды.
2 жүргізуші: Бүгін осы мерекеге орай салтанатты түрде Республикалық біріңғай балалар және жасөспірімдер бірлестігіне мектебіміздің бірқатар ең үздік , оқуда озат оқушылары кіргелі отыр.
Ән: <<Елім менің>> орындайтын Дүйсекенов Ақболат
1 жүргізуші:
Тәуелсіздік күнінің қарсаңында біз барша Қазақстан халқын қазақ жеріндегі бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болып отырған айрықша мерекемен құттықтаймыз!
2 жүргізуші:
Жер бетінде әрқашан достық пен келісім орнап, еліміздің болашағы жарқын болсын!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz