2-сынып Дүниетану сабағы: Тамырдың мағынасы, қызметі және түрлері

IMG_5426 Ақмола облысы

Степногорск қаласы

А. М. Горький атындағы

№2 орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Минжаноав К. У.

Пән: Дүниетану

2 «А» сынып

Сабақтың тақырыбы: Тамыр

Сабақтың мақсаты: Жаңа тақырыптың мағынасын түсіну. Тұжырым жасап, сыни ойлау. Жаңа ақпарат алу.

Күтілетін нәтиже: Жаңа тақырыптың мағынасын толық түсінеді. Сыни ойлап, тұжырым жасап, өзіндік ойы қалыптасады.

Сабақтың негізгі идеясы: Өсімдік тамырының маңыздылығы және түрлері.

Сабақтың әдісі: 7 модуль, СТО технологиясы, « Ыстық орындық», «Ашық және жабық сұрақтар», «Біз дайынбыз» айдары.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе қағаздар, әдемі қорапша, хат қалта, ватман, маркер, стикер т. б.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

Оқушыларды түгелдеп алу

Психолгиялық дайындық

Табиғат елдің анасы,

Ауасы елдің панасы.

Таңғажайып бұл сый деп,

Ойлап жүр, әрбір баласы.

Табиғатты қорға деп,

Жер- Ананы сақта деп.

Үйреткен бізге қашан да,

Дүниетану сабағы.

Оқушыларды «Сиқырлы қорапша» әдісі арқылы топтарға бөліп алу. Қорапта «Жер», «Ауа», «Су» деген атаулар жазылған. Осы атаулар арқылы оқушылар үш топқа бөлініп орналасады.

Үй тапсырмасын сұрау

«Біз дайынбыз» әдісі арқылы оқушыларға өткен тақырып бойынша үш хат қалта дайындалады. Хат қалтада үй тапсырмасына байланысты сұрақтар дайындалған.

- Тұқымнан өсетін өсімдіктер.

- Тұқымның түрлері

- Адамның көмегінсіз өсетін өсімдіктер

Оқушылар топпен дайындалып бірлесе жауап береді.

Сергіту сәті

Мағынаны тану

Оқушылар жаңа тақырыпты «Бірлесе оқу» әдісі арқылы оқиды. Оқушыларға мәтін үш бөлікке бөліп беріледі. Содан соң тамыр туралы қандай мәлімет алды сол білгендерін флипчартқа түсіреді. Тағы да оқулықтағыдан басқа өсімдік тамырына байланысты жаңа қосымша ақпарат беріледі. Ортаға топпен бірге қорғайды. ( Өздерінің келісіміне байланысты) .

Сабақты «Ыстық орындық» әдісі арқылы қорытындылау

Онда әр топтан осы тақырыпқа байланысты ашық және жабық сұрақтар беріледі.

- Өсімдіктің тамыры қандай қызмет атқарады?

- Қандай тамырлар болады?

- Өсімдікке қоректік затты не жинайды?

- Өсімдік тамырларының ұзын, қысқа болуы себебі неде? т. б.

Кері байланыс

ББҮ кестесін толтыру

Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
Білемін: Өсімдік тамыр арқылы өсетінін білемін
Білгім келеді: Тамырдың түрлері туралы толық білгім келеді.
Үйрендім:

Сексеуіл ағашының тамыры 20 метрге дейін

баратынын білдім

Бағалау оқушыларды смайликтер санына қарап бағалау

Үйге тапсырма 51-52 беттер оқу, жұмыс дәптерге әр түрлі өсімдіктердің суретін салу.


Ұқсас жұмыстар
Дүниетану сабағы: Өсімдіктің сабақ мүшесі - қызметі, түрлері және оқыту жоспары
Дүниетану 1-сынып: Жапырақтың құрылымы, қызметі және түрлері
2-сыныптың дүниетану сабағы: Су - қасиеттері, түрлері және үнемдеу
2-сынып дүниетану сабағы: Жапырақ, тұқым және жеміс
2-сынып дүниетану сабағы: Ұрпақ - тіршіліктің жалғасы
6-сынып биологиясы: Тамырдың түрөзгерістері - ашық сабақ жоспары
Дүниетану 1-сынып: Көкөністердің түрлері, өсуі және пайдасы
Етістік: мағынасы, түрлері және құрамы бойынша қайталау сабағы
3-сынып Қоршаған дүние сабағы: Бұлшық еттер - маңызы, түрлері және қызметі
Өсімдіктің вегетативтік мүшесі - тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz