Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Желбіре,Жеңіс жалауы
Атырау облысы
Жылыой ауданы
Құлсары қаласы
№15 Сүлеймен Карабалин атындағы жалпы
орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы:Желбіре,Жеңіс жалауы!
1-жүргізуші: Уақыт тарих бетін парақтайды. Күн тізіліп, ай алмасып, зымырап жылдар өтеді. Ешбір уақыт ұзақтығы, мерзім межесі көмескіленіп "көзден таса, көңілден ұмыт, қалдыра алмайтын жылдар, оқиғалар болады. Сондықтан халық соғыс әкелген қайғы-қасіретті, миллиондаған адамның өмірін қиып, өркениеті кейінге қайтарған, адам қолымен жасаған ұлы құндылықтарды талқандаған қантөгіс, сұрапыл соғысты ешқашан ұмыта алмайды. ..
2-жүргізуші: Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына міне, 70 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарих атты өз төрешісі бар.
1-жүргізуші: << Ер өлсе де еңбегін ел өлтірмес.
Неше мың жыл өтсе де тарих білмек,- деп Сұлтанмахмұт жырлағандай бүгінгі өміріміз үшін құрбан болған ерлеріміздің ешқашан естен шықпайды, ұмытылмайды. Біздер соғыс қайаланбауы үшін, оның сұмдықтарын ұмытуға еш құқымыз жоқ. Біздер сол кезде біздің өміріміз үшін жанын қиған солдатты ұмытуға құқымыз жоқ. Біздер барлығын есте сақтауға міндеттіміз..
2-жүргізуші:
Ұлы кешке сенген күн,
Фашистерді жеңген күн.
1-жүргізуші:
Ағаларға ерген күн,
Бақыт гүлін терген күн-деп ҚадырМырза Әли ағамыз жырлағандай <<Желбіре,Жеңіс жалауы!>> атты Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнаған шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші:
Бастау алып үлгермей тұнған дарын,
Кеткендерді жөн біліп тұрғандарың.
Отандастар,бір минут тоқтап үнсіз
Еске алайық соғыстың құрбандарын!
1-оқушы:
Соғыс деген - аққан соры ақсүйектің,құлдың да,
Соғыс деген-төккен ары ұлдың және қыздың да,
Соғыс деген - сотқарлардың қолындағы найзасы,
Соғыс деген - соғыс деген - зұлымдықтың айнасы.
2-оқушы:
Қиылды,қанаты тәтті арманның,
Үзілді қайрмасы бақтарда әннің.
Әлемдегі сұмдық күн ана үшін-
Майданға азаматтар аттанған күн.
Анаға ең ауыр күн тіршілікте-
Боздап кеп,боздағымен қоштасқан күн.
1-жүргізуші: Сонымен, Ұлы Отан соғысының кейбір беттерін парақтап барлығын есімізге алып көрейік.
Көрініс: <<Соғыс қасіреті>>
Немересі(қыз бала):Әже,әже!Бүгін менен бақытты адам жоқ.Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер болып бастағым келеді.(әжесін құшақтай еркелей күледі)
Әжесі:Талабыңа нұр жаусын,арманыңа жет ботам!(маңдайынан сүйіп,қасына отырғызады.Әкесі пышағын қайрап,салмақты кейіппен отыра береді,келіні ыдыс алып келе жатып,радиодан хабарды тыңдап тұрып қалады.)
Сахна сыртында:
<<Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! Бүгін, 22 маусым күні таңғы сағат төртте неміс басқыншылары Кеңес Одағының мемлекеттік шекарасына басып кірді...>>
Немересі:
Аттан - деді,
Ол қазір аттанады.
Жауынгердің рөлін атқарады.
Неге бізге үмітсіз тесілесің?
Аттан,әке,
Жолыңнан кешігесің.
Кеудесінде жаны бар пақырларың,
Тауып жейді сенсіз де,несібесін. (әкесін келіп құшақтайды.)
Әкесі:(қолындағы бір жасар баласын беріп тұрып)
Тыңда балам,тыңда күнім,
Болуға жар қолқанат,
Кәрі анам,сәби інің,
Барлығы саған аманат.
Әжесі:
Оралсын аман жеріне,
Көріссін туған елімен.
Келін-ау,көздей қалтаға,
Топырақ салып берерсің.
Келіні (топырақты беріп тұрып)
Кебін киген өледі,
Кебенек киген келеді.
Үлкен үйден дәм татса,
Кешікпей дейді, келеді.(жылап қалады)
Бейнеклипп <<Соғыс жылдары>>
2-жүргізуші: Неміс басқыншыларына қарсы сұрапыл да қорқынышты, қаһарман соғыс басталды...
1-жүргізуші: Соғыс кеңес халқының Отанына, жеріне, еліне деген сеніміне, қаһармандығына, шыншылдығына және мейірбандығына, батылдығына және ержүректілігіне, төзімділігіне сын болды.
Тарихқа шолу
1-оқушы: Неміс фашистерінің шапшаң басып алу әрекетінен 1941 жылдың күзінде Москва қаласына үлкен қауіп төнді. Сол кездегі Кеңестер Одағының астанасынын қорғау үшін, қаланың барлық тұрғыны дерлік қолдарына қару алып жауға қарсы тұрды.
2-оқушы: Бірнеше мыңдаған халық жасақтары құрылды. Москва халқы, негізінен әйелдер мен балалар қолдарына күрек алып танк жолына кедергі жасау үшін қазылған орлар, траншеялар, жер асты үйлерін, бекіністер салды. Аштық пен суыққа, жаудың оғына қарамастан бірнеше жүздеген километр орлар қазылды.
3-оқушы: Жеңіс күні! Бұл күн сонау қырық бірінші жылдың желтоқсанында Москва түбінде қар жамылған далада бір табан кейін шегінбей, астанаға жауды жібермегендер үшін қандай алыс еді...
Көрініс:
Шағын бөлмеде қабырғадағы картаға мұқият қарап,генерал тұрады.
Генерал:Қап!Мына фашистің тікендей қадалып тқрғанын қарашы.Соқыр ішектей созылып тұрғанын лағынеттің.
Осы кезде Бауыржан кіреді.
Бауыржан:Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын,жолдас генерал!
Генерал:Ах,соғыс,соғыс!Майдан,қырғын арпалыс,қылшылдаған аяз,қасарысқан дұшпан.Осының бәріне шыдау керек.
Бауыржан:Тізе бүгіп тірі жүргеннен,тік тұрып өлген артық емес пе?Шыдаймыз,жеңеміз жауды.
Генерал:Капитан Момышұлы!Сізге батальоныңызбен бірге Москва түбін жаудан азат етуді бұйырамын!
Бауыржан:Құп болады,жолдас генерал!
4- оқушы:
Оқып көр Москваның шежіресін,
Кетірген кердең жаудың кежіресін.
Баукеңдей ер қолбасшы қалар ма естен,
Тапты ол тар қыспақта не бір шешім.
Оқып көр Москваның шежіресін,
Көз алдыңа елестер не бір есім.
Оның бірі Сізге аға, Сізге іні,
Еске алшы, ет бауырың елжіресін.
Мол тартқан қан майданның ғаламатын,
Жаттатқан сұм жауға да қазақ атын.
Жан аға, жақсы аға - бетпес баға,
Кім сүймес Бауыржандай азаматын.
1-жүргізуші: Бұл өлең шумақтары Москва түбіндегі шайқаста қол бастап, ерекше ерлік көрсеткен қазақтың батыр ұлдарының бірі Бауыржан Момышұлына арналған. Орыстың белгілі жазушы А.Бек 1944 жылы Москва шайқасын суреттеу, көпшілікке көркем әдебиет тілімен насихаттау мақсатымен <<Арпалыс>> кітабын жазған болатын. Бұл кітаптың незізгі кейіпкері Б.Момышұлының және 28 панфиловшы батырдың жанқиярық ерліктері тамаша суреттелген. Кейін Бауыржанның өзі <<Москва үшін шайқас>> повесі де осы тарихи оқиғаға арналған.
2-жүргізуші: Олар 28 еді! 1941 жылдың 16 қарашасында немістер Москваға Волокалам бағытында ұрысқа шықты. Дубосеково разъезіндегі 1075 - атқыштар полкі 4-ротасының 2-взводы тұрған бекініс шебіне жаудың 30 танкісі шабуыл жасады. Ротаның саяси жетекшісі В.Клочков басқарған взвод жауынгерлері - барлығы 28 адам төрт сағатқа созылған ұрыста жаудың 14 танкісін қиратты. .. Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 панфиловшының 23-і қаза тапты. 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.
1-жүргізуші: Соғыс ждылдары-ақ қазақстандық бес әскери құрамаға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты панфиловшылар дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан батальон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алды.
2-жүргізуші: Жеңіс күні! 1418 тәулікке созылған азаттық күрестің соңғы күні! Аспан көгін салюттер шұғылаландырған, құшақтарға көктем гүлдері толған көптен күткен ұлыстың ұлы күні! Бірақ Ленинград іргесінде блокаданы кеудесімен қорғағандар үшін бұл күн әлі сондай алыс еді...
(Жамбылдың портреті көрсетіледі)
Томар үстінде қолында домбырасы бар гимнастеркалы басы таңылған жас жігіт отырады. Ол алыстағы Ұзынағаштан келген хатты шолып, оны оқып отыр... Бұл жауынгер жігіт ұлы Жамбылдың баласы Әбіл болатын.)
Жауынгер:
<<Жарығым! Сен өз достарың туралы жазыпсың. әрине, олардың бәрін біле бермеспін, көбінің жүзін де көрмеген шығармын, әйтсе де олар да өзіңдей ет-жақыным сияқты болып кетті. Мен олардың ерлігінен көз алмай қадағалаудамын. Әрдайым абыройлы болсын бәрі. Біздің ата-бабаларымыз да қатты айқасты көп өткізген басынан. Батырларымыз бойынан бес қаруын тастамай, айлары мен жылдарын жорықта өткізген. Дені сау, дәті берік жігіттерге соғыс ауыртпалығы сөз бе екен.
Біздің ержүрек жігіттерге ақ басты Жамбылдан сәлем айт. Абыройлы болыңдар, ұлдарым, сендер Отанға, партияға адал қызмет етіп жүрсіңдер, мен бәріңе де ризамын. Ердің ерлігі, жігіттің жігіттігі сыналар шақ бұл.
Әттең, кәрілік! Әйтпесе, үйде отырар ма едім мен? Баяғының батырындай желеулі найза қолға алып, сауыт - сайман асынып, майданға мен де бармас па едім. Менің айтарым осы еді. Мен сендермен біргемін. Жеңіс тез келіп, туған ауылда жолығатын болайық. Әкең Жамбыл>>
5-оқушы: Сол кездегі ауыр жағдайға қарамастан, 1941 жылдың 7 қарашасында Қызыл алаңда әскери шеру өтті. Әскери шерудің өтуі әскерлерді де, Кеңес халқына патриоттық рух берді.
6-оқушы: Бұл әскери шеру жауға үлкен соққы болды. Өйткені, Москваға бірнеше километр жерде жауы тұрған халықтың әскери шеру өткізуі, ол халықтың жеңілбейтіндігін, астананың қорғанысының мықты екенін дәлелдеген еді.
1-жүргізуші: 1942 жылдың жазының ортасында жарты жылға созылған тарихи Сталинград қырғыны басталады.
2-жүргізуші: Сталинград қаласына миллиондаған бомбалар жарылып, фашистердің үлкен армиясы жұмылдырылды. Дегенмен, жаралы, отқа күйген қала жаумен шайқасын жалғастыра берді.
7-оқушы:
Отан үшін! Жеңіс үшін!
Деп солдаттар салып ұран,
Көтерілді атакаға,
Оққа қарсы жауып тұрған.
Сол мезгілде бір жауынгер,
Шойырылды ма, сүрінді ме,
Көкірегін қолмен басып
Құлады, сәл жүгірді де.
Жығылды ол, жығыпты оқ,
Ақты қаны ердің жерге.
Жеткені ме арсыз ажал,
<<Тағы бір жеңдім>> дер ме?
-Жоқ, жоқ! Ажал, қателестің,
Әлі бойда қайратым бар!
Әлі де мен соғысамын!
Қайратым бар, айбатым бар!
8-оқушы:1942жылы 19 желтоқсанда Сталинград түбінде ерлікрен қаза тапқан Нүркен Әбдіровке қайтыс болғаннан соң Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1-жүргізуші: Ұлы Отан соғысындағы партизандар қозғаалысы туралы, олардың ерлік қимылдары туралы тебіренбей айту мүмкін емес. Өйткені, қайталанбас тамаша ерліктері мен көрген ауыр азап, асқан қиындықтарын, таңғажайып табандылық көрсеткендердің ішінде қазақстандық жерлестеріміздің партизан қозғалысына, неміс басқыншылары басып алған жерлердегі қаһармандық күрестерінің алар орны ерекше.
2-жүргізуші:Олар Белоруссия ормандары ма, орыстың кең даласы ма, қай жерде соғысса да, өздерінің туған Қазақстанын, бүкіл елді, халқының жүрегіне ең ыстық, ең қымбат нәрселердің бәрін қорғайтынын айқын білді. Атап айтсақ,Қасым Қайсенов, Әди Шәріпов сынды пратизан ағаларымыздың есімі ешқашан ұмытылмақ емес!
1-жүргізуші:
Айтылмай кеткен аманат: жаудың оғынан қаза тапқан партизандарға арналады..
...Күбірлеп сонда сөйледі ол,
Қолымды қатты бір қысып;
Жас жаны сая тапқандай,
Құтыдан жұтым суды ішіп:
9-оқушы:
-Анам бар ед алпыста,
Аппақ шашын күн сүйген,
Асыл еді жүрегі,
Айнымаған бір күйден,
Бесігіме телміріп,
Ай батқанша қараған.
Ақ уілдір бөбегін
Асқарлы шыңға санаған.
10-оқушы.
Айбарлы туың, ақ балаң
Алысқа кетті дегейсің,
Ажалменен айқасқан,
Шабыста кетті дегейсің.
Жауар күндей күркіреп,
Жауға төнді дегейсің.
11-оқушы:
Адам жегіш жендетті
жаншып өлді дегейсің.
Он фашисті бір өзі
Қанға малды дегейсің.
Қайырылуға тынысы
Жетпей қалды дегейсің.
Ана сенің атыңды,
Ақтап өлді дегейсің,
Жүрегінде имандай
Сақтап өлді дегейсің!
Сахна сыртында:
-Жеңіс! -Жеңіс! -Жеңіс!
2-жүргізуші: <<Біздің жауынгерлерді қыранмен, бүркітпен теңеуді қоятын кез жетті. Қазақ жігіиті Қошқарбаев өз жолдастарымен рейхстагқа ту тікті. Жанған от ішінде, ажал аузында ерлік көрсетті олар. Рақымжанның сол бір ерлігі уақыт өткен сайын ұрпақ алдында тұлғаланып келеді. Ерлік иесіне деген шалқар құрмет барған сайын шалқи түсуде.
1-жүргізуші: 1945 жылдың 1 мамырына қараған түні Рейхстагқа алғашқы Жеңіс туы желбіреді.
2-жүргізуші: Иә, біздер жеңіске жеттік. Біздермен бірге бүкіл Еуропа халқы да жеңіске жетті. Біздер жербетіне жеңіс туын тіктік. Бұл күнді аңсап мыңдаған, жүз мыңдаған боздақ көз жұмды. Жеңіс жолында жанын пида етті. Тірі қалғандар көзінен жасы парлап тұрып сол күні қуанды. Жеңіс күні Сұлтан, Нүркен, Әлия, Мәншүк, Бауыржан, Мәлік, Төлеген бастаған батырларын, жас өмірлерін қиған өзге де қыршындарын еске алу орынды. Соларды еске ала отырып, 9 мамырды Жеңіс мерекесі дейміз.
1-жүргізуші:Жеңіс күнін жақындатуға тылдағы миллиондаған еңбекші халық маңдай терін төкті, табан етін тауысты. Ұлы Жеңстен кейін ел есін жиды, етегін жапты. Миллиондаған халық соғыста қираған қалалар мен шаруашылықты қалпына келтіру үшін аянбай еңбек етті. Бүгінгі заманға жеттік. Қазақстан көп ұлтты мемлекет, бұл ұлы соғысқа жүздеген ұлт өкілдерінің барлығы қатысты. Бұл соғыс сол кездегі кеңес халқының басына келген нәубет еді. Сол апаттың бетін барлық халық бірігіп қайтарды.
2-жүргізуші: Ұлы Отан соғысындағы ұлы Жеңіс достық пен бірлікті жырлаған, ер намысы мен боп атылған, ел даусысы боп шақырған жеңіс. Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел ұландары жерін қорғады, халқының өмірін қорғады, өзі туған өңірін қорғады, ақ сүт берген анасын қорғады, ақ самал ескен даласын қорғады. Осы соғыста қасық қанын қиып ұрыс даласынан қайтпай қалған қаһармандар қаншама! Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігіміздің нұрындай мәңгі шуағын шашпақ!
Жеңіске арнау:
1-оқушы:
Беу дүние, ақыр Жеңіс күні жетті
Жеңіс! Жеңіс! Әлемді дүбірлетті.
Төрт жарым жыл от кешкен оқ астында
Солдат өмір кеңітті көкжиекті
2-оқушы:
Жер жүзін де нұр шашып Жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне!
Аспан бетін қаптаған қара тұман
Серпіліп зұлымдықтың сөнді түні!
3-оқушы:
Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,
Жер бетінен жамандық мүлдем үрікті.
Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,
Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.
4-оқушы:
Жігіттердің қолдарында ержүрек
Алаулады жеңіс туы желбіреп.
Бала біткен шапқылап жүр, мәз - мейрам,
<< Көптен күткен ең ұлы күн келді>> деп
5-оқушы:
<< Жеңіс>> деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы,
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
6-оқушы:
.Шынында бұл - оралған мыңнан бірің,
Бақ нұрына жүзіңді жуған күнің.
Жеңіс күні - өзіңдей көзі тірі
Майдангерлер бәріңнің туған күнің.
7-оқушы:
70 жыл бейбіт көктем таң атақлы,
70 жыл шуақты күн тартты әнін.
Елімде сонан бері 70 рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Соғыста өлгендер тек орлмады.
8-оқушы:
Сен неткен, Отан - анам, ғажап едің,
Әсемдеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағымның бақыты үшін,
Жайнай бер, ұлы Отаным - қазақ елім.
9-оқушы:
Жаңғыртып әнмен аспан кеңестігін,
Халқымыз қуанышта тегіс бүгін,
Жауды жаншып, Отанды азат еткен
Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін.
10-оқушы:
Ағалар саптан шықпасын,
Аналар қабақ шытпасын,
Бақытқа жетіп бар адам,
Сәбилер тыныш ұйықтасын.
Хор: <<Ақ көгершін>>
2-жүргізуші:Ұлы Жеңіс - барша халықтың жеңісі. Сондықтан да кешегі жауынгер, бүгінгі ата-әжелеріміздің жеңіске жетер жолда тындырған ұлан-ғайыр істері біздің жадымызда мәңгі сақталатын дастандай жалғаса береді.
1-жүргізуші:Бейбітшілік жалауы мәңгі желбіресін,ағайын!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz