5-сынып: Жай және ондық бөлшектерге амалдар қолдануды пысықтау (ашық аукцион сабақ)

Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі

Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерге амалдар қолдануға есептер шығару.

(Ашық сабақ жоспары. 5 сынып)

Математика пәнінің мұғалімі: Макарова Раушан Темрешқызы

2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерге амалдар қолдануға есептер шығару.

Сабақтың түрі: Аукцион сабақ.

Сабақтың типі: Қайталау және пысықтау.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Жай бөлшектер мен ондық бөлшектер туралы ережелерді әр түрлі есептеулерде пайдалана білу, өтілген сабақтарды оқушы санасына бекіту.

Тәрбиелік: Дәлдікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, ұжым намысын жоғары қоюға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Іскерліктерін, өз бетімен еңбектену сезімдерін, жеке оқушылардың білім дағдыларын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: таблицалар, ауызша жаттығулар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.
  2. Сабақтың тақырыбы.
  3. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
  4. Сабақтың өтілу жоспары.
  5. Қорытындылау.
  6. Оқушылардың білімін бағалау.
  7. Үйге тапсырма.

Сабақты жүргізуші мұғалім:

  • Бүгінгі біздің сабағымыз аукцион сабақ. Соған байланысты бізде білімімізді сынап көрейік. Аукцион затты, нәрсені ең жоғары баға атаған тұтынушы сатып алатын жұртшылық саудасы. Бүгінгі сабақта сендердің білімдерің бағамен белгіленеді. Жақсы жауап берген, есепті дұрыс шығарған оқушы жақсы баға алады.

Бүгінгі аукцион сабағымыздың мақсаты сендерге «3», «4», «5» деген бағалар сату арқылы сендердің жай бөлшектерге амалдар қолдану жөніндегі білімдеріңді сынып, пысықтап қорытындылау.

І аукцион

Пысықтау сұрақтарына жауап беру керек.

  1. Ондық бөлшекті жай бөлшек түріне қалай жазамыз?
  2. Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру.
  3. Жай бөлшекті толықтыру.
  4. Жай бөлшекті ортақ бөлімге келтіру тәсілдері.
  5. Жай бөлшектерді қысқарту.
  6. Жай бөлшектерді көбейту.
  7. Аралас санды жай бөлшектерге айналдыру.
  8. Аралас санды көбейту, бөлу.
  9. Жай бөлшекті бөлу.
  10. Жай бөлшекті натурал санға көбейту және бөлу.
  11. Жай бөлшектерді салыстыру.

Үш қатардан 3 оқушы шақырылады. Қалған оқушылар өз қатарының есебін орындарында отырып орындайды.

1 есеп. Жай бөлшек түрінде жаз.

  1. 5, 6=5610\frac{6}{10}; 2) 72, 3=72310= 72\frac{3}{10}; 3) 0, 49=49100= \frac{49}{100};

4) 4, 038=4 38 1000 \frac{38}{1000} ; 5) 100, 005 = 100 5 1000 \frac{5}{1000} ;

2 есеп. Ондық бөлшек түрінде жаз.

  1. 𝟕𝟏𝟏𝟎\frac{\mathbf{71}}{\mathbf{10}}=7, 1; 2) 𝟕𝟓\frac{\mathbf{7}}{\mathbf{5}}=1, 4; 3) 𝟒𝟑𝟏𝟎𝟎\frac{\mathbf{43}}{\mathbf{100}}=0, 43; 4) 𝟑𝟐𝟎\frac{\mathbf{3}}{\mathbf{20}}=0, 15; 5) 𝟏𝟖\frac{\mathbf{1}}{\mathbf{8}}=0, 125;

3 есеп. Ондық бөлшекке айналдыр:

  1. 3𝟏𝟐\frac{\mathbf{1}}{\mathbf{2}}=3, 5; 2) 18𝟏𝟐𝟐𝟓\frac{\mathbf{12}}{\mathbf{25}}=18, 48;

ІІ аукцион

Аукционға қатысқан оқушы төмендегі тапсырмаларды орындау қажет:

  1. 0, 85-𝟏𝟒\frac{\mathbf{1}}{\mathbf{4}}=𝟖𝟓𝟏𝟎𝟎\frac{\mathbf{85}}{\mathbf{100\ }}-𝟏𝟒\frac{\mathbf{1}}{\mathbf{4}}=𝟖𝟓−𝟐𝟓𝟏𝟎𝟎\frac{\mathbf{85 - 25}}{\mathbf{100}}=𝟔𝟎𝟏𝟎𝟎\frac{\mathbf{60}}{\mathbf{100}}=𝟑𝟓\frac{\mathbf{3}}{\mathbf{5}};
  2. 𝟒𝟕\frac{\mathbf{4}}{\mathbf{7}}+ 0, 25 =𝟒𝟕\frac{\mathbf{4}}{\mathbf{7}}+𝟐𝟓𝟏𝟎𝟎\frac{\mathbf{25}}{\mathbf{100}}=𝟒𝟕\frac{\mathbf{4}}{\mathbf{7}}+𝟏𝟒\frac{\mathbf{1}}{\mathbf{4}}=𝟏𝟔𝟐𝟖\frac{\mathbf{16}}{\mathbf{28}}+𝟕𝟐𝟖\frac{\mathbf{7}}{\mathbf{28}}=𝟐𝟑𝟐𝟖\frac{\mathbf{23}}{\mathbf{28}};
  3. 0, 75 -𝟒𝟗\frac{\mathbf{4}}{\mathbf{9}}=𝟕𝟓𝟏𝟎𝟎\frac{\mathbf{75}}{\mathbf{100}}-𝟒𝟗\frac{\mathbf{4}}{\mathbf{9}}=𝟑𝟒\frac{\mathbf{3}}{\mathbf{4}}-𝟒𝟗\frac{\mathbf{4}}{\mathbf{9}}=𝟐𝟕𝟑𝟔\frac{\mathbf{27}}{\mathbf{36}}-𝟏𝟔𝟑𝟔\frac{\mathbf{16}}{\mathbf{36}}=𝟐𝟕−𝟏𝟔𝟑𝟔\frac{\mathbf{27 - 16}}{\mathbf{36}}=𝟏𝟏𝟑𝟔\frac{\mathbf{11}}{\mathbf{36}};

ІІІ аукцион

  1. (1, 25 + 1𝟏𝟔\frac{\mathbf{1}}{\mathbf{6}}) :𝟓𝟏𝟐\frac{\mathbf{5}}{\mathbf{\ 12}}= (1𝟐𝟓𝟏𝟎𝟎\frac{\mathbf{25}}{\mathbf{100}}+ 1𝟏𝟔\frac{\mathbf{1}}{\mathbf{6}}) :𝟓𝟏𝟐\frac{\mathbf{5}}{\mathbf{12}}= ( 1𝟏𝟒\frac{\mathbf{1}}{\mathbf{4}}+ 1𝟏𝟔\frac{\mathbf{1}}{\mathbf{6}}) :𝟓𝟏𝟐\frac{\mathbf{5}}{\mathbf{12}}= 2𝟓𝟏𝟐\frac{\mathbf{5}}{\mathbf{12}}:𝟓𝟏𝟐\frac{\mathbf{5}}{\mathbf{12}}=𝟐𝟗𝟏𝟐\frac{\mathbf{29}}{\mathbf{12}}. 𝟏𝟐𝟓\frac{\mathbf{12}}{\mathbf{5}}=

= 𝟐𝟗 * 𝟏𝟐 𝟏𝟐 * 𝟓 \frac{\mathbf{29*12}}{\mathbf{12*5}} = 𝟐𝟗 𝟓 \frac{\mathbf{29}}{\mathbf{5}} = 5 𝟒 𝟓 \frac{\mathbf{4}}{\mathbf{5}} = 5, 8

  1. (3𝟏𝟒\frac{\mathbf{1}}{\mathbf{4}}+𝟏𝟐\frac{\mathbf{1}}{\mathbf{2}}) :15 +𝟏𝟒\frac{\mathbf{1}}{\mathbf{4}}= (3𝟏𝟒\frac{\mathbf{1}}{\mathbf{4}}+𝟐𝟒\frac{\mathbf{2}}{\mathbf{4}}) : 15 +𝟏𝟒\frac{\mathbf{1}}{\mathbf{4}}= 3𝟑𝟒\frac{\mathbf{3}}{\mathbf{4}}:𝟏𝟓*𝟏𝟏*𝟒\frac{\mathbf{15*1}}{\mathbf{1*4}}=𝟏𝟓𝟒\frac{\mathbf{15}}{\mathbf{4}}*𝟏𝟏𝟓\frac{\mathbf{1}}{\mathbf{15}}+𝟏𝟒\frac{\mathbf{1}}{\mathbf{4}}=

= 𝟏 𝟒 \frac{\mathbf{1}}{\mathbf{4}} + 𝟏 𝟒 \frac{\mathbf{1}}{\mathbf{4}} = 𝟐 𝟒 \frac{\mathbf{2}}{\mathbf{4}} = 𝟏 𝟐 \frac{\mathbf{1}}{\mathbf{2}} = 0, 5

  1. (1𝟐𝟓\frac{\mathbf{2}}{\mathbf{5}}*𝟑𝟏𝟒\frac{\mathbf{3}}{\mathbf{14\ }}- 0, 2 ) :𝟐𝟓\frac{\mathbf{2}}{\mathbf{5}}= (𝟕*𝟑𝟓*𝟏𝟒\frac{\mathbf{7*3}}{\mathbf{5*14}}-𝟐𝟏𝟎\frac{\mathbf{2}}{\mathbf{10}}) :𝟐𝟓\frac{\mathbf{2}}{\mathbf{5}}= (𝟑𝟏𝟎\frac{\mathbf{3}}{\mathbf{10}}-𝟐𝟏𝟎\frac{\mathbf{2}}{\mathbf{10}}) :𝟐𝟓\frac{\mathbf{2}}{\mathbf{5}}=𝟏𝟏𝟎\frac{\mathbf{1}}{\mathbf{10}}*𝟓𝟐\mathbf{\ }\frac{\mathbf{5}}{\mathbf{2}}=𝟏*𝟓𝟏𝟎*𝟐\frac{\mathbf{1*5}}{\mathbf{10*2}}=𝟏𝟒\frac{\mathbf{1}}{\mathbf{4}};

IV аукцион.

Қатесін тап.

  1. 𝟑𝟓\frac{\mathbf{3}}{\mathbf{5}}+𝟏𝟎𝟐𝟓\frac{\mathbf{10}}{\mathbf{25}}=𝟏𝟑𝟓𝟎\frac{\mathbf{13}}{\mathbf{50}};
  2. 𝟖+𝟒𝟔+𝟒\frac{\mathbf{8 + 4}}{\mathbf{6 + 4}}=𝟒+𝟏𝟑+𝟏\frac{\mathbf{4 + 1}}{\mathbf{3 + 1}}=𝟓𝟒\frac{\mathbf{5}}{\mathbf{4}};
  3. 𝟑𝟐𝟓\frac{\mathbf{3}}{\mathbf{25}}+𝟏𝟎𝟐𝟓\frac{\mathbf{10}}{\mathbf{25}}=𝟏𝟎+𝟑𝟐𝟓\frac{\mathbf{10 + 3}}{\mathbf{25}}=𝟏𝟑𝟐𝟓\frac{\mathbf{13}}{\mathbf{25}};
  4. 𝟖+𝟒𝟔+𝟒\frac{\mathbf{8 + 4}}{\mathbf{6 + 4}}=𝟏𝟐𝟏𝟎\frac{\mathbf{12}}{\mathbf{10}}=𝟔𝟓\frac{\mathbf{6}}{\mathbf{5}}= 1𝟏𝟓\frac{\mathbf{1}}{\mathbf{5}};

Келешекте сендер 7 және 8 сыныптарда физика және химия деген пәндерді оқығанда физикалық, химиялық есептерді шығарған кезде бөлшек сандар жиі қолданылады. Сол себепті бөлшек сандарға амалдар қолдануды дұрыс ұғына білуі керек. Бұл туралы Рим жазушысы Цицерон былай деген: «Бөлшекті білмейінше, математика білемін деп ешкім айта алмайды!».

Ал, орыстың ұлы математигі Л. Ф. Магницкийде:

«Бүтінге келсең жұлынып,

Алдыңа жан салмайсың

Бөлшекке келсең бұғынып,

Жауабын таба алмайсың.

Есепке мықты демелік

Бөлшекке көңіл бөлелік» - деп, бүтін сандарға амалдар қолдануды қанша жақсы білсеңде, бөлшек сандарға амалдар қолдануды білмесең онда есепке мықтымын деп айтпа деген екен. Оқушылар бүгін сендердің білімдерің аукционға түсіп «3», «4», «5» деген бағаларды сатып алу арқылы бағаланады.

Үйге тапсырма: Өткенді қайталау. Сұрақтарын тағы қайталап, бақылау болатынын ескертемін.

C:\Users\Акжаркын\Desktop\20151126_100314.jpg C:\Users\Акжаркын\Desktop\20151126_095436.jpg


Ұқсас жұмыстар
5-сынып математика: Жай бөлшектерге амалдар қолдануды қайталау сабағы
5-сынып: Жай бөлшектерге амалдар қолдануды қайталау - табиғатқа саяхат сабағы
Сабақ жоспары: 5-сынып математика - Жай бөлшектерге амалдар қолдану
5 А сыныпқа арналған ашық сабақ: Білім мерекесі - Жай бөлшектерге амалдар
5-сынып математика сабақ жоспары: Жай бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық бөлшектерге амалдар, өрнектер мен формулалар және жай бөлшектер: математика сабақтарының күнтізбелік жоспарлары
5 «Е» сынып: Жай бөлшектерге амалдар қолдану бойынша сабақ жоспары
5-сынып математика: Жай бөлшектерге амалдар бойынша білімді тиянақтау сабағы
5-сынып математика: Жай бөлшектерге амалдар қолдану тақырыбы бойынша қайталау және тереңдету сабақ жоспары
Ондық бөлшектерге амал қолдануды бекітуге арналған Математикалық жәрмеңке ойынының сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz