Сабақ жоспары :: География

Файл қосу

Атмосфералық қысым туралы

Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық қысым
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Оқушылардың белсенділігін арттырып, өз-өзіне баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды тез ойлауға, тез есептеуге, шапшаңдыққа тәрбиелеу;
Дамытушылық: Осы тарауда нені білді,қандай шамалармен танысты, алған білімдерін есте сақтау мақсатында оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін дамыту.
Сабақта қолданылатын көрнекілік құралдар: әр түрлі сызбалар, суреттер, макеттер, Паскаль шары, цилиндр, Архимед шелегі.
Сабақтың өту барысы:
1. Топ жетекшілері топтарының аттарын қорғау;
2. Физикалық диктант;
3. Сөзжұмбақ;
4. <<Зерделілер>> сайысы (әр топтан бір оқушы шығып тәжірибе жасайды және оны қортындылайды);
5. Сәйкестікті табу;
6. Минитест;
7. Үй тапсырмасы.
1. Топтың атын қорғау
Бірінші топ: Паскаль тобы
Екінші топ: Архимед тобы
2. Физикалық диктант
Жер бетіне және ондағы барлық денелерге не әсер етеді?
Қысымның формуласы.
Атмосфералық қысымды өлшеудің тәсілін ойлап тапқан ғалым кім?
Биіктікті көрсететін анероид қалай аталады?
Адамның қан айналым жүйесіндегі қысымды өлшейтін құрал қалай аталады?
Архимед күшінің формуласының жазылуы қалай?
Жауаптары:
1. Атмосфералық қысым
2.3. Торричелли
4. Альтиметр
5. сфигмометр, тонометр
6.
3. Сөзжұмбақ шешу
Атмосфераның ең төменгі қабаты қалай аталады?(тропосфера)
Қысыды бақылап отыруға қажетті аспап.(манометр)
Жер бетінің ауа қабаты қалай аталады? (атмосфера)
Бурдон манометрі басқаша қалай аталады?(түтікті)
Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрылғы.(барометр)
Қысымның орысша аудармасы.(давление)
Күштің өлшем бірлігі. (ньютон)
4. <<Зерделілер>> сайысы (әр топтан бір оқушы шығып тәжірибе жасайды және оны қортындылайды);
Паскаль тобы: Архимед тәжірибе жасау
Архимед тобы: Паскаль шарымен тәжірибесін жасау
5. Сәйкестікті табу
Архимед күші а.
2. Қысым б.
3. Көлем с.
4. Ауырлық күші әрекет
ететін сұйықтың қысымы д.
5. Тығыздық е.
6. Минитест
1. Торричелли түтігінің ішіндегі сынап деңнейі көтерілген кезде
атмосфералық қысым қалай өзгереді?
А. Азаяды
Б. Артады
С. Сынаптың биіктігі атмосфералық қысымға тәуелді емес
Д. Бастапқыда кенет артады, содан кейін төмендейді.
2. Екі жағы бұрандалы металл түтік қалай аталады?
А. Штатив
Б. Поршень
С. Нипель
Д. Сорғы
3. Анерод сөзі гректілінен аударғанда қандай мағына береді?
А. Ауа
Б. Ауырлық
С. Сұйықсыз
Д. Жүрек соғысы
4. Қалыпты атмосфералық қысымның мәні неге тең?
а) 1 Н
б) 760 мм. Сын. Бағ.
с) 10 Па
д) 760 Па
5. Атмосфералық қысымның өлшем бірлігіне нені алуға болады?
А. Кг немесе г
Б. Н немесе кН
С. Па немесе мм.сын. бағ.
Д. м/с немесе км/сағ
Үй тапсырмасы:
Паскаль тобына есеп:
Судың 0,6 м тереңдіктегі қысымын табыңдар.
Архимед тобына есеп:
Суға 0,01 м³ болатын дене батырылған. Осы денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар.

Ұқсас жұмыстар
Атмосфералық қысым
Атмосфералық қысымды өлшеу
Атмосфералық қысым. атмосфералық қысым, атмосфералық қысымның пайда болу себептері
Тақырып Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі. Барометр
Осыдан соң Атмосфералық қысым
Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруін көрсететін құрал
Атмосфералық қысым. торричелли тәжірибесі. барометр
Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруі
Метеорологиялық элементтер
Қысым қызықтары
Пәндер