Менің досым осындай: достық және тілдік дағдыларды дамыту сабағы

Сабақтың тақырыбы: Менің досым осындай
Сабақтың мақсаты:

Білімділік-оқушыларға достық туралы ұғымды толық игерту, достарын бағалауға, құрметтеуге үйрету.

Дамытушылық - есте сақтау, ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік - досының айтқанын аяғына дейін тыңдауға, кез келген уақытта көмектесе білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, АТҚ.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, әр түрлі ойындар, мақал - мәтелдер, сергіту сәті, АТҚ.
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру.

- оқушылармен амандасу;

- сынып тазалығын тексеру;

II. Үй тапсырмасын тексеру;

Достарымен құраған диалогты сыныптастарымен бөлісу

III. Жаңа сабақ

«Жан досым» әнін тыңдау

Балалар бұл ән кім туралы?

Қандай дос туралы?

Сендерде осындай дос бар ма?

Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Менің досым осындай» - деп аталады.
Дос, достық дегеніміз адамдар арасындығы жақсы қарым - қатынасты, бір - біріне деген сүйіспеншілік, жанашырлық сезімін айтамыз.
Достар бір - бірін ренжітпейді, керісінше нағыз достар бір - бірін құрметтейді, сыйлайы, кешірімді болады.
Достық сезім тек қана адамдар арасында емес, ел мен елдің арасында да болады. Мысалы біздің Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттермен достық қарым - қатынаста. Балалар сендер де бір - бірлеріңді ренжітпей тату - тәтті ойнасаңдар, бір - біріңе сыйлы болыңдар, сендерде де достық сезім пайда болады.

Ой қозғау

Дос қандай болу керек?

Сабырлы, мақтаншақ, әдепсіз, ақылсыз, жақсы, адал, амал, мейірімді, төзімді, қарапайым

Сөздікпен жұмыс

Алғырлық-восприимчивость

Білімділік-начитанность

Еңбекқорлық-трудолюбие

Ұйымдастырушылық-организаторская способность

Қайсарлық-настойчивость, решительность

Салмақтылық-серьезность

Табандылық-упорство

Жауапкершілік-ответственность

Көкірек кермеу-быть негордым

-екі сөзге сөйлем құрау

2. Мәтінмен жұмыс

Менің досым -Медет. Ол өзінің алғырлығымен, білімділгімен, еңбекқорлық қасиеттерімен көзге түседі. Медеттің жақсы бір қасиеті-ұйымдастырушылық қабілеті. Маған оның мінезіндегі ұнайтын қасиеттер қайсарлық, салмақтылық, табандылық. Қандай іс болмасын жауап кершілікпен қарайды. Сол үшін оны ұстаздары мақтап жүреді. Бірақ ешқашан көкірек кермейтін. Міне, осындай досымды мен мақтан тұтамын.

3. Медет қандай бала?

Сенің досың осындай ма?

4. Мәтіндегі досым деген сөзді септеу.

˅IСергіту сәті:

Ән айтамыз

Ойын: «Менің айтуым бойынша».
Ойын шарты: Балалар мен бір баланы суреттеп айтамын, сендер сол баланы табуларың қажет (ол кім?) 2 - 3 баланы суреттеп айту.

˅. Сабақты қорытындылау. «Өзің жақсы болсаң досың да көп болады».
«Жолдасы көптің олжасы көп» деген осыдан шыққан, бәріміз дос болып, қуанышымызды бірге бөлісейік.
Тақтаға күннің көзі ілінеді. Күннің көзінің айналасына саулелеріне балалар тілектерін айтып іледі.
- Денің сау болсын!.
- Әрдайым күліп жүрейік!.
- Әрқашан күн сөнбесін!.
- Елімізде тыныштық болсын!.
- Досымыз көп болсын!.

˅I. Бағалау

˅II. Үйге тапсырма: Дос туралы әңгімелеу


Ұқсас жұмыстар
3-сынып қазақ тілі сабағы: Менің досым - достық пен сыйластыққа тәрбиелеу
1-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы: Менің досым - ауызша сөйлеу дағдыларын, фонетиканы және достық тәрбиесін пысықтау
Сабақ жоспары: Менің пәтерім - фонетикадан қайталау және тілдік дағдыларды дамыту
Ертегі арқылы балабақшада тілдік, әлеуметтік және шығармашылық дағдыларды дамыту
Ахмет Байтұрсынұлы туралы оқуға шақыру: оқу мен тілдік дағдыларды дамыту сабағы
4-сынып: Жеміс-жидектердің денсаулыққа пайдасы және тілдік дағдыларды дамыту
Алтын балта ертегісі: халық ауыз әдебиеті, мәтінді талдау және тілдік-шығармашылық дағдыларды дамыту сабағы
4-сынып: Алма мен Бәйтерек ертегісі арқылы тілдік дағдыларды дамыту сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған Қуырмаш ойыны арқылы тілдік, шығармашылық және әлеуметтік дағдыларды дамыту
Музыка, өнер және әдебиет: оқылым стратегиялары мен тілдік дағдыларды дамытуға арналған қазақ тілі сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz