Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

Математика және ҚР атаулы күндер танымдық ойын

<<Математика және ҚР атаулы күндер>> танымдық ойын
Сабақтың мақсаты: 1) Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, математика пәніне деген қызығушылығын ояту.
2) Оқушылардың математикалық ой-өрісін дамыту.
3) Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топтық сайыс түрі
Сабақтың әдісі: ойын түрі
Сайыс шарттары:
<<Өрмекші>> тренингі
<<Математика>>-көк конвертінің сұрақтары
<<Логика>>-сары конвертінің сұрақтары
Алғыр болсан тауып көр
Адасқан әріптер
Жүйрік топ (дауысты кім көп жинады?)
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі:
Қайырлы күн қадірменді ұстаздар,оқушылар,көрермендер! <<Математика және ҚР атаулы күндер>> атты танымдыық ойынымызға қош келдіңіздер.Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.Ортамызға <<Хан>>, <<Қазақстан>>, <<Конституция>> үш топты шақырамыз.

Математика сырларын,
Қызықтырды біздерді.
Ойынга бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді,-дей отырып сайыскерлерімізге баға беретін әділқазыларын ортаға шақырамыз.

<<Өрмекші>> тренингі
(Бұл тренингте топтар шеңбер құрап бір-біріне үш тілде тілек айтады)
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тілінді құрметте. (Қазақ ассанблеясына 20жыл)

<<Математика>>-көк конвертінің сұрақтары
С. 1. Нөлден кіші сандар
К. 2. а5 *а12 :а4 = .
О. 3. Бұрышты өлшейтін құрал?
Ц.4. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі?
Н.5. Перпендикуляр түзулер деп қандай түзулерді айтады?
Я.6. Таңбалары бірдей сандардың көбейтіндісі қандай сан болады?
Т.7. Қайсысы көп : 2 метр ме, әлде 201 см ме?
У.8. Жарты теңгенің жартысы неге тең?
И.9. Параллель түзулерді үшінші түзу қиып өтсе неше бұрышқа бөледі?
а13
Транс-портир
Тік бұрыш жасап қиылы-сатын
Теріс сандар
201
8
201
25 тиын
180°
8
Оң сан
к
о
н
с
т
и
т
у
ц
и
я

1990 жылдардың басында Қазақ КСР-інде, одан кейін Қазақстанда 1978 жылғы Конституцияға елеулі өзгертулер енгізген бірқатар заңдар қабылданды. <<Мемлекеттік өкімет құрылымдарын жетілдіру туралы>> 1990 жылғы 20 қарашадағы Заңға сәйкес Президент атқарушы және өкім етуші билік басшысы болғаны туралы ереже енгізілді, Министрлер Кеңесі Министрлер Кабинетіне өзгертілді және жергілікті өзін өзі басқару, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту, ҚР азаматтығы туралы Заңдар және басқа да құжаттар қабылданды.
1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды.Ол кіріспеден, 4 бөлімнен, 21 тараудан және 131 баптан тұрады. Коституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды: халықтық егемендік, мемлекет тәуелсіздігі, билікті бөлісу принципі, қазақ тілін мемлекеттік деп тану, Президентті мемлекет басшысы деп тану, сот органдары - Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды. 1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды.
1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Бұл күн мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні болып табылады. 1998 және 2007 жылдары Конституцияға Президенттің өкілеттілігін ұлғайту жөнінде елеулі өзгерістер енгізілді.
3.<<Логика>>-сары конвертінің сұрақтары (әр топқа логикалық тапсырмалар беріледі кім бірінші жауап берсе сол топқа ұпай саны саналады)
Н.1. Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында ,біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің арасында. Барлығы неше үйрек ұшып барады? <<3>>
Д.2. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? <<5>>
Ы.3. Екі қолда 10саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады? <<50>>
А.4. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Мадина поездың
соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. поезда неше вагон болған? <<13>>
Қ.5. 86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр. <<98>>
Ғ.6. Бес тоғыздықпен 10санын қалай алуға болады? ((9*9):9+9:9)
Х.7. Қандай 3 натурал санның қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? (1,2,3)
З.8. 1 2 3 4 5 =2 теңдік орындалатындай цифрлар арасына амалдар таңбасын қойыңдар. ((1+2+3+4):5)

98
13
8-ші есеп
13
98

1,2,3
13
3
5
50
6-шы есеп
50

4.Алғыр болсан тауып көр: (әр топқа тапсырмалар оқылып жауаптары алынады)
Төмендегі сандардың әрқайсысына бір әріп сәйкес келеді.
Бірдей цифрларға бірдей әріптер сәйкес келеді. 1747 л санына сәйкес келетін сөзді табыңдар.
1). 5737 АРЗУ
2). 7147 КУЗУ
3). 6237 СУЛУ
4) 1747 УСЛУ
5) 1747 СУЛУ
Атадан 10 боламыз,
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кеде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейтіп те аламыз. (сандар)
3. Бөлмеде 2 ит , 3 құс , 1 шыбын бар.Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын
қосып есептегенде қанша болады? (20)
4. Екі адам 5метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті кесуге 1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді ? (6минут)
5. Бір-бірімен жарысқан,
Бес аю, бір арыстан,
Екі қой мен үш түлкі
Бәрі нешеу кім білді?(11)
6. Ағаш үстінде 30 торғай отырды. Аңшы 1 торғайды атып алды. Олардың
қаншасы қалды? (1торғай қалды,басқалары ұшып кетті)
7. Төрт тяқтың 8 ұшы бар. Алты жарым таяқтың неше ұшы бар?(14)
8. Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі.
Екі қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой.(15)
5. Адасқан әріптер: (әріптердің орындарын алмастыру арқылы сөздер шығару)
Қандай сөздер:
Нарадс, тазауй, зқаастанқ, яконсттиуиц,мматеаитак,ралегба,геотмреия.

6.Жүйрік топ (жолбарыстың суреті бойынша дауысты кім көп жинады?)

Қорытынды:
Осымен <<Математика және ҚР атаулы сандар>> атты математикадан сыныптан тыс сағатымыз аяқталды. Осы сағатқа белсене қатысқан оқушыларға көп-көп рахмет! Барлығыңызға математикамен шұғылданып, оның сиқыры мен таңғажайыптарына үңіле беріңіздер дей келе Сіздермен көріскенше сау болыңыздар демекпін.

Ұқсас жұмыстар
Тік төртбұрыштың қасиеті. есепті әртүрлі тәсілмен шығару
Республика күні. Оқушының әрекеті
Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы
Атаулы сөйлем
Республика күні
Тіктөртбұрыштың ауданын табуға есептер шығару
Бала құқықтары туралы конвенция
Алғыр ұландар
Логикалық есептер
Қазақ тілінде
Пәндер