Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Алматының кейінгі даму шежіресі.Қайталама қос сөздер

Алматы облысы, Іле ауданы №7 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қасымбекова К.Н.
8-сынып қазақ тілі (ұлттық мектептегі қазақ тілі)
Сабақтың тақырыбы: Алматының кейінгі даму шежіресі.Қайталама қос сөздер.
Мақсаттары:
1. Оқушылардың түсініп оқу дағдыларын қалыптастырып,ойларын жүйелі түрдежеткізе білуге үйрету
2. Логикалық ойлау қабілетін,тілін дамыту,сөздік қорын молайту
3. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету
Типі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, топтастыру стратегиясы
Көрнекілік: интерактивті тақта
Барысы: І. Ұйымдастыру: сәлемдесу, түгендеу, зейінін аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Алматы қаласы тарихы туралы мәлімет жинақтау,қорғау
ІІІ.Білімді жан-жақты сұрау: Интерактивті тақтамен жұмыс. Ой қозғау:
1. Елбасы Алматы қаласына қандай баға берді?
2.Алматы қаласы еліміздің астанасы болды ма?
3.Қала тарихы қай дәуірден басталады?
4.Алматы тарихын неше кезеңге бөлуге болады?
5.Алғашқы кезеңде қандай өзгерістер болды?
6. Екінші кезеңде қандай тарихи оқиғалар болды?
7. Үшінші кезеңде Алматы тарихы қалай өрбіді?
8.1854ж.қазіргі қала орнына қандай бекініс салынды?
9. Қала тұрған жерді ежелгі заманда кімдер мекендеген?
10.Алмату қаласы туралы алғашқы жазба деректер кімдердің шығармаларында кездеседі?Қазіргі Алматының орнында қандай тайпалар өмір сүрген?
ІV. Жаңа білімді меңгертуге дайындық: Мәтін бойынша Алматы қаласының суреттері
интерактивті тақтадан көрсетіледі. Қазір Алматы қаласы қандай? Қандай өзгерістер бар?
V. Жаңа білімді меңгерту: Алматының кейінгі даму шежіресі. Қайталама қос сөздер.
1.Тақтадан жаңа сөздер көрсетіледі: жүзеге асты- осуществилось,өндіріс орталығы-производственный центр,алтын дәуірі-золотой век,абаттандырылған-благоустроенный.
2.Мәтінмен жұмыс: мәтінді түсініп оқыту,сұрақтар құрату, жауап беру.
3.Диалогті оқыту.
4.Қайталама қос сөздер. Интерактивті тақтадан көрсетіледі.
Бір түбірдің екі рет қайталануынан жасалған қос сөздер қайталама қос сөздер деп аталады.
Мысалы: қайта-қайта айтты,тау-тау астық,үйдей-үйдей болып жатыр,көзбе-көз сөйлесу,сөз тіркестеріне түсінік беріледі,осы сөздермен сөйлемдер құрап,дәптерге жазамыз.
1-тапсырма.Берілген қайталама қос сөздермен мағыналық жағынан байланысатын сөздерді тауып,сөз тіркестерін жазыңдар.
Үлгі: көре-көре көсем болу
Әрең-әрең,әп-әдемі,тау-тау,орынды-орынсыз,қолма-қол т.б.Интерактивті тақтамен жұмыс.
2-тапсырма.Сөйлемдерді оқып,қос сөздерді тап: Ата-анасындай ешкім баласына елжіремейді. Балалар қатар-қатар тізіліп тұра қалды. Алыстан еміс-еміс дауыс естілді. Менің інім күннен-күнге өсіп бара жатыр. Спорт залына оқушылар екеу-екеуден кіріп жатты. Қорыққанымыздан бет-бетімізбен жан-жаққа қаша жөнелдік.
VІ.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру: 3-тапсырма.Диалогті оқыту.
VІІ.Жаңа сабақты қорыту: 1.Алматы қаласында не бар? Мүмкіндігінше қайталама қос сөздерді қосып жауап береміз.<<Топтастыру>> әдісі (интерактивті тақтамен жұмыс)
VІІ.Үй тапсырмасын түсіндіру: Алматы қаласы туралы шығарма жазу.Кейінгі Алматы қаласы туралы мәліметтер жинау
VІІІ.Бағалау

Ұқсас жұмыстар
"Күрделі сөздер."
Қос сөздер
Қосарлама қос сөздер
Қос сөз, қайталама қос сөз
Тақырып Қос сөздер, қайталама қос сөздер
Қос сөздер, қайталама қос сөздер жайлы ақпарат
Қос сөздер. қайталама қос сөздер
Қос сөз
Қайталама қос сөздер
Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер. 4-сынып
Пәндер