Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Табиғатты аялайық. Табиғат пен адам арасындағы байланыс табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы

<<Опорный орта мектебі>> мемлекеттік мекемесі

Табиғатты аялайық
(ашық тәрбие сағаты)

Өткізген: Р. Молдашова
3 <<А>> сынып

2015 оқу жылы

Табиғатты аялайық
Мақсаты:
1. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру арқылы олардың дүниетанымын,табиғатты қорғау қабілеттерін арттыру;
2. Табиғатты,қоршаған ортаны аялауғаүйрету;
3. Табиғат пен адам арасындағы байланыс табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы түсінік беру;
Көрнекілігі:табиғат суреттері, слайдтар,кітаптар
Барысы:
І. Кіріспе сөз
Мұғалім:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру арқылы табиғатты, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу мақсатында 3 <<А>> сынып оқушыларымен <<Табиғатты аялайық>> тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.
ІІ. Негізгі бөлім
Оқушылар 3 топқабөлініп отырады.
І- топ <<Жер-Ана>> (жер,ауа, су)
ІІ-топ <<Жасылжелек>> (ағаштар,өсімдіктер)
ІІІ-топ <<Табиғат сақшылары>> (аң,құс)
1-тур табиғат туралы мақал-мәтелдер
2-тур. Табиғат - жұмбақ ана
Күн райын бақыла. Бұл бөлімдебізбүгін ата-бабаларымыздың табиғат құбылыстарына қарап ауа-райын қалай болатыны туралымәлімет аламыз.
3-тур. Табиғатты қорғау-перзенттік борышымыз.
Табиғаттықорғау тақырыбындағы өз жобаларын қорғау.
Мұғалім:
Оқушылар, Табиғат, Жер-Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген киелі сөздер құлаққа жылы естіліп,жүрекке шаттықұялататын ұлы да қасиетті ұғымдар. Жер - ананы сүйе білу,оны аялау әр азаматтың азаматтықборышы.Бұл туралы Елбасымызөз жолдауында <<Жаһандандыружәне күрделене түскен әлемдікбәсекелестік жағдайда қазақстандықтар адам дамуының басты саналарындағы таза ауыз су және табиғатты қорғау мәселелерін шешу адамдық және азаматтықборышы екендігін адамгершілік қасиетпен сезінуі тиіс>> деген болатын.
І- топ. <<Жер - ана>> (жер,су)
Мақал-мәтелдер
Жер-ел ырысы
Жер-таусылмайтын қазына
Жер тойынбай-ел тойынбайды.
Табиғаттың тәні-жер,қаны-су,жаны-күн
Өлең шумақтары
Кең дала көресің ғой ана жатқан
Жібектей жасыл шөптерге бетін жапқан.
Асқар тау балдай тәтті сулары бар,
Әке сол, анам еді мені тапқан. (М. Жұмабаев)
Даналық сөздер
Табиғат пен ауыл, адам мен табиғат жалпы тіршілік атауы-біртұтас ажырамас жанды дүние (Абай)
Күн райын бақылау
Қыс қарлы болса,жаз жаңбырлы болады.
Тұман түссе күн жылынады.
Мысық жылы жерді паналаса аяз болады.
Табиғат ананы қорғау перзенттік парызымыз.
ІІ-топ. Жасыл желек(ағаштар өсімдіктер)
Мақал - мәтелдер.
Ағаш жапырағымен,
Жер топырағымен көрікті.
Қорада малың,
Көшеде талың болсын.

Өлең шумақтары
Туған жерде
Таныс өлке,
Таныс аймақ
Таныс маң.
Анау жерде құрбылармен алысқан.
Шабындықтар
Егістіктер
Тоғайлар
Төбелердің төбесінде-көк айдар
Ақ сағыммен араласып,аулаққа,
Сағым болып бара жатыр көп ойлар.
Даналық сөздер
Мың шыбық шаншып өсерсің,
Халқыңа орман салғаның,
Халқыңа орман салғаның
Күн райын бақыла
Қысты күні ағаш туласа,күн жылынады,
Ағаштың жапырағы жайлап түсетін болса, қыс суық,әрі ұзақ болады.
Қайыңнан аққан шырын көп блса, жаз жаңбырлы болады.
Табиғат ананы қорғау - перзенттік парызымыз.
Табиғатқа мейірбандықпен қарау және таза ұстау адамдық міндет.
3-топ. <<Табиғат сақшылары>> (су, аң, құс)
Мақал-мәтелдер
Суы бар жерде ырыс бар,
Ұстап балық жейсің.
Ақ бидай егіп,нанын жисің
Көк құрақ -көгілдір сәулеті,
Құс пен аң елдің дәулеті
Табиғат туралы өлең шумақтары
Туған жер топырағыңнан айналайын,
Гүліңді жаңа шыққан,аймалайын.
Құшақтап көктеміңді гүлмен келген
Жанымды нұрменсылап жайланайын
Көк жасыл орманыңды аралайын
Жұпарлы желдеріңмен таранайын
Жанымды жаз үндері тербеткенде
Жаңарып, жан сарайын тазалайын.
Даналық сөздер
Ағаштың жемісін жеймін десең, түбіне балта шапта.

Күн райын бақыла.
Құстің таныса үндері,
Күн күркірін білгені.
Тиінде жаңғақты көп жинаса,
Алдағы қыс ұзақ, суық болады.
Ұлу шөптің сабағын
Бойлап жайлап жоғары
Өрмелесе қарағын
Аптап ыстық соғады.
Табиғат ананы қорғау - перзенттік парызымыз.
Адам өзіне керек барлық нәрсені табиғаттан алады.
Оның ағашын кесіп, үйлер салады, шөбін шауып малына береді.
Кезбе байлықтарын алып пайдаланады. Табиғаттан ала беруге болмайды. Өйткені оның қоры таусылып қалады. Сондықтан табиғатқа біздер қосып та отыруымыз керек.
ІІІ. Қорытынды
1) Жұмбақтар шешу
2) Тасқа шығады, бірақ тамыры жоқ. (Қына)
3) Әдемі түнде,мен жүрсем, жүреді бірге (Ай)
4) Топырақтан нәр алып,
Өсіп шықты еккенім
Көріктенді мекенім. (Ағаш көшеті)
5) Қанаты ала,құйрығы ұзын
Шықылықтап қоймайды
Секеңдеуге тоймайды. (Сауысқан)
6) Тұмсығында ауы бар,
Бұл қай құс тауып ал? (бірқазан)
2. Ойын. Табиғатты тани білесің бе?
1. Жұлдыз,күн,машина,жер,үй,табиғат деп аталады.
2. Тау,тас,өсімдік,жануар, су - тірі табиғат.
3.Қыста күн ұзарады,түн қысқарады. (Қатесін тап)
4. Алма, қарбыз,шие,қияр,-бақшалық өсімдіктер?
5.Үй жануарлары: сиыр, аю,жылқы,қасқыр
6. қыстайтын құстар(тоқылдақ,ұзақ,сауысқан)
7. Қаңтардың 21 күні күн мен түн теңеседі. Дұрыс па?

3) Қайырымдылық
1. ырым 1. қыр
2. қыл 2. ай
3. қайыр 3 .айыр
4. лақ 4.қадық
5. дақ 5.дымқыл
6.қар 6.май
7. лай
4) Тілек айту
1. Бұлақтай таза мөлдір бол!
2.Жұлдызың жарық болсын!
3.Айың оңынан тусын!
4.Көңілің көлдей шалқысын!
5.Гүлдей жайнай бер!
6.Таудай талап бер!
7. Қызғалдақтай құлпыра бер!
Халқымыз өмірдегі ең қасиетті,ең құдіретті ұғындырған <<Ана>> сөзін айтады. <<Жер-Ана>>,>>Табиғат ана>>, <<Отан - Ана>> т.б. <<Табиғат - Ана>>біз үшін өмірге қажетті барлық нәрсені береді. Үстіміздегі киіміміз,оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз,мінер көлігіміз,тамағымыз, ауамыз, суымыз осылардың барлығы табиғаттан алынады. Анамыздай асырап әлдилеп отырған табиғатты сүю,оны мейіріммен қарауымыз керек.
Хор: <<Атамекен>>

Ұқсас жұмыстар
Жануарлардың тіршілік ортасы және мекен ортасы
Пайдалы қазбалардың қасиеттерін анықтау
Адам және табиғат
Табиғатты аялай білейік
Адамзаттың экологиялық мәселелерді шешу жолдары
Экологиялық имандылық
Табиғатқа нелер зиянды деп ойлайсыңдар
Топты қорғау
Жер ананы жылатпаңдар, Адамдар..
Табиғаттан нәр алып
Пәндер