Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс

Пән Информатика сынып 5 Күні

Тақырыбы: Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс.

Мақсаты:

Білімділік - Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру.

Дамытушылық - оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс істей алу дағдыларын, сөйлеу шеберліктерін дамыту.

Тәрбиелік - жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі : аралас

Құрал-жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, Paint графикалық бағдарламасы

Қолданылған модульдері : Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқытуды басқару және көшбасшылық.

Стратегиялар: « Миға шабуыл», « ДЖИКСО » әдісі, сергіту сәті, рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек».

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Жоспар мазмұны
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақ кезеңдеріУақыты:

І. Кіріспе

1, 5 мин.

Жоспар мазмұны:

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

Мақсаты : жақсы, көтеріңкі көңіл-күйге енгізу, өзіне, өзгелерге сенім арту.

Мұғалімнің іс-әрекеті: Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу; Назарын сабаққа аударту
Оқушының іс-әрекеті: Мұғаліммен амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді. Сабақта жоқ оқушылардың себептерін айтады;
Бағалау: Жарайсыңдар, жақсы.
Ресурстар: Компьютер, интерактивті тақта,
Сабақ кезеңдеріУақыты: 1 мин
Жоспар мазмұны:

«Геометриялық фигуралар» бойынша сыныпты топқа бөлу. Топ басшысын тағайындайды. «Үшбұрыш», «Төртбұрыш» жазылған парақшалар оқушыларға таратылады, осы арқылы оқушылар І топ «Үшбұрыш» және ІІ топ «Төртбұрыш» бөлінеді.

Мақсаты : Сыныпты топта бірлесе жұмыс істеуге, бір-бірімен пікір алмасуға, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Балалар бүгінгі күнге сендерге сәттілік тілеймін.

Сынып оқушыларын шағын топтарға бөлу.

Оқушының іс-әрекеті:

Оқушылар 2 топқа бөлінеді.

Топқа ат беру

Бағалау:
Ресурстар: Геометриялық фигуралар
Сабақ кезеңдеріУақыты: 7 мин.
Жоспар мазмұны:

Үй тапсырмасын тексеру

Мақсаты: Оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін тексеру, тиянақтау

«Миға шабуыл»

Мұғалімнің іс-әрекеті:
  1. Графикалық редактор деген не?
  2. Графикалық редакторды іске қосу тәсілі
  3. Paint не үшін арналған программа, оның қазақшаға аударғандағы мағынасы қандай?
  4. Пиксель дегеніміз не?
  5. Графикалық редактордың құралдарын ата
  6. Дұрыс фигураны қалай саламыз?
Оқушының іс-әрекеті: Қойылған сұраққа жауап береді
Бағалау:

Өте жақсы, тамаша!

Жарайсыңдар

Ресурстар:
Сабақ кезеңдеріУақыты:

ІІ. Тұсауке

сер

2 мин.

Жоспар мазмұны:

Қызығушылықты ояту

«Ой қозғау» стратегиясы

Мақсаты :зейінін арттыру.

Мұғалімнің іс-әрекеті: Суретті ерекшелеуге арналған құралдар не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Оқушының іс-әрекеті: Жауаптарын тыңдау
Бағалау: Өте жақсы
Ресурстар:
Сабақ кезеңдеріУақыты:

Негізгі бөлім

7 мин

1, 5 мин

15 мин

5 мин

Жоспар мазмұны:

Мағынаны тани білу

«ДЖИКСО» әдісі.

Әр топқа мәтіндер беріледі, оқушылар өзара талдап, талқылайды, сосын постер арқылы өз ойларын, түсініктерін жеткізеді.

Серг

Компьютерде тәжірибелік жұмыс

Мақсаты: сабақта алған білімдерін дамыту

Жаңа сабақты бекіту.
«Сен - маған, мен - саған» әдісі

Мұғалімнің іс-әрекеті:

/Дәптерге бүгінгі күн мен жаңа тақырыпты жазғызу/

Суретті өзгерту үшін, алдымен оны тұтастай немесе оның қажетті бөлігін-фрагментті ерекшелеп алады.

Ерекшелеу үшін : « Ерекшелеу» сайманы қолданылады.

Ерекшеленген фрагменттің жан-жағында пунктирлі сегіз ерекшелеу маркері бар қоршау пайда болады

Суретті тұтастай ерекшелеу үшін Ctrl+A пернелер тіркесімен пайдалануға немесе Ерекшелеу- Бәрін ерекшелеу бұйрығын орындауға болады. Ерекшеледен бас тарту үшін басқа сайманды таңдасаңдар жеткілікті.

1 топ. Үзіндіні көшіру, Үзіндіні жылжыту.

2 топ. Үзіндіні көбейту, Үзіндіні бұру.

1 . Көбелектің суретін салу

2. Кескінді бірнеше рет көшіру.

3. Суреттің мөлшерін барлық мүмкін тәсілдермен өзгерту.

4. Әр өзгертуді жазып, белгілеу.

Мысалы, «30 градусқа бұру»

5. Суретті сақтау.

Оқушыларға өз бетінше сұрақ дайындап отыруға тапсырма беріледі. Әр қайсысы қарсылас топтағы оқушыға сұрағын қояды. Жауап бере алса ұпай топқа қосылады. Жауап бере алмаса сұрақ берушіге жауап беруге мүмкіндік беріліп ұпай өзінде қалады.

Оқушының іс-әрекеті:

Дәптерлеріне, маңызды, жаңа сөздерді жазып алады.

Қозғалысқа түсу арқылы бойларын сергітеді.

Бағалау: Жарайсыңдар, өте жақсы.
Ресурстар:

Интерактивті тақта

Компьютер

Сабақ кезеңдеріУақыты:

Рефлексия Қорытын ды.

2 мин.

Жоспар мазмұны:

Ой толғаныс сатысы

Кері байланыс

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушыларға стикер тарату.

  • Бүгінгі сабақта саған не ұнады\ұнамады?
  • Сенің пікірің немесе ұсынысың.
Оқушының іс-әрекеті:
Бағалау:
Ресурстар: Стикерлер
Сабақ кезеңдеріУақыты: 2 мин.
Жоспар мазмұны: Бағалау
Мұғалімнің іс-әрекеті: Сабақты қорытындылау
Оқушының іс-әрекеті: Оқушылардың талдауы тыңдалады.
Бағалау:
Ресурстар:
Сабақ кезеңдеріУақыты: 1 мин.
Жоспар мазмұны: Үйге тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті: §16. Сурет бөліктерімен жұмыс істеу
Оқушының іс-әрекеті: 136 беттегі жасыл жазумен жазылған 1-4 тапсырмалар
Бағалау:
Ресурстар: Конспект

\


Ұқсас жұмыстар
Үзінділермен жұмыс
Суреттің үзінділерін ерекшелеу
Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Көзге арналған жаттығулар
Суреттің үзінділерін ерекшелеу. суреттің үзінділерімен жұмыс. 5-сынып
Практикалық сабақ
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
Ақпарат және ақпараттық үрдістер. авторлық бағдарлама
Paint графикалық редакторы. 7 сынып
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Түсін өзгерту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz