Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Теңгенің шығу тарихы

І тоқсан. 26-сабақ
Күні:_________
Сыныбы: 6
Пәні: қазақ тілі
ІІІ Модуль. Менің елімнің ақшасы
Мекен үстеу. Буын үндестігі
Тақырыбы: Теңгенің шығу тарихы
Мақсаты:
1) білімділік: оқушыларды тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге үйрету, теңгенің шығу тарихы жайлы түсініктерін кеңейту.
2) дамытушылық: ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, сөздік қорларын байыту.
3) тәрбиелік: ақылдылыққа, әдемілікке, әдептілікке, достықты қадірлеуге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Сынып тазалығына көңіл бөлу
4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер. Мәтінге ат қойыңдар.
Теңгенің өз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға көп жыл уақыт қажет болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990 жылы теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Ең алғашқы теңге Англияның ең көне әрі әйгілі <<Харрисон және ұлдары>> фабрикасында басылып шықты. 1995 жылы Алматыда өз банкнот фабрикамыздың тұсауы кесілді. Қазір Тәуелсіз Қазақстан төл валютасын өз елімізде басып шығарды. 2006-2011 жылғы банкнот фабрикасы ұлттық ақшаның түрлерін басып шығарды. Теңгенің 2006 жылғы дизайны өзгерді.
(Энциклопедиядан)
Сұрақтар:
Ұлттық теңгені жасауға қанша уақыт қажет болды?
Теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын топ нешінші жылы құрылды?
Ең алғашқы теңге қайда басылып шықты?
Өз банкнот фабрикамыз қайда және қашан жұмыс істей бастады?
Теңге дизайны қашан өзгерді?

Жылы
Мәліметтер
1990 ж.
1995 ж.
2006 ж.
2006-2011жж.
Төл ақшаның алғашқы үлгісі жасалды.
Алматы қаласында банкнот фабрикасының тұсауы кесілді.
Теңгенің дизайны өзгерді.
Банкнот фабрикасы ұлттық ақшаның түрлерін басып шығарды.

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы
Үйге тапсырма
6-тапсырма. Мәтін негізінде кестеден мәліметтерді пайдалана отырып, сөйлемдер құраңдар. Жуан буынды сөздерді екі сызықпен белгілеңдер. Айырмашылығын түсіндіріңдер.
Бағалау

Ұқсас жұмыстар
Теңге
Орта мерзімді жоспар
Теңгенің тарихы
Ақша теориясы
Темір монеталары айналымға енді
Ұлттық валютаның әлемдік экономикада алған рөлі мен даму стратегиясы
Қағаз ақшалар
Ақша қызметтері
Тарихы терең төлтаңбам
Теңге – мемлекет келбеті
Пәндер