Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Тіл дамыту. Қазақ тіліндегі сөздердің тасымалдануы

І тоқсан. 21-сабақ
Күні:_________
Сыныбы: 6
Пәні: қазақ тілі
ІІ Модуль. Менің достарым. Олардың мінезі, жақсы қасиеттері
Қатыстық сын есім. Қимыл-сын үстеу. Қазақ тіліндегі сөздердің тасымалдануы. Сөз екпіні
Тақырыбы: Тіл дамыту
Мақсаты:
1) білімділік: оқушыларды тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге үйрету, тақырып бойынша тіл дамыту жұмыстарын орындатқызу.
2) дамытушылық: ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, сөздік қорларын байыту.
3) тәрбиелік: ақылдылыққа, әдемілікке, әдептілікке, достықты қадірлеуге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Сынып тазалығына көңіл бөлу
4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырма. Сызба бойынша достарың туралы әңгімелеңдер.
аты
ермегі
мінезі
Менің досымның бойы
шашы
сыныбы
жылы
2-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақ қою арқылы қимыл-сын үстеуді табыңдар.
Арманның арманы
Менің Арман атты досым бар. Ол жексенбі күні бостан-бос жүрмейді. Өзіне ұнайтын істермен шұғылданады. Таңғы асын тез ішіп болып, орманнан ағаштар әкеледі, оны бірден жонып, түрлі мүсіндер жасауға кіріседі. Апта бойына ол мүсіндердің суретін жинайды да, бос уақытында соны ағашқа ойып, бір мүсін жасауға тырысады. Досымның үйіндегі түрлі ағаштан жасалған бұйымдар, кітап сөрелері көп-ақ. Ол Арманның қолынан шыққан заттар. Болашақта ол шебер болуды армандайды.
3-тапсырма. Жақша ішіндегі сөздердің дұрысын қойып, диалогті жұптасып оқыңдар.
Арман қай күні бостан-бос жүрмейді?
Арман (жексенбі, сәрсенбі) күні бостан-бос жүрмейді.
Ол орманнан не әкеледі?
Ол орманнан (суреттер, ағаштар, жапырақтар) әкеледі.
Болашақта ол кім болуды армандайды?
Болашақта ол (шебер, инженер) болуды армандай - ды.
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдердің бірін қойып жазыңдар.
Қазіргі кезде бос отырған адамды көрмейсің, аптаның ... күні жұмыста, мектепте, үйге кешкі мезгілде жиналады. Көбіне бос уақыт деп біз аптаның ... күні - жексенбіні айтамыз. ... жылы ... желтоқсанда Тәуелсіздік күніне ұйымдастырылған көрмеде Арманның ағаштан жасалған <<Қыран бүркіт бейнесі>> бірінші орынды жеңіп алса, Ақтөбе қаласында болған көрмеде <<Баласын құшағына алып отырған ана>> бейнесі бас жүлдені иемденді.
Тірек сөздер: алты, жетінші, 2014, он алтыншы.
Үйге тапсырма. 5-тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер.
Жексенбіде үйде отырған дұрыс па?
Сен досыңның бос уақытта немен шұғылданатынын білесің бе?
Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы
Бағалау

Ұқсас жұмыстар
Нәтиже сабақ . Қазақ тіліндегі сөздердің тасымалдануы
Бата беру
Достық. Дос деген кім
Менің досымның мінезі
Орыс тілінен енген сөздер
Сөздерден сөйлем шығар
Кірме сөздер
Диалогтік мәтіндер
Жыраулар поэзиясындағы көне сөздер
Тақырыпқа қатысты мәтіндер
Пәндер