Электрондық кесте құру және форматтау

«Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі» МКҚК
«КЕЛІСІЛДІ»
Колледж әдіскері
С. М. Кунапиянова
« » 2015 ж.

АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: «Электрондық кесте құру және форматтау»
Өткізген: ЖУМАН МЕРГЕНБЕК
Талдықорған - 2015 жыл
Сабақ жоспар
№
Пәні: Информатика
Сабақ
тақырыбы: Электрондық кесте құру және форматтау
Білімділік: Электрондық кесте туралы жалпы білімдерін толықтыру, бекiту. Электрондық кесте құру және форматтауды сабақ барысында үйрене отырып, меңгерген теориялық білімдерін тәжірибелік жұмыстар жасауға, тапсырмалар орындауға қолдану.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін, ой-өрісін, адамгершілік қасиетін, дүниеге көзқарасын және электрондық кесте құру және форматтау туралы теориялық және іс-тәжірибелік білімін тереңдете дамыту;
Тәрбиелік: «ЭЕМ-операторы» шеберханасында тәртіп және техника қауіпсіздігін сақтауға, компьютермен дұрыс жұмыс жасауға және ұйымшылдыққа, ынтымақты болуға, өзара көмек қолын соза білуге, сұрап, ізденіп үйренуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Тәжірибелік
Сабық типі: Аралас
САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ:
Көрнекті құралдар: Компьютер, проектор, видео, электрондық оқулық (Sin Kaz),
электронды тапсырмалар (үй тапсырмасы және СӨЖ) .
2. Негізгі әдебиеттер:
- «Информатика» жалпы курсының зертханалық жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: әдістемелік басшылық/ Урмашев Б. А, Нажипқызы М, Омаров Б. С, Қатаев Н. С. -Алматы: Қазақ Университеті, 2010. -199б.
- Е. Қ. Балапанов, Б. Б. Бөрібаев, А. Б. Дәулетқұлов. Жаңа информациялық технологиялар: «Информатмкадан 30 сабақ» - Алматы. ЖТИ. 2005. -400 бет.
- Н. Ермеков, В. Криворучко, С. Ноғайбаланова «Информатика» -Алматы:Жазушы, 2006. -152бет .
- Электрондық оқулық (Sin Kaz)
САБАҚТЫ ЖҮРГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ:
I. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)
- Студенттермен сәлемдесу;
- Студенттерді түгендеу;
- Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру;
- Студенттердің назарын сабаққа аудару (видео: Excel-де көбейту кестесін әзірлеу) .
II. Үй тапсырмасын тексеру (10 минут)
- Техника қауіпсіздік және компьютерде дұрыс отыру ережелерін естеріне салу
- Төмендегі тапсырмаларды компьютерде орындайық:
№1 тапсырма.
Word - бағдарламасында өз аттарың бойынша дайындалған мәтіндік құжаттарыңды ашып, соңына жаңа бет қосыңдар. Осы қосылған жаңа бетке төмендегі үлгі бойынша фигураларды салыңдар және түстері осыған сәйкес келсін.
№2 тапсырма.
№1 тапсырманың соңына жаңа бет қосыңдар және осы қосылған жаңа бетке төмендегі үлгі бойынша кесте құрыңдар.
- Төмендегі сұрақтарға жауап берейік:
- Excel бағдарламасындағы жұмыс парағын компьютерден көрсете отырып, қысқаша таныстырыңдар (Жұмыс парағы деген не? Ол неше жол, неше бағаннан тұрады? Олар қалай таңбаланады? Әрбір парақтың аты қай жерде көрініп тұрады?) .
- Электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші элементі қалай аталыды? Оның адресі қалай жазылады? Экранда сұралған адрестер (мысалы, C4, В7, G9) бойынша көрсетіңдер.
- Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің қандай типтерін енгізе аламыз? Excel-де енгізілген сандық және мәтіндік мәліметтер автоматты түрде ұяшықтардың қай жағына орналасады?
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру (20 минут)
Сабақтың тақырыбы: Электрондық кесте құру және форматтау
Осы сабақтың негізгі мақсаты:
Электрондық кесте құру және форматтауды сабақ барысында үйрене отырып, меңгерген теориялық білімдерін тәжірибелік жұмыстар жасауға, тапсырмалар орындауға қолдану.
Excel-де даярланатын құжат Жұмыс кітабы деп аталатынын біз алдынғы сабақтан білеміз. Сол бойынша «260 - топ» деген атпен жұмыс кітабын құрайық. Ол үшін Microsoft Excel 2010 бағдарламасын қоысып, ашылған жұмыс кітабын «260 - топ» деген атпен сақтайық.
- Жұмыстық парақтарымен жасалатын әрекеттер:
- Жұмыстық парақтың атын өзгерту:1) Главная → формат → Переименоватьлист; 2) жұмыстық бетке сәйкес ярлыктың атына екі рет шертіледі 3) ярлыктың контекстік орындалады да жаңа ат жазылады.
- Жұмыстық парақты жою:1) Главная→Удалить→Удалить лист; 2) параққа сәйкес ярлык контекстік арқылы жүзеге асырылады.
- Парақтың орынын ауыстыру:1) Главная → формат → Переместить/Скопировать лист; 2) бетке сәйкес ярлык контекстік /Скопировать листкомандаларының көмегімен; 3) ең оңай әдісі тінтуірдің сол жақ пернешігін парақ үстіне басып тұрып, жылжыту арқылы жүзеге асырылады.
