Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Көжекпен ойналық

Уақыты:
Тобы: <<Тұлпар>> ортаңғы.
Тәрбиеші: Опиева Жұмагүл Сүлейменқызы.
Білім беру саласы: <<Қатынас>>
Білім бөлімі : Тіл дамыту
Мақсаты:
а) Сөйлемді толық құрауға, етістік сөздерді қолдана білуге үйрету, дыбысты анық айтуға дағдыландыру.
ә) Ойлау қабілеттерін дамыту.
б) Жануарларға деген сүйіспеншілігін оятуға тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар:қоя туралы тақпақтар жаттау.
Тақырыбы: Көжекпен ойналық
Көрнекіліктер : Сұр түсті қоян, жұмсақ ойыншық тіл дамыту дәптері.
Әдістер-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру,сөздік,ойын
Қос тілдік компонеттері: Көжек- зайченок, сұр-серый
Іс әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық қозғаушы бөлімі
Ғажайып сәт: ойыншық сұр қоянды қонақ ретінде таныстыру.
Балалар қызығушылық танытады.
Іздену ұйымдастырушы бөлімі

Сұрақ-жауап:
Балалар бұл не?
Қәне, қайталаймыз.
Қ дыбысын буын ішінде керіліп қайталау арқылы жаттығуды орындату.
Қо-қо-қо-қоян
Құ-құ-құ-құлақ
Қа-қа-қа-қалам
Қы-қы-қы-қылыш
Қу-қу-қу-қулық
<<Қ>> дыбысының дауыссыз дыбыс екендігін, ауыз-қуысынан еркін шықпай, қысылып шығатындығын баалаларды айтқызу арқылы ажырату.
Қоянға сипаттама беру:
Қоянның түсі қандай?
Оның жүні қандай?
Қоянның құлағы қандай?
Ұзын ба, әлде қысқа ма?
Неше құлағы бар?

Сергіту жаттығуы: <<Сұр қоян>>

Ұзын құлақ сұр қоян
Естип қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томаңдап,
көжегі екен өзінің.
(Т. Бердияров)
Кө-кө-кө-көжек
Кө-кө-кө-көже
Кө-кө-кө-керек
Кө-кө-кө-көрпе
( <<К>> дыбысының дауыссыз дыбыс екендігін, ауыздан кедергіге ұшырап, қысылып шығатындығын түсіндіру). Балалар, көжек қандай болады?

Дидактикалық ойын:
<<Көжекпен ойналық>>
Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту жылдамдыққа үйрету.
Ойын шарты: Тіл дамыту дәптерімен орындалады, көжектің сәбізге дейінгі жолын сызып көрсет.
Қоян жүзеді ме? Әлде ұшады ма?
Олар қандай жабайы аңдардан қорқады?
Жабайы аңдарға нелер жатады?

Мақалдың мағынасын түсіндіру.
Мал жуасы-қой,
Аң жуасы- қоян.
Балалар, қой-үй жануары, ал қоян- жабайы аң немесе жабайы жануар деуге болады.

-Бұл -қоян

Тәрбиеші сөзін қайталау арқылы, <<қ>> дыбысын анық айтуға тырысу.

-Қоянның түсі сұр.
-Оның жүні жұмсақ, мамық үлпілдек.
-Қоянның құлағы ұзын.
Оның екі құлағы бар және оның екі көзі, тұмсығы, аузы, мұрттары, төрт аяғы, кішкентай құйрығы бар.
Балалар орындарынан тұрып, жаттығуды орындайды.

-Көжек кішкентай, жүндері жұп-жұмсақ және сүп-сүйкімді болады.

Балалар орындайды.
-Жоқ, қоян секіріп жүреді.
-Қоян әсіресе түлкіден қорқады.
-Жабайы аңдарға түлкі, қасқыр, аю т.б жатады.
мақал-мәтелді тәрбиеші көмегімен жаттап алуға тырысады.
Рефлексивті коррекциалаушы бөлім
Дыбыстарды анық айтуға ұсыныс білдіру, қорытындылап мадақтау.
Дыбысты анық айтуға тырысу.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жануарлар жайында мақал-мәтелдерді білу;
Қандай түсініктрді игереді: Дыбыстарды дұрыс айтуды;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қоянның дене мүшелерін біледі.

Білім беру саласы: <<Қатынас>>
Білім бөлімі: <<Көркем әдебиет>>
Тақырыбы: << Ас атасы - нан >>
Мақсаты: Дән тұқымымен танысу,бидайдан нан жасалынатынын айта отырып,дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен,қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру.Диханшылардың еңбегімен таныстыру.Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Балалардың ақыл-ой белсенділігін арттыру.Өлең,мақал-мәтелдер арқылы тіл байлығын дамыту,жетілдіру.
Берілген тапсырманы орындауға,еңбекқорлыққа тәрбиелеу,нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін түсінуге талпындыру.
Дәндерді қолдарымен ұстатып,топыраққа егу арқылы еңбекті өздеріне орындатып қолмашықтарын жетілдіру.Еңбектерің жемісін көрсету.
Жаңа сөздер: Наубайхана, диірмен, комбайн, дихан, соқалы трактор, масақ,қырман.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,сергіту,ойын,әңгімелеу,сұрақ-жауап,топыраққа тұқым егу,жаңа сөздер мағынасын түсіндіру.
Көрнекі құралдар: <<Нан қайдан келеді?>> сериялық суреттер,нан түрлерінің суреттері және піскен нан,ұн,диірмен,масақ,су,жыл мезгілдерінің суреттері. т.б
Әрекет
Тәрбиешінің әрекеті
Баланың әрекеті
Мотивациялық қозғаушы.

Іздену кезеңі

Психологиялық дайындық.

Суретпен жұмыс.
(Суреттерді слайд арқылы көрсету)

Сұрақ-жауап.

(Қысқа түрде видео арқылы көрсету)

Өлең жолдары және нақыл сөздер айту.

Сергіту сәті.

Орталықтарға бөлу.

Қорыту.

Қоштасу.
* Сәлеметсіздерме балалар.
* Кәне балалар алдымен әдеп сақтап төрде отырған үлкендермен амандасып алайық

:: Балалар кәзір жылдың қай мезгілі?
:: Жылдың неше мезгілі бар?
:: Кәне атап шығайық.
:: Далада ауа-райы қалай?

:: Балалар көңіл күйлерің қалай?
:: Олай болса көңілді болғанда не істейсіңдер?
:: Ренжігенде?
:: Қорыққанда?
:: Таңқалғанда?
:: Қуанғанда?
:: Ендеше бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.

Күніміз жарқын болсын,
Аспанымыз ашық болсын.
Күніміз сәтті болсын,
Деніміз сау болсын.
* Балалар мына суреттен нені көріп тұрмыз? Балалар көктемде бұл тракторлар жерді жыртып,оны тырмалап,жерге мынадай бидай дәнін себеді.(Балаларға бидайды көрсету)
* Екінші суреттен нені көріп отырсыңдар? Егінді орып жүрген комбайн,ол бидайды орып,тазартып,көлікке салып береді.
* Үшінші суреттен нені көріп отырмыз.Диірменнен балалар ұн тартып шығарады.(Ұнды көрсету)
* Төртінші суреттен нені байқап отырсыңдар? Ұннан наубайханада әр түрлі андар пісіріп шығарады,оны дүкендерге балабақшаларға жібереді. (Дүкен сөресіндегі нандарды сурет арқылы көрсету)

Міне балалар біздің бүгінгі іс-әрекетіміз ас атасы нан туралы болмақ.Балалар біздің дастарханымызға нан оңай келмейді екен,міне жоғарыда айтқандай үлкен еңбекпен келеді екен.(Жоғарыдағы суреттерді жекелеп қайталап түсіндіру)
* Ал сендер күнделікті жеп жүрген нанды біз қайдан аламыз?
* Аспазшы апай сендерге нанды қалай пісіретіндігін көргілерің келеді ме? (Аспазшының нан ашыту,қалыпқа салу,пешке пісіруін видео арқылы көрсету)

Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.

<<Ас атасы-нан,
Нан атасы-дән>>

Сонымен нанды қалай қастерлейді екенбіз?

Көктемде жерді жыртамыз,
Тегістейміз тырмалап.
Дәндерді оған егеміз,
Жайқалып көктеп шықсын деп.
Күз болғанда орамыз,
Нанға біздер тоямыз.

Аспазшылар орталығы:
Топ қыздарына алдын ала иленген қамыр беріледі.Қыздар ашыған қамырды бауырсақ етіп жайю тапсырылады.
Егіншілер орталығы:
Топ балаларына шағын ыдыстағы топырақты аударып,тырмалап бидай дәнін егу тапсырылады.
<<Қайдан келдің бауырсақ?>>
Дастарханға шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрды көзін сап.
Қайдан келдің бауырсақ?
Деп сұрады қуыршақ
-Дүкенннен келім нан сатқан,
деді оған бауырсақ.
Дүкенге келдің қай жақтан?
-Диірменнен келдім ұн тартқан,
-Диірменге келдің қай жақтан?
-Диірменге келдім кең жақтан,
Жер анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
Балаларға стол үстінде жатқан суреттер арқылы құрастырту,ол суретте нанның қалай келетіні көрсетілген.Ол үшін суреттердің орын-орнын тауып қоюы керек.Сұрақтар қою арқылы балаларды ауызша бағалау.

Аспазшы апай қыздардың жайған қамырынан бауырсақ әкеліп таратады
Сау,болыңдар!
Амандасады.

Көктем.

Төрт.
Көктем,жаз,күз,қыс.
Жылы.

Жақсы.

Қол шапалақтаймыз.
Қабақ түйеміз.
Көзді жұмамыз.
Көздібақырайтамыз.
Күледі.

Көктемде жер жыртып жатқан трактор.

Егін орып жүрген комбайн тракторы.

Ұн шығаратын диірмен.

Нан пісіретін наубайхана.

Аспазшы апай пісіреді.

Әрине.

Нанды шашпаймыз,
Аяққа баспаймыз.

Тәрбиешімен қоса қимыл-қозғалыс жасайды.

Қыздар қамырды бауырсақ етіп жайып береді.

Ұлдар жерді босатып,тырмалап,бидай дәнін егеді.

Балалар суреттерді орнына қою арқылы тапсырманы орындайды

Сау,болыңыз!

Білді:
Трактор,диірмен,комбайн мен бидайдың не екенін және нанның оңай жолмен келмейтіндігін білді.
Меңгерді:
Көктем,жер жырту,тырмалау,дән егу,комбайнмен ору,диірмен,наубайхана сөзедін және нанды қастерлеуді,шашпауды меңгерді.
Игереді:
Диқаншылардың бидайды қалай өсіруін.

Уақыты: 02.09.2015ж
Тобы: <<Тұлпар>> ортаңғы.
Тәрбиеші: Опиева Жұмагүл Сүлейменқызы.
Білім беру саласы: <<Қатынас>>
Білім бөлімі : Тіл дамыту.
Мақсаты:
Өз тілін ардақ тұтып,құрметтеуге үйрету.
Ана тілінің жақсылыққа жаны құмар, таза, инабатты,сыпайы болып өсетіндігін және ұлттық қасиеттерімізді жоғалтпаудың бірден-бір қайнар көзі екендігін айтып түсіндіру.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: туған жері,тілі туралы әңгімелесу.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын
Тақырыбы: <<Тіл - халық қазынасы>>
Қажетті көрнекі құрал жабдықтар : ойынға арналған сандар, асықтар,шаңырақ ,әр түсті ленталар.
Билингвальді компонеттері:Отан-Родина,ана тілі-родной язык.
Іс әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық қозғаушы бөлімі
Шаттық шеңбері:
<<Туған елім>> әнінің ырғағымен қимылдар жасау.
Балалар бірге айтып, жаттығулар жасайды.
Іздену ұйымдастырушы бөлімі

Балалар, біз қай республикада тұрамыз?
-Республикамыздың ел ордасы қалай аталады ?
-Дұрыс айтасыңдар.Бұрынғы Ақмола қаласы-қазір республикамыздың Астанасы.
-Қане айтайықшы, біз қай ұлтпыз?
-Дұрыс айтасыңдар.Біздің ұлтымыз-қазақ.,біздің тіліміз-қазақ тілі.Басқа ұлттармен сөйлескен кезде орыс тілінде сөйлейміз.Өйткені орыс тілі көптеген ұлттардың ортақ тілі.
Ғажайып сәт:Осы кезде ұлттық киім киген орыс қызы келіп амандасады.
-Здравствуйте, ребята!
-Бізге қонақ келді,аты-жөнін сұрайық кім екен?
Как тебя зовут?
-Наташа.
-Балалар Наташа қай тілде сөйлеп тұр?
-Мен қазақ тілінде де өте жақсы түсініп, сөйлеймін,-деді Наташа.
-Олай болса ,Наташа ,сен біздің балаларға бір тақпақ айтып бересің бе?
Наташа жарайды.
Тақпақ айтады.
-Қандай жақсы айттың,
Наташа, сен бізге қонақ болып отыра ғой.Көрдіңдер ме, балалар Наташа өз ана тілімен бірге біздің қазақ тілін де өте жақсы біледі екен.Көп тілді білу білімділікке жатады.Адамзат жаралғалы бері ана тілі ар-ождан, адамгер- шілік айнасы болып келеді.
Ана тілі - әр халықтың өзінің төл белгісі.Әрбір адам өз ана тілімен бақытты, ана тілімен биік,әрі асқақ.Өз еліңнің, жеріңнің, халқыңның мерей - мәртебесін биіктету үшін қазынаң - ана тілін жетік білуі қажет.
Балалар, Қазақстан
Республикасында көптеген
ұлт өкілдері тұрады. Олар: орыстар, өзбектер,татарлар,түріктер,
қытайлар, кәрістер,ағылшындар.
Осы аталған ұлт өкілдеріінің барлығы ана тілін білуі керек.
Балалар, біз неге өз тілімізді-ана тілі дейміз?
-Дұрыс айтасыңдар.Тіл - рухани байлықтың баға жетпес құдіретті, қуатты қайнар бұлағы.Оның бұлағынан жас бала ана сүтімен ауызданады, алғашқы уілінен бастап сөйлеуді үйреніп ,тілі шыға бастайды.

М.Мақатаев << Үш бақтым>> өлеңді оқып беру.
Ойын : <<Шаңырақ>>.
-Балалар ,біз халықтың жан дүниесін ана тіліміз арқылы танып білеміз.Біздің ана тіліміздің байлығы ұрпақтан-ұрпаққа жазу жоқ кездеңде шешендік сөздер, ертегілер,аңыздар,ауыз әдебиеті арқылы жеткен.Мысалы: эпостық жырлар, батырлар туралы Алпамыс батыр,Қобыланды батыр,Ер Тарғын, Қамбар батыр сонымен бірге мақал-мәтелдер,жаңылтпаштар .Той-томалақ, жиындардарда айтыссыз өтпеген.айтыс-суырып салма ақындар сөзталасы. Айтыс атадан қалған мұра,оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін мына сендер.
Билингвальді компонеттері:Отан-Родина,ана тілі-родной язык.
Қазақстан Республикасында.
-Астана

Біздің ұлтымыз-қазақ

- Здравствуйте.

-Орыс тілінде.

Қазақ тілінде-ана тілімізде.
Себебі ,біз өмірге келген күннен бастап бұл тілді анамыздың аузынан естиміз.Осы тіл арқылы бүкіл жақсы қсиеттерді бойымызға жиямыз. Сондықтан да анамыз сөйлеген тілді ана тілі дейміз.
Рефлексивті
коррекциалаушы бөлім
Орыс қызы Наташаға асықтармен ұлттық ойынды үйрету. Әртүрлі ленталар арқылы бір-біріне тілектерін айтып, оқу іс-әрекеттерді қортындылап, қонақпен қоштасу.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: өз ана тілін құрметтеуге үйренді.
Қандай түсініктерді игерді: туған жеріне ,еліне, деген сүйіспеншілікпен қарауды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: өз халқымыздың батырлар жырлар,ауыз әдебиеті туралы.

Уақыты: 09.09.2015ж
Тобы: <<Тұлпар>> ортаңғы.
Тәрбиеші: Опиева Жұмагүл Сүлейменқызы.
Білім беру саласы: <<Қатынас>>
Білім бөлімі : Тіл дамыту.
Мақсаты:
а) Күз мезгілі туралы түсінік беру.
ә) Өлеңді тыңдап ,өз түсінігін жүйелі айтып беруге баулу.
б) Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: серуенде күзгі табиғатты бақылау.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын
Тақырыбы: Алтын күз.
Қажетті көрнекі құрал жабдықтар : күзді бейнелейтін суреттер.
Сөздік жұмыс: жомарт,алтын күз.
Билингвальді компонеттері:алтын күз- золтое осень
Іс әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық қозғаушы бөлімі

Шаттық шеңбері:
Күлімде,күн, күлімде,
Жер жарқырап көгерсін.
Кешегідей бүгін де,
Қанат қақсын көгершін.
Күлімде,күн,күлімде,
Жайнай түсті күнім де,
Жарқыраған жұлдыздай,
Жарқ-жұрық еткен түнімде.
Балалар бірге айтып, жаттығулар жасайды.
Іздену ұйымдастырушы бөлімі

Кіріспе әңгіме.
<<Алтын күз>> туралы әңгіме жүргізу.Күзді неліктен алтынға теңейтіндігі айтылады.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілі бізге қандай сый береді?
-Балалар, күз мезгілін үш кезеңге бөлінеді екен.
Ерте күз, алтын күз, қара күз.Ерте күз - күздің басталуы.Алтын күзде жапырақтардың бәрі сарғайып, алтындай сары күйге енеді.Сондықтан күздің осы мезгілін <<Алтын күз>> деп атаймыз. <<Қара күз>> ағаштардың жапырақтары барлығы түсіп, шөптердің бәрі қурап, жер қараяды. Сондықтан <<Қара күз>> деп аталады.
-Ендеше ,балалар ,бүгін біз І.Байжұманованың <<Күзде>> өлеңімен танысып жаттаймыз.
<<Күзде>> өлеңін 2-3 рет оқып беру.
Күзде.
Алма пісіп,алмұрт түсіп,
Күзде бақтар жайнайды.
Құстар қайтып, қош айтысып,
Қимас үнмен сайрайды.
Сұрақ - жауап.
-Өлеңде не туралы айтылған?
-Құстар қай жаққа ұшып кетеді?
-Жемістер қайда өседі?
Өлеңде не туралы айтылған?
-Құстар қай жаққа ұшып кетеді?
-Жемістер қайда өседі?
Өлеңді жаттатып ,2-3 баладан сұрау.
Сергіту сәті:
Жаңбыр,жаңбыр,жауасын.
Жанымызға дауасың.
Біз ойнайтын ауланың
Тазартасың ауасын.
1. Жұмбақтар шешу.
2. Сурет бойынша әңгімелесу.
Билингвальді компонеттері: алтын күз- золотое осень

-күз
Жеміс-жидек сыйлайды.

Қайталап ,жаттайды.

-Күз мезгілі
-Жылы жаққа
-бақта

Қимылдар жасайды
Күз мезгілі
-Жылы жаққа
-бақта

Қимылдар жасайды.

Рефлексивті
коррекциалаушы бөлім
-Жемістің барлығы үлкен еңбектің арқасында келеді.
Біз оларды күтіп-баптасақ, жемістер бізге мәуесін берреді. <<Еңбекпен келген жемісті дәмі тәтті>> деген мәтел осыдан шыққан.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:өлеңді жатқа айтуға үйренеді.
Қандай түсініктерді игерді: күз мезгілінің ерекшеліктерін. Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауды

Уақыты: 07.10.2015ж
Тобы: <<Тұлпар>> ортаңғы
Тәрбиеші: Опиева Жұмагүл Сүлейменқызы.
Білім беру саласы: << Таным>>
Білім бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Біздің отбасымыз.
Мақсаты:
Балаларды отбасы мүшелері түсінігімен таныстыру.
Балаларға білім беріп,олардың өй-өрісін дамыта отырып, сөздік қорын байыту.
Инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу,суретке қарап әңгіме құрау.
Әдістер-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру,сөздік.
Қажетті көрнекі құралдар мен қажетті құрал-жабдықтар: отбасы туралы суреттер.
Сөздік жұмыс: ата,әже,әке,ана.
Билингвалді компонеттері: ата-дедушка,әже-бабушка,әке-отец,ана-мать.
Іс әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық қозғаушы бөлімі
-Балалар, сендер қай елде тұрасыңдар?
-Қазақстан елінде қандай ұлттың өкілдері тұрады?
барлығы үлкен Қазақстан елінде тұрады. Қазақстан-бұл үлкен ОтанОтбасы кіші Отан болады.Отбасында ата-әже,әке-ана,әпке,аға,іні,қарында болады.Осының барлығы отбасын құрайды.
Қазақстан елінде.
орыс,өзбек,ұйғырт.б.
Іздену ұйымдастырушы бөлімі

Ғажайып сәт: Балалар бізге көрші ауылдан ата мен әже келіпті! Кәнекей, қарсы алайықшы!(Ата мен әже еңкейіп келе жатады.) Ата мен әжеге амандасу.
- Ер балалар! Ассалаумағалекум, ата! Сәлеметсіз бе, әже? - деп қарсы алады.
Ата мен әже: Ал, балалар! Қандай өнерлерің бар? Біз соны көрейін деп келдік.
Балалар: ата, әже біз сіздерге әдемі отбасы туралы тақпақ айтып береміз.
Ата мен әже балаларға мақал - мәтелдерді айтып түсіндіріп береді.
Балалы үй - базар, Баласыз үй - мазар.
Ата тілін алмаған ұлдан без,
Ана тілін алмаған қыздан без.
Рахмет әже біз үлкендердің айтқанын тыңдаймыз ақылды бала болып өсеміз.
Сергіту сәті:
Бас бармағым атам - үйдің данасы,
Балан үйрек әжем - ошақ анасы,
Ортан терек әкем - отау панасы,
Шылдыр шүмек шешем - шаңырақ ажары,
Кішкентай бөбек мен - бәрінің базары.
Фонетикалық жаттығулар. Хор мен қайталау:
А - а - а - ата.
Ә - ә - ә - әже
Ә - ә - ә - әке
А - а - а - ана
Дидактикалық ойын: << Кім жоқ?>>
Үйдің ішіне (ата, әже, әке, ана, аға, қарындасты) іліп қоямыз. Біреуін алып тастаймыз, балалар кім жоқ екенін айтады. (өздері орналастырады.)

Жеке балалармен жұмыс: Отбасы суреттері бойынша әңгіме құрайды.
- Мынау менің атам,
Мынау менің әжем,
Мынау менің әкем,
Мынау менің анам,
Мынау мен өзім Аяжан!

Рефлексивті коррекциалаушы бөлім
-Балалар біздер бүгін кімдермен таныстық?
-Отбасы мүшелеріне кімдер жатады екен?
Біз қандай отбасымыз?
Өте жақсы, балалар отбасы туралы білеміз, Отбасы кіші Отаның. Сол Отанда тату - тәті өмір сүру үшін туысқандардың, әсіресе, бауырларыңмен бір - бірің мен тату болыңдар.
Ата мен әже балалар бізге көмек керек, ұмытып кетіппіз екеуміздің құралдарымыз қосылып кетіпті осы заттарды ажыратып беріңдерші.
Кане, балалар! Ата мен әжеге көмек берейік. Ата мен әже құралдарын бөліп беру.
Ата мен әже көп - көп рахмет, балалар сендер тәрбиелі, ақылды, үлкенді сыйлай білетін азамат болыңдар! Отбасындағы үлкендердің айтқанын тыңдаңдар. Бала бақша сендердің екінші үйлерің балалар! Ата мен әже мадақтап балаларға сыйлықтарын таратады.
- Отбасы мүшелерімен.
- Ата, әже, әке, ана, аға, апа, іні, қарындас жатады.
Біз бақытты отбасымыз

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: : Отбасы мүшелерін ажыратуды және олармен дұрыс қарым қатынас жасауды білді
Қандай түсініктерді игереді: Үлкенді сыйлауды, құрметтеуді, дұрыс сәлемдесуді білуі керек.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Отбасына деген жылы сөздер айтуды, мейірімді, адал болуды

Ұқсас жұмыстар
Сұр қоян
Аспан әлемі
Он үш мүшел жас. 7 сынып
Сандар сырының құпиясы
Өте жақсы балалар
Ұлтты тәрбиелейтін де ата-ана
Адам болу - арманым
Бақытыңды балаңнан ізде
Үшфазалы кернеу трансформаторы орамасының ұштарын белгілеу
Балаларға арналған жаднама
Пәндер