Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Қайсар рухты Қайрат

Қарағанды облысы,
Ұлытау ауданы,
Ұлытау селосы,
№1 орта мектебінің
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Қайсар рухты Қайрат
Мақсаты: 1) 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбандары туралы мағлұмат беру.
2) Оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту:
3) Қайрат Рысқұлбековтың образы арқылы Отанды сүюге, сыйластыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Суреттер, нақыл сөздер, бейнефильмдер - үнтаспалар
1. Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар <<Қайсар рухты Қайрат>> атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер
- Дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын алғаш көтерген әйгілі 1986-ның желтоқсаны туралы шындықты білмейтін жан жоқ десе болады. Кейбір шындық араға сәл уақыт түсісімен көмескі тартып, жұрт есінен шыға бастайды, ал енді бірі ұзаған сайын қыр-сыры ашыла түсіп, мән-маңызы артып жарқырай береді. Осындай өшпес ұлы оқиғаның қатарына қазақ үшін белгілі Желтоқсан оқиғасы жатса керек.
16- желтоқсан бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыргелді, Сабира, Түгелбай,Ербол Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді. Ендеше сол желтоқсанның ызғарындағы мыңдаған боздақтардың рухын еске алып, бір сәт үнсіздік жариялаймыз.
1- оқушы: Мұхтар Шахановтың сөзі:
Қазақ халқы өзінің ұлттық намысын, бостандығын қорғау жолында аса елеулі үш оқиғаны басынан өткізді. Оның біріншісі - он үшінші ғасырдағы Шыңғысхан түмендеріне тойтарыс берген Отырыр қаһармандығы. Рас, бұл шайқаста Шыңғысхан әскерлері жеңді. Отырарды қорғаған жанкешті батырлар өздері түгел опат болғанымен ұлтымыздың қайсар рухын күллі әлемге әйгілі етті. Екішісі - он сегізінші ғасырдың орта шеніндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлы жойқын күресіміз. Үшінші, яғни бүгінгі дәірдегі биік белесіміз, өршіл, қайсар мінезімен өзіне жалпақ әлемнің назарын бұрған 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы. Халқымыздың асқақ рухы бұл жолы жас қауымның бұсқынысы, тәуелсіздікті аңсаған талабы арқылы көрініс тапты.
2 - оқушы :
Жас арудың жанарында - Желтоқсан,
Жаңа ғасыр табанында - Желтоқсан,
Қаралы өмір қайыстырған халқымның
Қанды ғасыр қабағында - Желтоқсан.
Заманымның тонын теріс кидіріп,
Мінбелерден түсірмедің сүйдіріп.
Сайлап қойдың жастарыңды зарлатқан
Жауыздарды бас- басына би қылып.
Заманымның таңы өзгерсе қас-қағым, Әлі де іште айтары көп басқаның.
Желтоқсанның ызғарын жұттың-ау сен,
Боздақтардың тірідей-ау жас қанын.
Көтердік біз тәуелсіздік жалауын,
Тойтарам деп бодандықтың қамауын.
Ұмытпаңдар ұрпақтар-ау, әр кезде
Желтоқсанның мұзға жаққан алауын.
Шын сырыңды бүгін міне таза ақтар,
Бодандыққа бой бермеді қазақтар.
Ел есінде мәңгілікке сақталмақ
Ел баласы Қайрат, Ербол, Ләззаттар.

3-оқушы : Ғасырлар бойы езгі діңкелеткен қазақ халқы мәскеудің өктемдігіне наразылық білдіріп табанға тапталып бара жатқан тілі мен дінінің, ұлттық болмысының жүрек бұлқынысын сездірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына биыл 28 жыл толды. Алаңға шығып, өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей, қарусыз жастарына мұздай құрсанған солдаттар мен милиция қызметкерлері қарсы қойылды. Қыз-жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Лаззат, Сәбира, Қайрат сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан талшыбықтай жастарымыздың өмірі көктей үзілді.
4- оқушы : Шеруді ұйымдастыруға қатысы бар деген жалған айыппен қазақтың қаншама зиялы азаматтары жазаланды, жұмыстан қуылды.Бірақ, ол үшін жауапқа тартылған ешкім болған жоқ. Ал сол қарбалас үстінде қаза болған жасақшы Савицкийдің өлімін елеусіз қалдырмау туралы тапсырма алған тергеушілер жалған фактілер жинап Қайыргелді Күзембаевқа 14-15 жылды,Ертай Көпесбаевқа 4 жылды арқалатып, жас өмірлерін улады. Ал 21 жастағы Қайрат Рысқұлбековты ең ауыр жаза ату жазасына бұйырды.
5- оқушы. : Өзінің қайсар рухымен артында өшпес із қалдырған, өз халқының тәуелсіздігі үшін жас ғұмырын сарп еткен Қайрат та өз мүсінінің тұғырын өзі қойып кеткен, қазақтың ұлы перзенттерінің бірі. Оған елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қол қойған жарлықпен <<Халық қаһарманы>> ең жоғарғы атағы берілді.

6- оқушы.:

Жігеріңді көктем етіп,
Ұлт мүддесін шектеу етіп,
Төбең бір сәт көкке жетіп,
Өз өлкеңе ескерткіш боп
Оралдың ба, айдарлым?!
Қиын сәтте жалау еткен намысын,
Бағың жансын, қайсар ұлым,
Жанын қиған ар үшін.
Алматыға Ноғайбайдың ұлы болып аттанып
Бар қазақтың мақтаны боп қайта оралған арысым.

ІІІ. << Қайсар рухты Қайрат>>. Театрландырылған көрініс
ІV. Тәуелсіздік мейрамына арналған шағын музыкалық сәлемдемелер.

V. Қорытындылау. Қатысушы қонақтарға сөз беру

Ұқсас жұмыстар
Қайсар рухты батыр
"Желтоқсан желі"
Қайраттың жазу дәптері
Желтоқсан ызғары
Жұмабек тәшенев және Қазақстан мәселесі
16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан)
Тәуелсіз елдің ұланымыз. 2-сынып
Қайратым – қайсарым
Орыс тілі пәні мұғалімі
М. Әуезовтың Қараш-Қараш оқиғасы әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі
Пәндер