Көлік түрлері туралы

Уақыты:
Тәрбиеші: Опиева Жұмагүл Сүлейменқызы.
Білім беру саласы: «Таным».
Білім бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Көлік түрлері.
а) Өздеріне таныс көлік түрлерін салыстырып, ажыратып айтып беруге үйрету.
ә) Әртүрлі көлік құралдарының түрлі мамандық иелері туралы білімін кеңейту.
Мақсаты:
б) Олардың еңбегін бағалауға, құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: көлік түрлерін бақылау, жолда жүру ережесіне байланысты әңгіме немесе дидактикалық ойын ұйымдастыру. Әдістер-тәсілдері: Сөздік, сұрақ-жауап, түсіндіру, сөздік, ойын, практикалық Қажетті құралдар мен қажетті көрнекі құралдар: жұмыс дәптері, түрлі -түсті карандаштар, қағаздан жасалған кеме, су құйылған көлемді ыдыс, пенопласт.
Сөздік жұмыс: көлік. Билингвалді компонеттері : көлік-транспорт, кеме-корабль, ұшақ-самолет.
Балаларға көліктер тұрағына (гараж) баратындықтарын айтады. Тұрақта әртүрлі ойыншық машина түрлері орналасқан. Көліктер тұрағына арқасына қап арқалаған Дымбілмес келіп, балалардан көмектесуді сұрайды. Тәрбиеші үстелдің үстіне сүт, нан және хат, ашықхаттарды қойып, оларды қайда және немен апаруға болатындығын білмей тұрғандығын айтады.
-Кәне, балалар, мына заттарды қандай көлікпен апаруға болатындығын ойналанайық. Аталған заттарды тасуға қажетті машиналарды нақты тапқанынша жетелеуші сұрақтар қойып отырады. Мысалы, нан мен хаттардың жаңбырдың астында қалып, су болып қаламауын немесе желден қорғау жағын да ойланайық деген сияқты.
Осылайша тәрбиеші жүк көліктерінің екі түрге бөлінетіндіктерін ( фургон, цистерн т. б) және олардың жүктің барлық түрін таситындығын, машиналардың құрылысын, ұқсастықтарын, айырмашылығын айқындайтын сұрақтар қояды.
Балалар екі орталыққа бөлінеді.
Бірінші орталықтағы балаларға көліктерге арнап автотұрақ құрастыру, екінші орталықтағы балаларға суретте берілген жүк көліктері туралы әңгімелеп беру тапсырылады.
Осыдан кейін Дымбілмеске көліктер жайлы түсінігін бекіту үшін дидактикалық ойындарды ойнауға кірісеміз.
1) Д/о: «Жер, су, әуе» Балаларға көлік түрлері көрсетіледі, ал олар оны классификациясын карточка арқылы көрсетеді.
2) Д/о: «Не артық?» Балалардың алдына үш сурет қойылады. Ал, балалар оның ішінен артық затты алып тастайды.
(ұшақ, зымыран, жүк машина )
3) Д/о: «Өз көлігіне отыр!» Балаларға таратылған билеттер бойынша балалар өзінің көліктеріне отырады. (Музыка әуені арқылы) Кейіннен, көліктердің орындары ауысып, өз орындарын табады.
4) Д/о: «Көлікті аяқта» Балалар көліктердің жетіспейтін бөліктерін салады, атап береді.
5) Д/о: «Бағдаршамның белгілерін ата»
Балалар Дымбілместің қоржынындағы белгілердің мағыналарын түсіндіреді. Бағдаршам жайлы тақпақтарын айтады:
Бағдаршам
Ашса кезек үш көзін,
Айты деп үш сөзін:
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
Сергіту сәті:
Бип-бип, бип дейді,
Жолдан былай кет дейді.
Күшікті басуға, басуға
Болмайды, болмайды.
Дәптермен жұмыс:
Тапсырмаларды түсіндіру. әр көлікке тиісті суретті айналасына жапсырыңдар. Көлік түрлерінің жолдарын тауып, сызықпен бағыттап көрсетіңдер. Билингвалді компонеттері : көлік-транспорт, кеме-корабль, ұшақ-самолет.
Балалар қуанады.
Балалар сүт пен нанды дүкенге, ал хаттарды поштаға апару керектігін айтады.
Балалар көліктің барлығын алып, қарайды, бақылау жасайды. Соңында балалар сүт, нан, хат таситын машина түрлерін табады. Олардың шанағының (кузованың) неліктен жабық болу керектігін түсіндіреді. Жүк машиналарының түрлерін, олардың ұқсастықтарын мен айырмашылығы туралы айтып береді.
Бірінші орталықтағы балалар үйлерінен әкелген көлік түрлеріне лайықтап автотұрақ жасайды, екінші орталықтағы балалар суретте берілген жүк көліктері туралы әңгімелеп береді. Өлеңнің мазмұнына қарай қимылдар жасайды.
Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.
Жер, су, әуе суреттерін көтеріп отырады.
Артық көлікті алып, неге екенің түсіндіреді.
Барлық балалар қатысып, шапшан орындауға тырысады.
Қарындашпен өз беттерінше орындайды.
Тек, қол көтеріп, толық жауап береді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz