6-сынып қазақ тілі: Бата беру - қатыстық сын есім, қимыл-сын үстеу және ауызекі сөйлеу дағдысы

І тоқсан. 23-сабақ

Күні:

Сыныбы: 6

Пәні: қазақ тілі

ІІ Модуль. Менің достарым. Олардың мінезі, жақсы қасиеттері

Қатыстық сын есім. Қимыл-сын үстеу. Қазақ тіліндегі сөздердің тасымалдануы.

Сөз екпіні

Тақырыбы: Бата беру

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, сөздік қорларын байыту.

3) тәрбиелік: ақылдылыққа, әдемілікке, әдептілікке, достықты қадірлеуге тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен амандасу

2. Оқушыларды түгендеу

3. Сынып тазалығына көңіл бөлу

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру. Жаттаған мақал-мәтелдерін айту

Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.

3-тапсырма. Мәтінді оқып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңдер.

Сөздік: ұяла сөйлеу - говорить стесняясь, дәм татқызу - угощать, аттану - отправляться в путь, әдептілік - воспитанность, мәдениет - культура, демалыс үйі - дом отдыха жолдама - направление уайымдау - волноваться бата алу - принять благословение сөзін тастамау - прислушиваться

Бата беру

Менің досым Әсем - үздік оқушы. Мінез-құлқы да жақсы. Өлең-жырды көп оқиды. Сондықтан оған демалыс үйіне жол­дама берілді.

Анасы Әсемнің киім-кешегін дайындап, әрі қуанып, әрі «бұрын алыс жолға шықпап еді» деп уайымдап жүр. Ертең жүреді деген күні: -Алыс жолға жүрейін деп отырсың, ауылдағы үлкендерге кіріп, батасын алып кел, - деп ақыл айтты.

Анасының сөзін жерге тастамайтын Әсем мені ертіп, Ажар апаларға, Бақытгерей, Сырым аталарға барып, сәлем берді.

  • Ертең демалыс үйіне барғалы жатыр едім, сіздермен қоштасуға келдім, - деді Әсем сәл ұяла сөйлеп.
  • Сапарың оң болсын!
  • Аман жүр, қарағым!
  • Өркенің өссін! - деп үлкендер риза болып, батасын беріп, үйлерінен дәм татқызды.

Ұзақ жолға аттанарда немесе алыс сапардан, қаладағы оқудан келген бала, жасы кіші адам ауылдағы үлкендерге сәлем беріп, батасын алады.

Бұл - әдептіліктің, үлкенді сыйлай білудің, мәдениеттіліктің белгісі.

(Ф. Оңғарсыновадан)

Жоспар:

  1. Әсем - үздік оқушы.
  2. Анасының ақылы.
  3. Үлкендердің батасы.
  4. Сәлем беріп, бата алу - мәдениеттіліктің белгісі

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма . 4-тапсырма. «Бата беру» мәтініндегі Әсемге мінездеме беріңдер. Мінездемедегі әр сөзге екпін қойып жазып келу.

Бағалау


Ұқсас жұмыстар
6-сынып Қазақ тілі: Менің достарым - қатыстық сын есім, қимыл-сын үстеу және сөз екпіні бойынша нәтиже сабақ
6-сынып қазақ тілі. ІІ модуль Менің достарым - Тіл дамыту: қатыстық сын есім, қимыл-сын үстеу, тасымал және сөз екпіні
6-сынып қазақ тілі (I тоқсан, 17-18-сабақтар): Достық пен адамгершілік; қатыстық сын есім, қимыл-сын үстеу және сөз екпіні
6-сынып қазақ тілі: Менің досымның мінезі - қатыстық сын есімдер және мінездеме
Сын есімнің мағыналық түрлері: сапалық және қатыстық сын есімдер (6-сынып)
6-сынып қазақ тілі: Сын есім туралы сабақ жоспары
Сабақ жоспары №30 - 6 А сынып: Сын есімнің мағыналық түрлері (сапалық және қатыстық сын есімдер)
2-сынып қазақ тілі сабағы: Сын есім
6-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағының жоспары: Мектептегі үйірмелер және сын есім
Сын есімнің мағыналық түрлері: сапалық және қатыстық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz