Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Бұлақ көрсең, көзін аш
Тақырыбы: <<Бұлақ көрсең, көзін аш>>
Мақсаты: Оқушылардың бойындағы қызығушылығы мен бейімділігін анықтай отырып, оны көпшілікке насихаттау, жан - жақты дамып қалыптасуына ықпал жасау.
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. <<Талаптыға нұр жауар>>- әншілер
3. <<Өнер алды қызыл тіл>> - жас ақындар
4. <<Шебердің қолы алтын>> - қолөнер, сурет көрмесі
5. <<Біз билейік шаттанып>> - бишілер өнері
6. <<Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат>> - актерлік өнер
7. Қорытынды оқушылардың бейіндік бағытын қызығушылығын нықтау картасымен таныстыру.Оқушыларға бейіндік бағыттары бойынша куәліктер тапсыру.
І.Кіріспе сөз
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!Бүгінгі біздің сыныбымызда өткізіліп жатқан <<Бұлақ көрсең көзін аш>> атты тәрбиелік шараға қош келіпсіздер.
2 - жүргізуші:Бүгін біздер мен сіздер сыныбымыздағы оқушылардың бойындағы әртүрлі қабілеттерімен таныса отырып болашақ суретші, болашақ әнші, болашақ биші, болашақ суретші, болашақ мамандардың өнерлерін тамашалағалы отырмыз.
1 - жүргізуші:
Келешек ғой өсіп мен 17 - ге толғанда,
Қай жерде қандай кәсіппен
Шұғылданам мен сонда деп орыс ақыны Маяковский айтқандай әрбір бала кішкене күнінен - ақ өзінің болашағын ойлағаны дұрыс деп ойлаймын.
2 - жүргізуші:
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сенде бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан.
Бұл сөзді Абай атамыз бекер айтпаған, расында әр бала өмірдің бір бөлшегі, өз қалауымен, өз қабілеті мен дарынымен қоғамға өз үлесін қоспақ.
1 - жүргізуші:
Үміт артып ертең мен болашаққа
Біз келеміз білімнің кемесінде
Армысыздар, ата - ана, сыныптастар
Сәлем бердік, бәріңіз есенсіз бе?
2 - жүргізуші: Ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған бала бейтаныс білім әлеміне тап болған жан секілді сезінеді. Бірте - бірте осы әлемнің қызығына еніп, білім тұңғиығына бойлай бастайды.Міне, осы сәттен бастап баланың тек білімі ғана емес, оның жан - жақты қабілеті ашыла бастайды.Білім арқылы өнер әлеміне қадам басып, өз бойындағы табиғи қабілетін сынға салады.
1 - жүргізуші: Бала бойындағы қабілеттің ашылуына себепші болар, бала жанының емшісі - ол ұстаздар.Өйткені біздер ұстаз арқылы дамимыз, жетілеміз.Ол не істесе десе соны істейміз, оған еліктейміз.Шәкірттерін сан - саланың маманы етіп тәрбиелеп, өмірге бейімдеп, жан - жақты қырларын ашуға ықпал етеді.Соның айғағы ретінде өз елімізден шыққан атақты маман илерін атауға болады.
2 - жүргізуші: Өз сыныбымызда қазіргі күнде 28 оқушы білім алуда. Өткен тоқсан қорытындысы бойынша сыныптағы 11 оқушы оқу озаты, 13 оқушы оқу екпіндісі болып, үлгерім көрсеткіші 86% пайызды көрсетті.Сыныбымызда өз бойындағы керемет талантымен, әртүрлі қабілетімен көрініп жүрген оқушылар баршылық.Бүгін біздер сіздерді осындай оқушыларымыздың бойындағы өнерін көруге шақырамыз.Қазір талантты әнші бірнеше дүркін <<Бозторғай>> өнер сайысының жеңімпазы Амантай Алмараның орындауындағы әнді тыңдауға шақырамыз.
1 - жүргізуші:
Өлеңді сөздің патшасы - сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп,
Теп - тегіс жұмыр келсін айналасы.
2 - жүргізуші:
Қазақтың қара өлеңі №№№№
Ой өрнегін сөзбен суреттей жүрген жас ақындарымыздың өнерін тамашалайық.
1 - жүргізуші: Ортаға ақындар легін шақырамыз. (ортаға ақындар шығып, өзі шығарған өлеңдерін оқиды.)
2 - жүргізуші: <<Дені саудың - жаны сау>> деп дана халқымыз бекер айтпаған, денсаулықтың қадірін білген адам ең бірінші спортты жанына серік етеді.Келесі кезекті жас спортшыларымызға береміз.(ортаға таэквондо үйірмесіне қатысушылар шығып, өз өнерлерін көрсетеді).
1 - жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй - деп Абай атамыз айтқандай ән мен күй өнеріне бейім балалар өз өнерлерін көрсетеді.
1. Махамеджан Ұлжан -күй
2.Тыныштық Н - ән
3. Айжарық А - ән
4. Назерке, Камила - ән
2 - жүргізуші:
Көрсетіп небір қызық кереметті
Фокустың қыр - сырында меңгеріпті
Өнері өрге жүзген ұландарым
Бүгін де бізге тарту ала кепті.
Ортаға сыйқыршылар мен өнертапқыштар шақырылады.
1 - жүргізуші:
Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін шын күлетін,
Ер табылса жарайды, қылса сұхбат. - деп Абай атамыз жырлағандай арзан емес, маңызды маңғаз күлкіні дәріптеп жүрген сыныбымыздың әзілкештерін ортаға шақырамыз
І.Дымбілмес
ІІ. Тәртіпсіз оқушы
2 - жүргізуші:
Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің сөзі ортақ. - демекші өз сыныбымызда қол өнерді мықты меңгерген, ой өрнегін суреттеп бейнелейтін суретшілер өнері де баршылық.Оқушыларымыздың талабына сәттілік тілеп бүгінгі жасаған жұмыстарын тамашалайық.
1 - жүргізуші:
Заманымыздың ақиық ақыны қазіргі заманның Абайы атанған Мұхтар Шаханов ағамызды білмейтін адам кемде - кем шығар.Енді қазір сіздер Мұхтар Шахановтың <<Арман>> атты өлеңінен қойылым тамашалаңыздар.
Қорытынды:
Сөз мектеп басшыларына беріледі.
Туреева Рыскүл
№ 222 мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Қызылорда қаласы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz