Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тәуелсіз елім Қазақстаным!



Мемлекеттік мекеме
Құрық гимназиясы

[pic]

Тақырыбы:

«Тәуелсіз елім Қазақстаным!»

Бастауыш сынып мұғалімі:
Жұмашева Жарқынай

2010-2011 жыл.
Тәрбие сағаты
Тәуелсіз елім Қазақстаным!
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге
туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге
тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы,
Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті.
2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.
3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.

Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалім сөзі:
Тәуелсіз елім Қазақстаным тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді
бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан –
ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау
кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған
бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барңған.
Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан
батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды
ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.
Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы
тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат асанова сияқты қыршын жастардың
құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.
Міне содан бері 19 жыл! Атамекен әні орындалады (хор)
І – жүргізуші:
Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар 3 «Ә»
сыныбының
(Тәуелсіз елім Қазақстаным( атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
ІІ – жүргізуші:
Қайырлы күн «Тәуелсіз елім Қазақстаным» ашық тәрбие сағатының
қонақтары. Ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіз.
Мұғалімнің сөзі:
Шәкірттерім қазіргі кезде сен ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп
тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсың, білім алуға сен үшін мүмкіндік мол.
Сен көп уақытыңды достарыңмен, туған – туыстарыңмен өткізесің, көңілді
мерекелерді асыға күтесің. Саған қандай мерекелер ұнайды? Оларды қалай
тойлайсың? Әрине барлық мейрамдар жақсы. Бірақ олардың арасында біздің
мемлекетіміз үшін маңыздылары бар. Соның бірі – Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздік күні.
І – жүргізуші:
Қазақстан республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің
Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді.
Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін
болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман
ІІ – жүргізуші:
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді
бастан кешірді.
Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.
Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан
тәуелсіздігін талап етті.
Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан
Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе берер!

1- оқушы: Әлия
Мерекең құтты болсын егемен ел,
Терезең барлық елмен тең ерен ел.
Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
Теңдікті бостандықты иеленгендер.
ІІ – оқушы: Айгерім
Бостандық құтты болсын ерікті ел
Айдын көл, көк майсалы, көрікті жер
Бостандықты аңсаған батырлардың
Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.
ІІІ – оқушы: Нұрбек
Егемен елімнің ертеңі деп,
Елбасы баға берді жастарыма
Оқу оқы білім ал, елің үшін
Еңбек ет тыным таппай, жан ая ма
ІҮ – оқушы: Алтынай
Халқымның мақтанышы – алып тұлға,
Әлемнің назары ауды Ақ ордаға
Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,
Ұқсайды менің асқақ арманыма.
Ү- оқушы: Мадияр
Ел болдық егеменді, теңдік алып,
Бар әлем қазақ елін болды танып.
Қайнауы кенге толы Қазақ елі,
Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып
ҮІ – оқушы: Асылай
Ел болдық ерік алдық астаналы,
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады
ҮІІ – оқушы: Айдана
Жаралдық машылықтан, толы ағыстан
Жолың бар жоқшылықты қалап ұшқан
Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,
Көркейген елім менің – Қазақстан!
ҮІІІ – оқушы: Әсет
Көз қуанып күн сайын көркеміне,
Көңіліміз сенеді ертеңіне
Қазақстан – алып ел, төрі Астана,
Таңым ғана лайық ел төріне
ІХ – оқушы : Жансая
Кең даласы , кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз еркін жанбыз, азатпыз
Ел намысын ешбір жанға бермейміз,
Өмірді алға бастырамыз, өрлейміз
Х - оқушы: Абылай
Отаным - Қазақстан туған жерім,
Мұнаймен газ болады асыл кенім
Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан,
Артамыз елбасына үлкен сенім
ХІ – оқушы: Ақмаржан
Мен қазақпын, ұланымын қазақтың
Тәуелсізбін, егеменмін, озатпын
Көк байрағым тұр көгімде желбіреп
Алатаудай көкке өрлеген азатпен
ХІІ – оқушы: Асылбек
Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,
Бейбітшілік пен бостандық жыр - әнім
Самғап жүрсек бостандықта биікте
Шарықтайды кең көлемде бұл әнім
ХІІІ – оқушы: Абзал
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр...
Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!
ХІҮ – оқушы: Ғалымжан
ХҮ – оқушы: Айзада
ХҮІ – оқушы: Анар

І – жүргізуші
3 «Ә» сынып оқушысы Шайхина Ақмаржанның орындауында ән,
«Елім менің»
ІІ-жүргізуші
Ежелгі заманнан әр тайпалармен руларды біріктіретін белгілер болған.
Белгілер – сөздердің орнына қолданылатын таңбалар. Бір топ адамдар үшін
қолданылатын белгілер –бір мағынаны білдіреді. Ал, рәміздер – белгілі
топтар бейнесінің бірігуі.
ІІ- жүргізуші
Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің
белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік
рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.

1-оқушы: Әлия
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы ортасында шұғылалы күн,
оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті
мата. Бұл түс – ашық аспанның. Тыныштықтың белгісін көрсетеді. Тудың
ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып сәулесін төгеді.
2- оқушы: Айгерім
Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді
қанатымен жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқанақиық қыран құс – ерлік
белгісі. Матанаң сол жағында қызыл түсті ою - өрнегі бар тік жолақ
орналасқан, бұл қазақ елінің ұлттық әшекейі. Алтын күн. Қыран және ою -
өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштықпен
байлықтың белгісі.
3-оқушы: Мадияр
Желбірейді шалықтап
Қазақстан жалауы
Көкте қыран қалықтап,
Қанат қағып барады
4- оқушы: Алтынай

Көк аспанда нұрлы күн
Күлімдейді далама
Бақыт тілеп тұр бүгін
Ол барлық пәк балаға

5- оқушы: Нұрбек
Ұлттық өрнек мұрамыз
Адастырмас мұраттай
Нық көтеріп тұрамыз
Жалауды біз құлатпай!
Мұғалімнің сөзі:
Бұлт баспасын күнімді
Тарылмасын өрісім.
Биік ұстау Туымды-
Қасиетті борышым
І-жүргізуші:
Қазақстан республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс
аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап,
уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт
жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.
ІІ-жүргізуші:
Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған.
Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып,
жеті қат жер астына түсіп халықты қасіреттерден азат еткен , еліміздің
азаттығымен жеңімпаздығының белгісі. Бидай сабақтары тоқшылықты,
молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің
ежелден әлемге танымал екендігін көрсетеді.
6- оқушы: Асылай
Бейнелеп сан ғасырды
Елтаңбасы елімнің
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің
7- оқушы: Айдана
Бабам тұлпар жаратты
Құлынын да танып – ақ
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ
8- оқушы: Әсет
Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде
Нұр төгеді елтаңба
Ақ Орданың төрінде
9- оқушы: Ғалымжан
Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,
Жасы тұрмақ, шығады екен қарты аңға
Қалай оның елтаңбасы болмайды
Түлегіне дейін салса ен – таңба ?!
10 – оқушы Анар
Енді бүгін өлген туым тірілді
Әнұраным жалғап алды ғұмырды
Босағада қалып келген Елтаңбам,
Баяғыша төріме кеп ілінді.
Мұғалімнің сөзі:
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі ақын, өзі әнші халықта
Кім айта алар
Болмаған, - деп - Әнұран?!
І- жүргізуші
Кез – келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран
мемлекеттік салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде
халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған

ІІ – жүргізуші:
Сөзі : Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әні: Шәмші Қалдаяқов Әнұран орындалады (хор)

Мұғалімнің сөзі:
Балалар, өткенге шолу жасайықшы? Өткен жылдар қандай
ерекшеліктерімен есімізде қалды? Сол туралы ойымызды ортаға салсақ.
11 – оқушы:
1991 жылы 1- желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың президенті етіп сайлады.
12- оқушы:
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан республикасының жоғарғы
сесиясы « Тәуелсіз демократиялық және құқылы» мемлекет деп жарияланды.
13 – оқушы:
1992 жылы 4 маусымда Президент Қазақстан республикасының
мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы. Қазақстан республикасының
заңдарына қол қойды.
14 – оқушы:
1992 жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан республикасының тұңғыш
Ата заңы қабылданды
15- оқушы:
1993 жылы 12 қарашада төл теңгемңз дүниеге келді.
І – жүргізуші
3 «Ә» сынып оқушысы: Теңел Алтынайдың орындауында қазақ биі.
І- жүргізуші:
Тәуелсіздік - тірегім алмас үнді,
Тәтті үміті халқымның сан ғасыры
Көк байрақты , кемеңгер кемел ойлы
Келбетіңнен көремін жалғасымды.
ІІ – жүргізуші:
Тәуелсіздік – шырайлы лағыл таңсың,
Жүректерге үміт боп жағылғансың
Аяулысың білмеген алақаннан –
Суып барып қайтадан табылғансың.
ІІ – жүргізуші:
« Менің Қазақстаным » әні орындалады (хор)
Қорытынды:
Бір ата, бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
« Бірлік барда тірлік бар » деген бабам
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып, ашық
тәрбие сабағымызды
қорытындылаймыз!


Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіз елім
Гимнді жатқа білу - әрбіріміздің парызымыз
Менің елім - Қазақстаным
ЕЛІМ ТУҒАН ЖЕРІМ
Тарихи әндер ұрпаққа аманат
Алғашқы сабақ. Сабақтың тақырыбы
Қолға ұстаған сәт бүгін, Болсын дәйім шат күнім
Қазақстанға саяхат. 4-сынып
Тәуелсіздік тұғырым
Менің Қазақстаным сценарий
Пәндер