Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Жұлдызды сәт интеллектуалдық сайыс

Информатика пәні мұғалімі: Баймаханова Назерке Тәжетқызы
Информатика пәнінен пәндік шара
Тақырыбы: <<Жұлдызды сәт>> интеллектуалдық сайыс
Мақсаты:
Білімділік: Жалпы информатика пәні бойынша оқушылардың білімдерін тиянақтау, ой- өрісін кеңейтетін тұжырымдар жасату және пән бойынша білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, өз ойларын айта білуге үйрету, шығармашылық қабілетін және ой ұшқырлығын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды бірлікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, бәсекелестік қабілетікке, ұжымдық сезімге тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс
Көрнекілігі: Проектор, слайд
1- жүргізуші: Тәжет Ақерке Тәжетқызы
2- жүргізуші: Қасымхан Ержан Қасымханұлы
1- жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар!<<Жұлдызды сәт>> интеллектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер! Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілейміз.
2- жүргізуші:
Информатика болашаққа бастайды
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып 21- ші ғасырға
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
1- жүргізуші:
Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды
Информатика озады бар ғасырды
Ой түйіндеп, жетелейді адамды
Әлі ашылар құпиялар сан қырлы- дей келе бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайыс шарты: <<Жұлдызды сәт>> интеллектуалдық ойынына 5, 6, 7 сынып оқушыларынан құралған 3 команда қатысқалы отыр. Әр команда 3 ойыншыдан құралған. Ойын 4 кезеңнен тұрады.
І кезең Дешифратор (<<Ия>> және <<Жоқ>> деп жауап береді)
ІІ кезең Қисынды ойлай білейік (3 топқа логикалық тапсырма беріледі)
ІІІ кезең Дода (Ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді)
ІV кезең Аниматорлар (Пәнге қатысты термин немесе құралды іс - қимылмен көрсетеді)
Командалармен танысып өтейік:
5 сынып <<Бірлік>> командасы, команда мүшелері
Сақтағанұлы Рамазан, Қайырбай Алмат, Бодан Нұртөре
Ұраны: <<Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін>>
6 сынып <<Жеңіс>> командасы, команда мүшелері
Жахат Шоқан, Жамбыл Ерұлан, Марат Бостан
Ұраны: <<Тек қана алға>>
7 сынып <<Ақиқат>> командасы, команда мүшелері
Өмірсерік Ербол, Абат Нұрбек, Әбдіғаппар Нұртілеу
Ұраны: <<Өзіңе сен, өзіңді алып шығар ақылың мен білімің екі жақтан>>
2- жүргізуші:
Әділ халқым берерсің әділ баға
Білімі мен білігін салыстырып- дей келе алдымен сіздерді осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1. Жусупова Мира - мектеп директоры
2. Әбенова Ұлжан - бағдарлы жөніндегі орынбасары
3. Жаңабергенова Алтын - оқу ісі меңгерушісі
1- жүргізуші:
Төрағасы, төбе билер, жюрилер
Әділетпен кеңес құра біліңдер - дей отырып сайысымыздың І кезеңі <<Дешифратор>> кезеңін бастаймыз. Әр топқа 10 сұрақ қойылады, сұрақтың дұрыстығын <<ия>> немесе <<жоқ>> деген жауаптармен жауап беру керек, әр дұрыс жауап 5 балл болып есептеледі.
І кезең. <<Дешифратор>> кезеңі
5 сынып <<Бірлік>> командасына қойылады:
1. <<Ақпарат>> сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау,мәлімет дегенді бәлдіреді. (ия)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
3. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
4. 1 байт 8 битке тең. (ия)
5. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)
7. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
8. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)
9. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады (жоқ)
10. Өзектілік, толықтық ақпараттың қасиеттері (ия)
6 сынып <<Жеңіс>> командасына қойылады:
1. <<Информатика>> пәні ЭЕМ-нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)
2. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (ия)
3. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)
4. Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)
5. Компьютерде жұмыс жасау үшін операциялық жүйенің қажеті жоқ. (жоқ)
6. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
7. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)
8. Процессор- ол компьютердің миы. (ия)
9. 1 Мегабайт 8 байтқа тең. (жоқ)
10. ЭЕМ-нің дамуының ІІІ буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (жоқ)
7 сынып <<Ақиқат>> командасына қойылады:
1. Бит, байт ақпараттың өлшем бірліктері. (ия)
2. 1 Кбайтта 1024 Мбайт бар. (жоқ)
3. Пернетақта, сканер ДК- дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)
4. Delete пернесі оң жағында тұрған символды өшіреді. (ия)
5. ЭЕМ- нің даму тарихы 7 буыннан тұрады. (жоқ)
6. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
7. Ақпараттық үдерістер 3 - ке бөлінеді (ия)
8. Адамға ақпарат дыбыс, мәтін, графикалық түрде берілмейді. (жоқ)
9. Принтер- ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
10. ЭЕМ дамуының І буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (ия)
2- жүргізуші:
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
1-жүргізуші: Сонымен ІІ кезеңіміз <<Қисынды ойлай білейік>>. Бұл кезеңде топтарға логикалық сұрақ беріледі. Мұқият тыңдаңыздар! Енді сұрақ: Тышқанның шаригі кірлеп, жүрмей қалса не істер едің? Ол үшін сіздердің алдарыңызға 8 түрлі зат берілген сол заттар арқылы тығырықтан қалай шығамыз.
Олар: Табақтағы су, сабын, орамал, парақ, спирт, мақта, отвертка, қайшы.
Жауап толық болса 20 балл, толық болмаған жағдайда 10 балл қойылады. Бұл кезеңнен кейін ең төмен балл жинаған команда ойыннан шығарылатынын ескертеміз.
2 - жүргізуші:
Жас достарым, мұны айтайын несіне,
Информатиканы құрметтеу менің есімде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
Сәйкес ұпай, шәкірт, саған несібе - деп, кезеңімізді бастайық.
Сіздерге 3 минут уақыт беріледі, ойланып шешімін табамын дегенше ортада ән шырқалады.
Ән: << >> Орындайтын: Тәжет Ақерке
2 - жүргізуші: Рахмет, Ақерке. Уақытымыз аяқталды. <<Бірлік>>, <<Жеңіс>>, <<Ақиқат>> топтары сіздердің жауаптарыңызды тыңдасақ.
Сұрақтың жауабы: алдымен тышқан шаригін алып, оны табақтағы сабын суға жуып, орамалмен сүртіп, парақ бетіне әбден кепкенше қоямыз, ал тышқанның ішін спиртке малынған мақтамен сүртеміз.
Әділқазылар командаларға тиісті ұпайларын берсеңіздер, жәнеде ұпайы аз топпен қоштассақ.
1- жүргізуші:
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан
Біреу қалып жатады асығыста
2-жүргізуші: Олай болса келесі <<Дода>> кезеңінің шарттарымен таныстырып өтсек. Бұнда 3 пән бойынша 9 ұяшықта сұрақтар берілген, әр қатардағы сұрақ 10, 20, 30 баллдан тұрады. Әр команда ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді, командаға балл сол таңдалған ұяшықта белгіленген баллға ие болады. Алдыңғы екі турдың қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған командаға бірінші болып ұяшық таңдау мүмкіндігі беріледі. Сұраққа жауап бере алмаған жағдайда келесі командаларға жол беріледі.
Информатика 10 баллдық ұяшық сұрағы:
Сұрақ: Ақпараттың неше пайызын көру арқылы аламыз?
Жауабы: 81%
Информатика 20 баллдық ұяшық сұрағы:
Сұрақ: Алгоритм түрлері?
Жауабы: Сызықтық, тармақталған, циклдік
Информатика 30 баллдық ұяшық сұрағы:
Сұрақ: Paint графикалық редакторында неше құрал бар?
Жауабы: 16 құрал
Музыка 10 баллдық ұяшық сұрағы:
Сұрақ: Әннің аты? Авторы кім?
Жауабы: Әгугай домбыра, Авторы: Алтынбек Қоразбаев
Музыка 20 баллдық ұяшық сұрағы:
Сұрақ: Ақтан жыраудың қандай әні?
Жауабы: Не жаман? әні
Музыка 30 баллдық ұяшық сұрағы:
Сұрақ: Бұл әуен қай аспаптың көмегімен орындалып тұр?
Жауабы: Қылқобыз
Бейнелеу 10 баллдық ұяшық сұрағы:
Сұрақ: Бейнелеу өнерінің түрлері?
Жауабы: Графика, живопись, мүсін, қолөнер, сәулет, дизайнер
Бейнелеу 20 баллдық ұяшық сұрағы:
Сұрақ:Суға езілетін бояу?
Жауабы: Акварель, гуашь
Бейнелеу 30 баллдық ұяшық сұрағы:
Сұрақ: Кемпірқосақтың түстері қанша? Қандай түстер?
Жауабы: Қызыл, тоқ сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, сия көк
2 - жүргізуші:
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол алда.
Біліммен ісі сәйкессе,
Тапқыр болар қашанда- дей келе соңғы кезеңімізді бастайық.
1- жүргізуші: Бұл кезең <<Аниматорлар>> деп аталады.
Ойынның шарты: Екі команда пәнге қатысты термин немесе құралды іс- қимылмен көрсету қажет. Неғұрлым үйлесімді және нақты әр іс- қимыл 10 баллмен бағаланады. Ал егер іс- қимылмен жеткізе алмаған жағдайда балл қойылмайды. Әр команда кезек - кезек төрт іс - қимыл көрсетуі қажет.
2 - жүргізуші: Ал командалар сіздерге сәттілік, ойынның шарты түсінікті болса ойынды бастайық.
1 - жүргізуші: Сонымен, әділқазылар шешімі дайын болса, тыңдайық.
2 - жүргізуші: Осымен сайысымыз аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге үлкен алғысымызды айтамыз.

Ұқсас жұмыстар
Жұлдызды сәт 7-сыныпқа арналған интеллектуалдық сайысы
ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ сайыс-сабақ
Топ ұраны
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы
Жұлдызды сәт Музыка техникасы, комп. экрандық көркемдеу құралдарын кеңінен пайдалану
Математикалық дода
Тақырып Жұлдызды сәт
Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытудың әдістері
Бірлестік жетекшісі кабинеті
Пәндер