- Парақты көшіру:Парақты көшіруді орындау үшін 1) Главная → формат → Переместить/Скопировать копиюбөлімі іске қосулы болу керек, сол арқылы парақтардың алдына не артына көшірілген парақты қоя аламыз; 2) кошірмесін алғалы отырған парақты белсенді етіп, Ctrl пернешігін басып тұрып, тінтуірмен аламыз да, таңдалған орынға қоямыз.
- Парақ қосу:1) жұмыстық бет ярлыгына шертілгенде шығатын контекстік таңдалынып, ОК басылады; 2) парақ орналасатын жердегі стандартты белгішенің көмегімен қосылады; 3) shift+f11 пернелер комбинациясымен қосылады.
Өзіміз жұмыс жасап отырған («260 - топ») жұмыс кітабын 2 жұмыс парағын қамтитын етіп алайық. 1-жұмыс парағының атын «керекті құралдар», 2-жұмыс парағының атын «қажетті материалдар» деп жазайық.
- Ұяшыққа мәліметтерді толтыру:
- MS Excel бағдарламасындағы парақтардағы ұяшықтарға мәліметтерді теру арқылы толтыруға болады. («260 - топ» жұмыс кітабына 3-парақты қосып, «мәтін» деген ат берейік) (1-сурет) .
- Ұяшықтың көлемін үлкейту және кішірейту бағаналар немесе жолдар арасындағы шекара сызққа тінтуірді апарып, , белгішелер пайда
болғанда оңға, солға, жоғары, төмен жылжытамыз. Ұяшық түсі мен мәтін түсін Word бағдарламасындағыдай өзгерте аламыз.
- Ұяшықтарды біріктіру үшінФормат - Ұяшық (Формат - Ячейки) командасын орындапТуралау (Выравнивание) біріктіру (Объединение ячеек) жалаушасын орнатыңыз.
- Ұяшықтардағы мәтінді қажет бағытта орналастыру үшінФормат - Ұяшықтар (Формат - Ячейки) командасын орындап, Туралау (Выравнивание) парақшасыныңБағыт (Ориентация) бөлігінен қажет бағытты таңдаңыз.
- Мәтінді форматтау үшінФормат - Ұяшықтар - Қаріп (Формат - Ячейки -Шрифт) командасын, ал ұяшық жақтауларын сызу үшінФормат - Ұяшықтар - Шекара (Формат - Ячейки - Граница) командаларын пайдаланыңыз.
E
м
ә
т
і
н
мӘтін
1-сурет. A1:E3 ұялар диопозонындағы ұяшықтарға мәтін енгізу
- Автоматты түрде толтыруға да болады. Ұяшықтарды автоматты түрде толтыру үшін(«260 - топ» жұмыс кітабына 4-парақты қосып, «автотолтыру» деген ат берейік) :
- Қатар орналасқан екі ұяшыққа прогрессияның алғашқы екі мүшесі жазылады;
- Мәлімет жазылған диапазон немесе екі ұяшық белгіленеді;
- Тышқан көрсеткішін белгіленген диапазон облысының оң жақ теменгі бұрышына апарсаңыз көрсеткіш қара түсті «қосу белгісіне» (+) өзгереді, бұл белгінітолтыру маркерідеп атайды. Әрі қарай толтыру маркерін тышқанның батырмасын басып отырып қажет ұяшыққа дейін соза бересіз (2-сурет) .
2-сурет. Автоматты түрде толтыруды көрсететін кесте диопозоны
- Ұяшықтың немесе диопозонның жақтауларын сызу үшін:
- Аспаптар тақтасындағыШекара (Границы) батырмасын пайдаланыңыз;
- 3-суреттегідей ұяшықтарды форматтау диологтық терезесін пайдаланамыз.
3-сурет. Ұяшықтардың шекарасын сызу терезесі
- Excel-де дайындалған парағымыз қандай болғанын көру үшін:
- 4-суреттегідей парақтың параметрлерін көрсететін диологтық терезені пайдаланамыз;
4-сурет. Парақтың параметрлерін көрсететін диологтық терезе
- Жұмыс кітабының оң жақ астыңғы бұрышындағыРазметка страницыбөлімін пайдалану арқылы (5-сурет) .
5-сурет. Разметка страницы арқылы парақты көру
IV. Жаңа тақырыпты бекіту (10 минут)
Бекіту тапсырмалары:
№1-тапсырма.
Суретте көрсетілгендей жұмыс кітабын және жұмыс парағын дайындайық:
Нұсқау: Тапсырмада ұяшықтарды біріктіру, ұяшықтарға мәтін және сандар енгізілген. Жұмыс кітабына және жұмыс парағына ат берілген. Соңында парақты қарап шығу барысы көрсетілген. Осы амалдарды толық орындап көрсетейік.
№2-тапсырма. «SIN_kaz» электрондық оқулығынан 8-модуль «MS Excel бағдарламасында жұмыс істеу. Электронды кестелерді әзірлеу» бойынша тапсырмаларын орындау .
V. Сабақты қорытындылау (2 минут)
Электрондық кесте құру және форматтау туралы игерген білімдеріңді пайдалана отырып, орындаған өздік жұмыстарыңды аяқтап, көрсету. Сол арқылы:
- Жеткен жетістіктерді айту
- Жіберген кемшіліктерді көрсету
- Дұрыс орындалуын көрсету
- Жұмыс орнын жинау
Үй тапсырмасы: Берілген үлгі бойынша кесте дайындау
1-кесте
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz