Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Белгісіздік есімдігінің түрленуі

Алматы облысы Панфилов ауданы
Үлкеншыған орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Доспулатова Анар Қонысбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Белгісіздік есімдігінің түрленуі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: белгісіздік есімдігінің түрлену жолын оқушылардың оқу әрекеті арқылы меңгерту, есімдік туралы алған білімдерін ауызша, жазбаша жетілдіру;
ә)дамытушылық: оқушының ойлау қабілетін, ой-өрісін, пәнге қызығушылығын қалыптастыру, дамыту, баяндау машықтығын, талдау дағдысын тұрақтандыру;
б)тәрбиелік: ана тілін қастерлеу, тапқырлыққа, шешендікке баулу, адамгершілік, эстетикалық, имандылық сияқты қасиеттерді оқушы бойына сіңіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: іздену әдісі, түсіндірмелі- көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, таратпа қағаздар, интербелсенді тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеп, олардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
2.Өздік есімдігі бар мақал-мәтел жазып, жаттау.
<<Зымыран>> сұрақтарға жауап алу.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Балалар, жаңа сабақты бастамас бұрын сендерден уәде алып алайын.
* Өз ұлтын сүйетін азамат болу.
* Егеменді елдің ертеңі - біздер.
* Қайда жүрсек те туған тілді ұмытпау.
* Осы сабақта белсенділік көрсету.
* Ешқашан уақытты бос өткізбеу.
* Әрқашан қазақ деген атқа лайық болу.
Осы жолдардан нені байқап тұрсыңдар? (есімдіктерді)
Бүгінгі жаңа сабағымыз <<Белгісіздік есімдігінің түрленуі>> (слайдпен жұмыс)
Затты, сындық белгіні, сан-мөлшерді нақты емес,жорамалдап, нұсқау, меңзеу мағынасында көрсететін белгісіздік есімдіктері көптік, тәуелдік, септік жалғауларын қабылдайды.
1.Біреу,кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме, әлдене, кімде-кім, әлдекім, әркім, әрне.
2.Қайсыбір, кейбір, әр, әрбір.
3.Әлденеше, бірнеше, біраз.
4.Әрқашан, әлдеқашан, әлдеқалай, әлдеқайдан.
Мысалы: Біреу есікті қағып, әлденені айтқысы келгендей болып еді. Оған кейбір адамдар қарсы шыққандай болды. Өйткені олардың жүгі бұрынғыдан әлдеқайда көбейген болатын.
Белгісіздік есімдігінің тәуелденуі
І жақ менің бірдемем І жақ біздің бірдемеміз
ІІ жақ сенің бірдемең ІІ жақ сендердің бірдемелерің
сіздің бірдемеңіз сіздердің бірдемелеріңіз
ІІІ жақ оның бірдемесі ІІІ жақ олардың бірдемелері
Кесте №3
Белгісіздік есімдігінің септелу үлгісі (слайд)
Оқушылардың дәптеріне кестедегі сөйлемдерді жаздырту
І топ. 105-жаттығу Өлең жолдарындағы қарамен жазылған сөздерге мән беріп, талдап, түрленуіне тоқталыңдар.
ІІ топ. 106-жаттығу Есімдіктерді көшіріп жазып,мағыналарына қарай топтаңдар. Түрленуіне назар аударыңдар.
ІІІ топ. 107-жаттығу Төмендегі есімдіктерді пайдаланып сөйлем құрап, морфологиялық талдау жасаңдар.
Әр топ таратпа қағаздардағы берілген тапсырмаларды орындайды.
І топ 1.Берілген сөйлемдердегі белгісіздік есімдіктерін тап және сөйлем мүшесіне талда.
Қыр жолаушысы сияқтанған біреу кіріп келді. Ол үйде
отырғандардың әрқайсысымен қол алысты. Әлдеқайдан әлсіреген бір дауыс естілгендей болды Әрбір тәртіпсіздік, салақтық кейін тартады.
2 << Әлдеқайдан>> сөзіне фонетикалық талдау жаса.
Әлдеқайдан - 10д., 10әр., 4-д-ы, 6д-з,4б.,3т.
Ә - д-ты, жіңішке, ашық, езулік;
л - д-з, үнді;
д - д-з, ұяң;
е - д-ты, жіңішке, ашық, езулік;
қ - д-з, қатаң;
а - д-ты, жуан, ашық, езулік;
й - д-з, үнді;
д - д-з, ұяң;
а - д-ты, жуан, ашық, езулік;
н - д-з, үнді.
ІІ топ 1. Берілген есімдіктерді құрамына қарай талдау
Өздеріңіз, бізге, соның ,кейбіреуі, әлдекімді, әркімге.
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам,
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда,кім болам?
Өлеңнің аты, авторы кім? Жалғастыр
ІІІ топ
1.Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойып жаз. Бір сөйлемге морфологиялық талдау жаса.
..... айтып тұрған қасиеттер .... баладан табылмасына ... кепіл?
..... ертіп жүрген бала қазақтың белгілі ақыны болған Нұржан Наушабаев екен.
..... - Күршім өзені.
......... - Ұлыстың ұлы күніне арналып құрылған киіз үйлер.
... елің - алтын бесік.
Есімдіктер: сіз, осы, кім, бұлар, мына, мынау, өз.
2. << Кейбіреу>> сөзін тәуелдеп жаз
І жақ менің кейбіреуім І жақ біздің кейбіреуіміз
ІІ жақ сенің кейбіреуің ІІ жақ сендердің кейбіреулерің
сіздің кейбіреуіңіз сіздердің кейбіреулеріңіз
ІІІ жақ оның кейбіреуі ІІІ жақ олардың кейбіреулері
VI. Жаңа сабақты қорыту
1. Есімдік дегеніміз не?
2. Есімдіктер мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?
3. Белгісіздік есімдігі дегеніміз не?
4. Белгісіздік есімдігі қалай түрленеді?
5. Мысал келтір
VII. Үйге тапсырма беру
1. <<Белгісіздік есімдігінің түрленуі>> тақырыпты оқу.
2. 109-жаттығу
VIII. Оқушылардың білімін бағалау

Ұқсас жұмыстар
Сөйлемді сөйлем мүшесіне талда
Есімдіктерді салыстыр
Сұрау есімдігінің түрленуі
Етістіктің шақтары туралы түсінік
Өлеңдерінің көркем тілі
Өздік есімдігінің түрленуі
Жіктеу есімдігі
Есімдік
7-сынып қазақ тілі 1 жылдық сабақ жоспар
Есімдіктің септелуі
Пәндер