Математика сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары

D:\семьянын фотолары\семья суреттері\отбасы суреттери\20141204_123610.jpg

Мекен-жайы:

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Березов ауылы

Конторский переулок №11, Индекс: 65797

Березов мектеп-балабақша кешенінің математика пәнінің мұғалімі

Киясова Канслу Нуртазаевна тел:87055904799

Эл. почта: kanslu_k84@mail. ru

Тақырыбы:Математика сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары

(5-сыныпқа арналған факультативтік курс)

Түсінік хат

Қазіргі дәуірде математиканың негізін меңгеру жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің бірден - бір негізгі элементі болып табылады.

Математиканың практикалық пайдасы, оның адам тәжірибесінде күнделікті меңгерілетін қарапайым түсініктерден бастап, ғылыми және техникалық идеялды дамыту үшін сандық қатынастарды қамтитын пән болып келуінің шарттарынан шығады.
Білім беру үрдісінде қазіргі заман талабы-оқушының жан-жақты іс-әрекеттік қабілетін кеңейтіп, жалпы өмірлік, кәсіби компетенцияларын дамыту және қалыптастыру үшін математикалық білім беру сапасын арттыру мәселесіне тірелетіні анық.

Математикалық білім сапасын арттыру үшін оқушылардың ізденіс жағдайында жұмыс жасауын қамтамасыз ету бағытында:

-оқушыларға математика мазмұнының теориялық негіздерін меңгерту, танымдық тапсырмалар арқылы шығармашылыққа баулу;

-оқушылардың математикалық есептер шығару дағдыларын дамыту мақсатында есепті шығару жоспарын құру, есепті шешудің тиімді тәсілдерін іздестіру, есеп шығару жоспарының әрбір логикалық қадамын талдау;

-оқушының есеп шығару шеберлігі арқылы оның математикалық танымдық дамуын және әрекетінің белгілі бір сапасын анықтау;

-оқушылардың математика пәнін оқуда саналы жауапкершілік қатынастарын тәрбиелеу

әдістемелеріне көңіл бөлінеді.

Курстың мақсаты:

  1. Оқушының жан - жақты тұлға ретінде, әр түрлі тапсырмалар арқылы даму деңгейін анықтау;
  2. Пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқытуды оқушының дамуына бағыттай ұйымдастыру;
  3. Натурал сандарға амалдар қолданудың өзге түрлерін қарастырып, жұп және тақ, жай және құрама сандарды түсіне білу;
  4. Әрбір тақырыптарға сәйкес логикалық есептерді шығару;
  5. Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерге амалдар қолдана білу;
  6. Пайыздарға берілген есептерді шығара білу.

Курстың міндеті:

  1. Тапсырмаларды орындау барысында игерген түсініктері мен іскерліктерін дамыту;
  2. Оқушыларға сандардың бөлінгіштігін пайдалана отырып, ауызша есептеуді үйрету;
  3. Логикалық ойды жетілдіруге арналған есептерді шығара отырып танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару дағдысын қалыптастыру;
  4. Оқушыларды күрделі есептерді шығаруға машықтандыру;
  5. Алған білімдерін кеңейту, есептеу барысында шешімдерін тез таба білуін арттыру.

Күтілетін нәтиже :

  1. Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдануды нығайтады;
  2. Сан мен фигуралар арасындағы байланыс, математикалық софизмдер туралы түсінік қалыптасады;
  3. Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді көбейту мен бөлудің, қосу мен азайтудың тиімді тәсілдерін меңгереді;
  4. Пайызға берілген әр түрлі есептерді шығаруды үйренеді;
  5. Оқушылардың шығармашылық қабілеті артады;
  6. Қызықты тапсырмалар орындау арқылы логикалық ойлауы дамиды;
  7. Ептілік пен шапшаңдыққа үйренеді.

Математика сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдарының мазмұны мен құрылымы.

5- сынып

Курс 5 бөлімнен тұрады: Арифметика сыры атты бөлімде :натурал сандарға амалдар қолданудың өзге түрлері және оларға қолданылатын қасиеттері, теңдеулер мен өрнектерді ықшамдауға берілген. Қызықты геометриялық фигураларда бұрыштар, аудан және периметр арқылы шығарылатын есептер. Логикалық ойлауды жетілдіру математикалық софизмдер мен бөлінгіштің қасиеттері, олимпиада есептерінің түрлерін қарастыру. Керемет бөлшектер жай бөлшектер мен ондық бөлшектер туралы және оларға қолданылатын амалдар, қасиеттері. Пайыздарға берілген есептер: пайыз және есептерде қолданылатын пайыздар туралы түсінік, шығару жолдары.

  1. Арифметика сыры. (7сағ)

Әр түрлі тапсырмалар арқылы балалардың даму деңгейін анықтау. Сандар сыры. Сандар тізбегі. Математикалық фокустар. Сан мен фигура арасындағы байланыс. Суретке қарап, есептер мен теңдеулер құрастыр. Сынақ сабақ.

  1. Қызықты геметриялық фигуралар. (3 сағ)

Бұрыштар. Бас қатырғыш формула. Сынақ сабақ

  1. Логикалық ойлауды жетілдіру. (6сағ)

Математикалық софизмдер. Олимпиада есептері. Сұйықтарды құю есебі. Екі таңбалы сандардың 11-ге көбейту ережесі және натурал сандардың 6-ға, 15-ке, 45-ке бөлінгіштік белгілері. Қалжың есептер. Көңілді сұрақтар.

  1. Керемет бөлшектер. (14 сағ)

Жай бөлшектер. Есептер шығару. Жай бөлшектер мен аралас сандарды қосу және азайту. Халық есептері. Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту және бөлу. Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер. Сынақ сабақ. Ондық бөлшектер. Ондық бөлшектерді қосу және азайту. Ондық бөлшектерді көбейту және бөлу. Есептер шығару. Қызықты есептеулер. Сынақ сабақ.

  1. Пайыздарға берілген есептер. (4сағ)

Пайыз. Пайыздарға берілген бірнеше есеп түрлері. Өмірде жиі кездесетін пайыздар. Қорытынды сабақ

«Математика сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары» атты факультативтік сабағының

күнтізбелік- тақырыптық жоспары. 5-сынып

Сабақтың тақырыбы
Сағат саны
Күтілетін нәтиже
№: 1. Арифметика сыры . 7сағ
№: 1.
Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі тапсырмалар арқылы балалардың даму деңгейін анықтау.
Сағат саны: 1
Күтілетін нәтиже: Сабаққа қызығушылығы оянады, білімге деген сенімі нығайып, ынтасын артады. Сандардың өмірде қолданылуы мен математикамен байланысын түсінеді, сандардың басқа да пәндерде қолданылатыны туралы біледі.
№: 2.
Сабақтың тақырыбы: Сандар сыры.
Сағат саны: 1
№: 3.
Сабақтың тақырыбы: Сандар тізбегі.
Сағат саны: 1
№: 4.
Сабақтың тақырыбы: Математикалық фокустар.
Сағат саны: 1
№: 5.
Сабақтың тақырыбы: Сан мен фигура арасындағы байланыс.
Сағат саны: 1
№: 6.
Сабақтың тақырыбы: Суретке қарап, есептер мен теңдеулер құрастыр.
Сағат саны: 1
№: 7.
Сабақтың тақырыбы: Сынақ сабақ.
Сағат саны: 1
№: 2. Қызықты геметриялық фигуралар 3 сағ
№: 8.
Сабақтың тақырыбы: Бұрыштар.
Сағат саны: 1
Күтілетін нәтиже:

Логикалық ойлау қабілеттері дамиды.

Қиялы мен зейіні қалыптасады

№: 9.
Сабақтың тақырыбы: Бас қатырғыш формула.
Сағат саны: 1
№: 10.
Сабақтың тақырыбы: Сынақ сабақ
Сағат саны: 1
№: 3. Логикалық ойлауды жетілдіру 6сағ
№: 11.
Сабақтың тақырыбы: Математикалық софизмдер.
Сағат саны: 1
Күтілетін нәтиже:

Пәнге деген ынтасы артады, өз білімін тереңдетеді. Арифметикалық амалдарды орындай отырып, математикалық сауаттылығы артады.

Есептеу дағдылары қалыптасады.

№: 12.
Сабақтың тақырыбы: Олимпиада есептері.
Сағат саны: 2
№: 13.
Сабақтың тақырыбы: Сұйықтарды құю есебі.
Сағат саны: 1
№: 14.
Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы сандардың 11-ге көбейту ережесі және натурал сандардың 6-ға, 15-ке, 45-ке бөлінгіштік белгілері.
Сағат саны: 1
№: 15.
Сабақтың тақырыбы: Қалжың есептер. Көңілді сұрақтар.
Сағат саны: 1
№: 4. Керемет бөлшектер 14 сағ
№: 16.
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер.
Сағат саны: 1
Күтілетін нәтиже: Жай бөлшектер мен ондық бөлшектер туралы мәлімет алады және оларға амалдар қолдануды үйренеді. Қызықты есептер шығару барысында логикалық қасиеттері дамып, шапшан есептеуге үйренеді. Өз бетімен жұмыстануға баулиды.
№: 17.
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару.
Сағат саны: 1
№: 18.
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер мен аралас сандарды қосу және азайту.
Сағат саны: 1
№: 19.
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару. Халық есептері.
Сағат саны: 1
№: 20.
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту және бөлу.
Сағат саны: 1
№: 21.
Сабақтың тақырыбы: Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер.
Сағат саны: 2
№: 22.
Сабақтың тақырыбы: Сынақ сабақ.
Сағат саны: 1
№: 23.
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектер.
Сағат саны: 1
№: 24.
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту.
Сағат саны: 1
№: 25.
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді көбейту және бөлу.
Сағат саны: 1
№: 26.
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару.
Сағат саны: 1
№: 27.
Сабақтың тақырыбы: Қызықты есептеулер.
Сағат саны: 1
№: 28.
Сабақтың тақырыбы: Сынақ сабақ.
Сағат саны: 1
№: 5. Пайыздарға берілген есептер 4сағ
№: 29.
Сабақтың тақырыбы: Пайыз.
Сағат саны: 1
Күтілетін нәтиже: Жалпы өмірдегі жиі кездесетін пайыздарды емін-еркін есептеуді үйреніп, практика жүзінде іске асырады.
№: 30.
Сабақтың тақырыбы: Пайыздарға берілген бірнеше есеп түрлері.
Сағат саны: 1
№: 31.
Сабақтың тақырыбы: Өмірде жиі кездесетін пайыздар.
Сағат саны: 1
№: 32.
Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сабақ
Сағат саны: 1

САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІ

5-сынып. 2-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Сандар сыры.

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың бойында ұлттық дүниетанымын қалыптастыру.

ә) Экономикалық-саяси ұлттық тарих деңгейін және білім деңгейін арттыру.

б) Оқушыларды жан-жақты ізденушілікке баулу. шығармашылық жұмыс жасауға үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Сандардың өмірде қолданылуы мен математикамен байланысын түсінеді, сандардың басқа да пәндерде қолданылатыны туралы біледі.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

II. Жұмбақ шешу:

Атадан 10 боламыз,

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кеде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейтіп те аламыз. ( сандар)

III. Ой қозғау: (Сұрақ белгісінің орнына тиісті санды қойыңыз)

  1. (2*1) 3=4
  2. (3*2) 1=2
  3. (7*4) 2=5
  4. (4*3) 5=? Жауабы: 6
IV. Математикалық және пәнаралық байланыстар:
  1. Квадраттың қабырғалар санын 100-ге көбейтіңіз. (400)
  2. Дөңгелек сөзінің әріптер санын 2-ге бөліп, 5-ке көбейтіңіз. (20)
  3. Шашбау сөзінің жартысына ка жалғауын қос. (шашка)
  4. Бір жұмыртқа 4минутта піседі. Ал 5жұмыртқа неше минутта піседі?(4минут)
  5. Кісібе жылдың ақпан айының соңғы күнінен 4 пен 5-тің көбейтіндісін айырыңыз. (9)
  6. Тәуелсіздік күнін халықаралық әйелдер күніне көбейтіңіз. (128)
  7. Шоқан Уалихановтың өмір сүрген жасына 25-ті қосыңыз. (55)
  8. Ұлы Отан соғысының басталған жылының цифрларының қосындысын табыңдар. (15)
  9. Ең үлкен материктің әріптер санынан 4-ті шегеріңіз. (3)
  10. «ля» нотасының ретіне квартет қатысушы мүшелерінің санын көбейтіңіз. (24)

V. Шығармашылық байланыстар- сандардың сырын ашу, яғни сандардың өмірде қолданылуы мен математикамен байланысы.

«Үш бәйтерек, үш би, үш қуат, үш асыл, үшбиік, үш жұрт»

Үш бәйтерек-І. Жансүгіров, С. Сейфуллин, Б. Майлин

Үш би-Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

Үш жұрт-ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт.

Үш қуат-ақыл, жүрек, тіл.

Үш асыл-көз, тіл, көңіл.

Үш биік-билік, дәулет, даналық.

Осыған байланысты 3санын математикамен байланыстыратын ұғымдарды атап кету:үшбұрыштарды шешу, үш перпендикуляр, 3 санына бөлінгіштік белгілері, үшбұрыштың тамаша нүктелері т. с. с

«Бес арыс, бес ақыл, бес қару»

Бес арыс-Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов.

Бес ақыл-талап, еңбек, ақыл-ой, қанағат, рақым.

Бес қару-мылтық, найза, айбалта, қылыш, садақ.

Осыған байланысты 5санын математикамен байланыстыратын ұғымдарды атау:Евклидтің V пастулаты. . . . . . . .

VI. Сандар мен амалдар:

№1

  1. 4●(5●2) =40
  2. 1●(7●10) =70
  3. 8●(4●0) =0
  4. 7●(3●2) =? Жауабы:42

№2

  1. (7▲3) =21
  2. (5▲2) =10
  3. (15■5) =3
  4. (10■2) =5
  5. 40■(4▲2) =? Жауабы:5

№3

  1. 5♥(3♥9) =17
  2. (8♥3) ♥6=17
  3. (6♥5) ♥(7♥1) =19
  4. (5♥2) ♥(10♥3) =? Жауабы: 20

VII. Үй жұмысы:

«Жеті ата, жеті қазына, жеті ғалам» туралы білу. Сандар мен амалдарға есептер құрастыру

VIII. Қорытынды.

5-сынып. 3-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Сандар тізбегі.

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың натурал сандар туралы алған білімдерін кеңейту.


Ұқсас жұмыстар
Математика сабағында жеке тұлғанының таным белсенділігін арттыру
Математиканың сан алуан сырын сандар әлемінің қызық құбылысын, ойын элементтерінен өрнектеген сабақ қызықты әрі ұтымды
Оқушының математика сабағында шығармашылық қабілетін дамыту
Математика сабағында оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Таным үрдістері
Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану мақсаты
Кіріктірілген сабақтың негізгі құрылымы
Информатиканы оқыту әдістемесі. Сабақтың тақырыбы
Информатика пәнін оқытудың тиімділігі
Деңгейлік оқытудың математика сабағында тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz