1022 М кл тігін машинасының жіп тартқыш механизмі: құрылымы, бөлшектері және қозғалысы

1022 М кл тігін машинасы. Жіп тартқыш механизмі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды 1022 м кл машинасының жіп тартқыш механизмі бөлшектерімен, олардың жұмысымен таныстыру, жұмысын игеру; мамандығымен айналысуға қызығушылығын арттыру; тігін машинасымен жұмыстануға бейімдеу.

Сабақ түрі: Аралас.

Формасы: топтық және жеке дара

Техникалық көрнекі құралдары: АКТ.

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен сәлемдесу, жоқ оқушыларды белгілеу.

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау.

Оқушылар зейінің сабаққа аудару мақсатында өткен тақырыптарды қайталау.

Тест сұрақтары және топшамалар арқылы

1. Агрегат - бұл

А) автоматтандырылған машина

В) жартылай автомат

С) машина - автомат

2. Қайықты инешаншымды тігін машинасын шығарған

А) Элиос Хоу

В) Карл Вейзенталь

С) Томас Сент

3. Алғашқы машина жобасын жасаған

А) Зингер

В) Леонардо да Винчи

С) Элиос Хоу

4. Жылжымайтын буын

А) сырғақ

В) машина тұрқысы

С) бұлғақ

5. Қайықты инешаншым . . . пайда болады

А) екі жіптен

В) бір жіптен

С) үш жіптен

Тақтамен жұмыс

SAM_1644 1. 1022 кл тігін машинасының қолданылуы?

2. 1022 кл машинаның инешаншым түрі.

3. Негізгі мәрімдері.

4. Ине механизмі қайда орналасқан?

5. Қайықтың қызметі.

6. Табан қозғалысы.

7. Тісті төрткілдеш қызметі.

Қатесін тап

Бөлшек атауы
Қозғалысы
Бөлшек атауы: Ине
Қозғалысы: Тербеледі
Бөлшек атауы: Бұлғақ
Қозғалысы: Айналады
Бөлшек атауы: Қос иін
Қозғалысы: Қайтымды - ілгерілімелі
Бөлшек атауы: Тісті төрткілдеш
Қозғалысы: Айналады
Бөлшек атауы: Қайық
Қозғалысы: Эллипс тәрізді

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

EF9C608B Жіп тартқыш механизмінің негізгі бөлшектері: бас білік, қос иін, жіп тартқыш.

1022 кл машинасында қайықты инешаншымның пайда болуына қатысты 4 негізгі механизмі бар екені өздеріне мәлім. Бүгінгі сабақта қарастыратын механизм - жіп тартқыш механизмі. Механизм машина жеңінде орналасқан.

Механизмнің негізгі бөлшектері мен қозғалысы:

Бөлшек атауы
Сұлбасы
Қозғалысы
Бөлшек атауы: Бас білік
Сұлбасы: F43A9772
Қозғалысы: Айналмаы
Бөлшек атауы: Қос иін
Сұлбасы: F43A9772
Қозғалысы: Айналмаы
Бөлшек атауы: Жіп тарқыш
Сұлбасы: A8245850
Қозғалысы: Тербелмелі

Механизмнің құрылысы: бас білікке қос иін киіліп бекітіледі, қос иіннің көзіне саусақ бекітіледі. Саусақтың ішкі иығына жіп тартқыштың иінтірегі киіледі. Иінтіректің орта бөлігі буынмен саусақ арқылы байланысады. Ал буынның артқы басы шарнирлі саусақ арқылы машина тұрқысына бекітілген.

Жіп тартқыш механизмінде реттеу жоқ.

F43A9772 A8245850

C:\Documents and Settings\1\Мои документы\2.jpg Берілген кестені қолдана отырып жіп тартқыш механизмінің сұлбасын құрастырамыз.

ІҮ. Бекіту сұрақтары.

1. Жіп тартқыш механизмі қайда орналасқан?

2. Жіп тартқыштың қозғалысы.

3. Жіп тартқыш механизмінде нені реттейді?

4. Жіп тартқыш механизмінің бөлшектерін атаңыз.

5. Бас біліктің айналмалы қозғалысы жіп тартқыштың тербелмелі қозғалысына не арқылы өзгереді?

Ү. Үйге тапсырма.

Механизм жұмысын игеру.


Ұқсас жұмыстар
Машинатану негіздері: тігін машинасының шығу тарихы мен құрылысы
Тігін машинасының шығу тарихы мен құрылыс ерекшеліктері (5-сынып, технология)
Тігін машинасы мен тігістер: түрлері, жұмысқа дайындау және қауіпсіздік
10-сыныпқа арналған сабақ: автомат (пулемет) бөлшектері мен механизмдерінің құрылымы мен қызметі
6-сынып: Қиып-пішілетін жұмыстар, тігін машинасы және матаның қасиеттері
Тігін бұйымдарын құрастыру және алжапқыш тігу: технология пәні сабақ жоспары
Сабақ жоспары: Қозғалтқыштың газ тарату механизмі
Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар мен центрге тартқыш үдеу: кіріктірілген сабақ-саяхат
ДНҚ-ның редупликациясының механизмі мен ерекшеліктері
7-сынып технология пәнінің 34 сағаттық жылдық бағдарламасы: тағам дайындау, материалтану, тігін, интерьер және қолөнер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz