6-сынып. Қазақ тілі. Менің елімнің ақшасы: мекен үстеу және буын үндестігі (25-сабақ)

І тоқсан. 25-сабақ

Күні:

Сыныбы: 6

Пәні: қазақ тілі

ІІІ Модуль. Менің елімнің ақшасы

Мекен үстеу. Буын үндестігі

Тақырыбы: Ақша

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге үйрету, буын үндестігі, мекен үстеу жайлы түсініктерін кеңейту.

2) дамытушылық: ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, сөздік қорларын байыту.

3) тәрбиелік: ақылдылыққа, әдемілікке, әдептілікке, достықты қадірлеуге тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен амандасу

2. Оқушыларды түгендеу

3. Сынып тазалығына көңіл бөлу

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

1-тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесіңдер.

  • Қағаз ақшалар қашан пайда болған?
  • Өте ертеде Қытайда пайда болған.
  • Алғашқы металл тиыңдар қайда пайда болған?
  • Грекия мен Кіші Азияда күмістен соғылған. Бертін келе мықты болу үшін алтын, күміс сияқты асыл металдарға мыс қосқан металл ақшалар шығарыла бастаған.
  • Ал Қазақстанда металл ақша қайдан табылған?
  • Орта ғасырларға жататын көне қалаларда, обаларда жүргізілетін археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылды. Мысалы: Тараз, Отырар, т. б.
  • Ұлттық ақша - теңге айналысқа қашан шығарылды?
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы пайдалануға 1993 жылдың қарашасында енгізілді.

2-тапсырма. Ережемен танысып, есте сақтаңдар.

Буын үндестігі - сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып үндесуі. Буын үндестігі сөз бен қосымша арасында да сақталды. Мысалы: ақ-ша-сы, е-лім-нің.

Мекен үстеу қимылдың болу орны мен бағытын білдіреді (қайда? қалай? қайдан?) . Мысалы: осында, бері, ілгері, жоғары, төмен, алға, артқа, ішке, мұнда, іште, т. б.

3-тапсырма. Төменде берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңдар.

Бері кел, ілгері жүр, осында қал, алға шық, артқа қара.

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. 4-тапсырма. Сөздерден сөйлемдер құраңдар. Жуан буынды сөздерді құрамына қарай талдаңдар.

  1. Пайда, болды, заманда, ежелгі, ақша.
  2. Тауар өндірісінің, дамуындағы, болып табылады, шарт, алғы, ақшалар.
  3. Құралады, теңге, тиыннан.

Бағалау


Ұқсас жұмыстар
Үндестік заңы және буын үндестігі: қазақ тілі сабақ жоспары
6-сынып қазақ тілі: Үстеу туралы жалпы түсінік
Мекен үстеу туралы бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
6-сынып Қазақ тілі: Менің достарым - қатыстық сын есім, қимыл-сын үстеу және сөз екпіні бойынша нәтиже сабақ
5-сынып Қазақ тілі сабағы: Сөйлеу мәдениеті - мәтінді түсіну, амандасу және буын үндестігі
Бастауыш сыныптарға арналған қазақ тілі сабақ жоспарлары: Біріккен сөздердің жазылуы, сөз таптарын қайталау, буын үндестігі
Құланды орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекова Айсулу Қыдырғожақызының Мекен үстеу тақырыбындағы сабақ жоспары
6-сынып қазақ тілі. ІІ модуль Менің достарым - Тіл дамыту: қатыстық сын есім, қимыл-сын үстеу, тасымал және сөз екпіні
6-сынып қазақ тілі: Бата беру - қатыстық сын есім, қимыл-сын үстеу және ауызекі сөйлеу дағдысы
5-сынып қазақ тілі сабағы: Буын және оның түрлері - сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz