6-сынып Қазақ тілі: Менің достарым - қатыстық сын есім, қимыл-сын үстеу және сөз екпіні бойынша нәтиже сабақ

І тоқсан. 24-сабақ

Күні:

Сыныбы: 6

Пәні: қазақ тілі

ІІ Модуль. Менің достарым. Олардың мінезі, жақсы қасиеттері

Қатыстық сын есім. Қимыл-сын үстеу. Қазақ тіліндегі сөздердің тасымалдануы. Сөз екпіні

Тақырыбы: Нәтиже сабақ

Мақсаты:

1) білімділік: модуль бойынша алған білімдерін тексеру.

2) дамытушылық: ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, сөздік қорларын байыту.

3) тәрбиелік: ақылдылыққа, әдемілікке, әдептілікке, достықты қадірлеуге тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен амандасу

2. Оқушыларды түгендеу

3. Сынып тазалығына көңіл бөлу

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру. 4-тапсырма.

Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.

1. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

Адамға ақыл беретін қандай дос? А. адал Б. арам В. жаман дос Г. ақыл бермейді

  1. Қатыстық сын есім қайсы?

А. адал Б. әдемі В. үлкен Г. ақылды

  1. Жүз теңгең болғанша, . . .
  1. жүз сомың болсын Б. жүз досың болсын
  2. жүз жауың болсын Г. екі досың болсын
  1. Ақырын, тез, бірденүстеулері қандай үстеу түріне жатады?
  1. Мақсат Б. мекен В. қимыл-сын Г. мезгіл
  1. «Екі бала дос болса . . . » өлеңінің авторы кім?
  1. Ө. Тұрманжанов Б. Б. Ысқақов
  2. М. Мақатаев Г. Ж. Жабаев
  1. Тасымалдауға болмайтын сөздердің қатарын атаңдар.
  1. үлкен, дастарқан Б. ара, аяқ, төрт
  2. дүкен, еңбек Г. Ақтөбе, Атырау, Алматы
  1. Мінез дегеніміз не?
  1. адамның түрі Б. адамның жақсы қасиеті
  2. адамның ішкі болмысы Г. адамның сөзі
  1. Білімді, еңбекқорқандай сын есімдер?
  1. қатыстық Б. сапалық В. негізгі Г. салыстырмалы
  1. Достың жақсы қасиетін атаңдар.

А. ашушаң Б. өтірікші В. мақтаншақ Г. сенімді

  1. Қазақ тілінде екпін сөздің қай буынына түседі?

А. бірінші буынға Б. соңғы буынға В. тұйық буынға Г. екпін болмайды

2 . Бақылау сұрақтарына жауап беріп, тапсырмаларды орындаңдар.

  1. Дос қандай болу керек деп ойлайсыңдар?
  2. Қатыстық сын есім дегеніміз не? Бірнеше мысал келтіріңдер.
  3. Дос, достық туралы мақал-мәтел айтыңдар.
  4. Қимыл-сын үстеудің сұрақтарын атаңдар.
  5. Сөздер қалай тасымалданады?
  6. «Менің досымның жақсы қасиеттері мен мінездері» деген тақырыпқа шағын шығарма жазыңдар.

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма . Қайталап келу.

Бағалау


Ұқсас жұмыстар
6-сынып қазақ тілі. ІІ модуль Менің достарым - Тіл дамыту: қатыстық сын есім, қимыл-сын үстеу, тасымал және сөз екпіні
6-сынып қазақ тілі (I тоқсан, 17-18-сабақтар): Достық пен адамгершілік; қатыстық сын есім, қимыл-сын үстеу және сөз екпіні
6-сынып қазақ тілі: Бата беру - қатыстық сын есім, қимыл-сын үстеу және ауызекі сөйлеу дағдысы
6-сынып қазақ тілі: Менің досымның мінезі - қатыстық сын есімдер және мінездеме
6-сынып қазақ тілі: Сын есім туралы сабақ жоспары
Сабақ жоспары №30 - 6 А сынып: Сын есімнің мағыналық түрлері (сапалық және қатыстық сын есімдер)
Сын есімнің мағыналық түрлері: сапалық және қатыстық сын есімдер (6-сынып)
Сөз таптары: зат есім, сын есім, сан есім және етістік бойынша сабақ жоспары
2-сынып қазақ тілі сабағы: Сын есім
6-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағының жоспары: Мектептегі үйірмелер және сын есім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz