Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Сәлем берем үлкенге

<<Қараөзек>> жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Бектасова Гүлжан Казыханқызы

Пәні: ана тілі Сынып: 1 <<А>>
Сабақтың тақырыбы: Сәлем берем үлкенге
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Оқушыларға сөйлеу мәдениеті жайында түсінік беру, әдепті сөйлеуге машықтандыру; оқу- жазу дағдыларын жетілдіру. Ә) дамытушылық: Сөздік қорларын дамыту. Әдептілік, әдемілік ізеттілік ұғымдары туралы түсінігін кеңейту. Үлкендерге және бір-біріне ізет жасай білу іскерліктерін дамыту. Б)тәрбиелік:оқушыларды әдептілікке, сыпайы, инабатты, тәртіпті, болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сюжетті суреттер, суреттер, тірек сызбалар, топтық тапсырмалар, сәйкестендіру тесті, күн шұғыласы, үнтаспа, АКТ.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ, топпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: математика, өмірмен, дүниетану
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
1). Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2). Үй тапсырмасын сұрау. << Бір атаның ұрпағы>> мәтінін рөлге бөліп оқыту, көрніс түрінде көрсету.
3). Оқушыларды топқа бөліп,әр топ берілген тапсырмаларды орындап отырады.
I. Бағдарлау - мотивациялық кезең. - Баяғы өткен заманда бір әділ хан өзінің хандығын үш ұлының қайсысына мұрагерлікке берерін білмей, халқына айтқаны: -О, білгені мен көргені дарияның суындай сарқылмас халқым, өзім бір елді басқарып, неше дауды шешсем де, бұл күнде түйіні жоқ тығырыққа тірелдім. Сол себепті өздеріңізден ақыл сұрап келдім. Мұрагерлік тағыма халықты билеп,ел басқаруға ұлдарымның қайсысын қоярымды білмей қиналудамын. Үлкен ұлым - ержүрек, батыр, өзіне сенімді. Ортаншы ұлым- елші боларлықтай қулығы бар жан. Ал ең кіші ұлым сабырлы, ісі мен сөзін ойлап істейді, - деп сипаттапты. Сонда ортаға бір қарияның шығып айтқаны: -Елің жауынгер болсын десең, таққа үлкен ұлыңды қой, саудагер болсын десең ортаншы ұлыңды қой, тату болсын десең кенже ұлыңды қой, -депті.
Сонда хан ойланып, кіші ұлын мұрагер етіпті деседі. Себебі сөз жылы, сәлемі жақсы ел тату болады, бірліктегі ел батыр болады.

Ой тұжырымдамасы: -Балалар, хан қандай қасиеті үшін кіші ұлын хан тағына отырғызыпты? -Қалай ойлайсыңдар жылы сәлемдесу әдептілікке жата ма?
Сергіту сәті : Үлкенге де <<Сіз>>
Кішіге де <<Сіз>>
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз <<біз>>.
II.Операционалдық - орындаушылық кезең.
Өтепберген Ақыпбекұлы
1950 жылы Талдықорған облысында туған. <<Қазақ әдебиеті>> газетінде, <<Жалын>>, <<Денсаулық>> журналдарында қызмет еткен. Өлеңдері 1973 жылдан жарияланып келеді. <<Доп>>, <<Футболшы боламын>>, <<Айдын шалқар>>, <<Жарыстан соң жарыс>>, <<Төрт түлік төресі кім?>>, <<Жылдың төрт мезгілі>> кітаптары бар.

Сәлем берем үлкенге Көшелерден біз өткен Ата көрсем, Жақын кеп, Сәлем берем ізетпен: <<Ассалаумағалайкүм!>> - деп. Алдан әже жолықса, Бөгелем де әдейілеп Сәлемдесем сол тұста: <<Есенсіз бе?,әжей!>> - деп. Кім кезіксе көшеде, Таныс емес демеймін. Аға,тәте,көкеге, <<Сәлеметсіз бе!>> - деймін.
1.Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы. 2.Өлеңді оқушылардың дауыстап,дұрыс оқуы. 3.Өлең мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар. - Өлең не жайында? -Өзің үлкендермен қалай сәлемдесесің? - Сәлемдесуге қатысты қандай сөздерді білесің?

4.Сөздік жұмысы: Бөгелем- тоқтаймын. Кезіксе-кездессе. Есенсіз бе? - Амансыз ба? Ассалаумағалайкүм-Алланың нұры жаусын.
117-жаттығу. Суреттегі атамен, әжемен, мұғаліммен қалай амандасасың?

Балалар, бүгінгі сабағымызда үлкенге сәлем беру туралы білдік, әдепті бала қандай болу керек? Ол үшін не істеу керек? Әдепті, тәртіпті болудың жолын іздеп көреміз. <<Әдептіліктің белгісі, иіліп сәлем>>,- дейді халық. Ендеше мына өлең жолдарын оқып беріңдерші.
1-топ: Мектебімізге барғанда, 2-топ : Күндіз де елді елеймін,
Жолыққан бар жандарға, <<Қайырлы күн!>>-тілеймін.
Ертемен ақ пейілмен: Үйге кешке келемін,
<<Қайырлы таң!>> - деймін мен. Не дерімді білемін:
<<Кеш жарық - деп кіремін

3-топ: Амансың ба алтын күн?! 4-топ: Атам менің әрқашан
Амансың ба көк аспан?! Кішіпейіл бол деген.
Амансың ба достарым?! Ақыл сөзі санамда,
Сендерді көрсем қуанам. Мақтанбауды жөн көрем.

5. Дәптермен жұмыс: Оқушылар дәптерде берілген тапсырма бойынша жұмыс жүргізеді.

III. Рефлексиялық - бағалау кезеңі.
1. Оқушылар берілген буындардан сөздер құрастырып, оқып, күн шұғыласына орналастырады. Сонда қандай сөздер шыққанын айтады.
Есенсіз бе
Есенсіз бе
Қайырлы күн
Қайырлы күн
Амансыз ба
Амансыз ба
Сәлем -сөздің анасы
Сәлем -сөздің анасы
Қайырлы кеш
Қайырлы кеш
Ассалаумағалайкум
Ассалаумағалайкум

Сәлеметсіз бе

Сәлеметсіз бе

Қайырлы таң
Қайырлы таң

2. Суреттерді бояп, қалай сәлемдесіп тұрғанын айтып өтеді.

Үй жұмысы:
<<Сәлем берем үлкенге>> өлеңін мәнерлеп оқып келу.
118-жаттығу. Мақалды жатқа жазу.
Сәлем-сөздің анасы.
Мақалдың мағынасын қалай түсінгеніңді айт.

Ұқсас жұмыстар
Әдепті бала жайлы
Мен әдепті баламын.
Жасы кішілермен амандасу
Үлкендермен сәлемдесу
«Әдептен озбайық» ашық тәрбие сағаты
Әдеп - ең қымбат мирас
Ата сөзі санамада
Оқушылар бойында әдеп әліппесін дамыту
«өзін – өзі тану» пәні бойынша ересектер тобына арналған тақырыптық жоспар
Әдептілік- тәрбие бастауы
Пәндер