Заттың сынын білдіретін сөздер: Ыбырай Алтынсариннің Кел, балалар, оқылық өлеңі негізінде

  1. Сабақтың тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздер. Кел, балалар, оқылық! Мақал. Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға заттың сынын білдіретін сөздер туралытүсініктерін кеңейту. Ы. Алтынсарин туралы түсінік беру.

ә) Оқушылардың сөздік қорын молайту, тілін, сөйлеу

мәдениетін, жылдамдықтарын дамыту.

б) таз, ұқыпты, қатесіз жазуға, өлеңді мәнерлеп оқуға, өз

ойын ашық айта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті - құралдар: суреттер, Ы. Алтынсарин портреті
Пайдаланатын әдіс - тәсілдер; сұрақ - жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы:
I Қызығушылықты ояту:
Психологиялық дайындық
Ұқыпты - ұтар, .
Іздеген - озар.
Талпынған - табар
Ерінген - тозар.
Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:
Ой шақыру.
Ойын. «Менің ұям» Сөздерді тиісті ұяға орналастыр.
(Торғай, көгершін, ұшты, сайрады, қонды, шоқыды, сауысқан) .
Заттың атын білдіретін сөздер:
Заттың қимылын білдіретін сөздер:

(Әр жауапқа 1 ұпай беріледі)

ІІ Мағынаны тану:
1) Көркем жазу.
Я я ұя
Құстар - біздің досымыз.
2) Ассоциациялы аймақ құру. Көктемді сипаттап жаз.
Көктем қандай мезгіл?
Шуақты, . . . (жалғастыру)
Сөздерге сұрақ қойғызу.
Оқулықпен жұмыс. 121 - жаттығу. Оқушыларға оқыту. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.
Ережені оқыту.
Сергіту сәті.
Сұрақтарға жауап беріңдер. (Сөз тіркесі: биік үй, сөйлем: Үй биік. еске түсіру)
1. Қандай үй?
2. Қандай орамал?
3. Қандай бала?
Ы. Алтынсарин 1841 ж. дүниеге келіп 1889 ж. қайтыс болған. Ол кісі қазақ даласында ең алғаш мектеп ашып, ең алғаш оқулық жазған. Балаларды оқуға шақырған. Оның көптеген өлеңдері бар. Соның бірі «Кел балалар, оқылық!» өлеңі.
Өлеңді мәнерлеп оқып беру, мағынасын түсіндіру. Оқушыларға мәнерлеп оқыту, сұрақтарға жауап беру. Мақалды оқытып, мағнасын сұрау.

ІІІ Ой толғаныс.
Сұрақ - жауап әдісі арқылы жаңа сабақты қорыту.
1. Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қоямыз? Ы. Алтынсарин кім? Оның біз қандай өлеңімен таныстық.
Бағалау. Ұпаймен бағалау


Ұқсас жұмыстар
Ана тілі: Кел, балалар, оқылық өлеңі арқылы заттың қимылын білдіретін сөздерді оқытуға арналған ашық сабақ
Ана тілі пәнінде Ыбырай Алтынсариннің Кел, балалар, оқылық өлеңі арқылы өткізілген интеграциялық ашық сабақ
Ыбырай Алтынсарин шығармалары: Кел, балалар, оқылық және Малды пайдаға жарату бойынша екі сабақтың оқу жоспары
Заттың атын білдіретін сөздер: 82-84 жаттығулар, Көктем және Жазғытұрым өлеңі
Сабақ жоспары: Заттың қимылын білдіретін сөздер
Домалақ ана ертегісі арқылы заттың санын және сынын білдіретін сөздерге арналған сабақ жоспары
Қайдан келдің бауырсақ? Өлеңі: заттың қимылын білдіретін сөздер және нан өндірісінің кезеңдері
5-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары: Ыбырай Алтынсариннің Өзен өлеңі
Бастауыш сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы: І. Мәмбетовтің Жақсы көрем өлеңі және заттың атын білдіретін сөздер
1-сынып ашық сабағы: Баланың тапқырлығы - заттың қимылын білдіретін сөздер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz