Файл қосу

Тәуекел хан тұсындағы қазақ хандығы

Күні
6.03.2014
Сыныбы
7 - сынып
Сабақтың
тақырыбы
Тәуекел хан тұсындағы қазақ хандығы
Ресурстар
Қазақстан тарихы Алматы <<Атамұра>> баспасы 2012 , АКТ, бағалау бетшесі, т.б.
Жалпы мақсаттары
Тәуекел хан тұсындағы Қазақ ордасының ішкі- сыртқы жағдайы туралы мәлімет алады.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар тақырып бойынша өз бетінше ізденіп, қосымша тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін жетілдіреді.
Тәуекел ханның тарихи тұлғасы арқылы ұлтжанды, отансүйгіш жеке тұлға қалыптасады.
Тапсырмалар
1 <<Ыстық орындық>>
2. Сөзжұмбақ <<Тәуекел хан>>
3. <<Мағынаны ашу>>
4. Оқиғаларды сәйкестендіру
5. Топтастыру
6. <<Сандар сөйлейді>>
7. Шығармашылық жұмыс
Әдіс - тәсілдер
Баяндау,сұрақ- жауап,топтық жұмыс, сыни ойлату, картамен жұмыс
Сабақтың жүру барысы:
Уақыты
Мұғалімнің әрекеті
Оқушы әрекеті

3- мин

4 - мин

3 - мин

10 - мин

3 - мин

4-мин

5 - мин

2-мин

2- мин

3-мин

3-мин

1- мин

1-мин

1-мин

І.Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық. Оқушылар көктем мезгіліне байланысты бір - біріне тілек айтып, сәттілік тілейді.
Оқушыларға орта ғасырдағы қалалардың суретін үлестіру арқылы 3 - топқа бөлу.
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау
<<Ыстық орындық>>
Әр топтан бір оқушы шығады. Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы тақырыбында сұрақтар беріледі.
<<Бағалау парағын>> тақтаға іліп қоямын. Оқушыларға бағалау бетшесіне назар аудартамын. Әр тапсырма баллдық жүйемен бағаланады.

ІІІ.Жаңа сабақты меңгерту

1. Сөзжұмбақ <<Тәуекел хан>>. Сөзжұмбақты шешу арқылы сабақтың тақырыбы ашылады.
2.<<Мағынаны ашу>>
Мұғалім Тәуекел хан тұсындағы қазақ хандығы туралы қысқаша мәліметті тірек- сызбалар арқылы түсіндіреді.

ІҮ. Оқиғаларды сәйкестендіру.
1- бағанға жылдар, 2- бағанға оқиғалар беріледі

Ү. <<Сандар сөйлейді>>
Әр топқа әр түрлі сандар жазылған қағаздар үлестіріледі. Санның қандай оқиғамен байланыстылығын табу.

ҮІ. Ой қозғау.
Қазақ хандарының тарихы 1465-1847 жылдар аралығын қамтиды. Тәуекел ханға дейінгі қазақ хандарының тарихтағы қызметіне қалай баға бересіңдер?

ҮІІ.Сабақты бекіту
1. Топтастыру әдісі

2. <<Ақиқат немесе Жалған ба?>>
Астын сыз

3. Сауалнама жұмысы
(әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады)

ҮІІІ. Қорытындылау
Тәуекел хан тұсындағы қазақ хандығының аумағын кескін картаға түсіру

ІХ. Үйге тапсырма
<<Тәуекел хан>> тақырыбында мәнжазба жазу
Х. Бағалау.
Топ мүшелері бағалау парақшасындағы ұпайларымен бағаланады.

Рефлексия. <<Инсерт>> әдісі
Оқушылар бір- біріне жақсы тілек тілейді. Берілген қала суреттеріне қарай 3 топқа бөлінеді.
<<Түркістан>>
<<Сарайшық>>
<<Отырар>>
Оқушылар үй жұмысын оқып, ауызша айтады. Әр топтан бір оқушы шығады, оқушылар сұрақ қояды, шыққан оқушы жауап береді.
Оқушылар бір - бірлерінің жауаптарына сәйкес балл жинайды.

Әр топ сөзжұмбақты шешу барысында шапшаңдық танытып, сабақтың тақырыбын ашады.

Топ мүшелері керекті деректерді дәптерлеріне түсіріп отырады.

Оқушылар оқиғаларды сәйкестендіреді.

Топ мүшелері бірлесе отырып орындайды.Әр топтан бір оқушы шығып, жазғандарын оқып, талдайды.

Әр топ өз ойларын білдіреді.

Топтастыру әдісі

Тәуекел хан
Тәуекел хан

Түрлі- түсті қағазға жазылған мәліметтердің ақиқат не жалған екендігін ажыратады.

10 сұрақтан берілген сауалнаманы орындайды.

Оқушылар өздері жазған ұпайларын санайды, қорытындылайды.

Білдім
Үйрендім
Үйренгім келеді

Күні
13.03.2014
Сыныбы
7 - сынып
Сабақтың
тақырыбы
Сөздердің байланысу тәсілдері
Ресурстар
Қазақ тілі Алматы <<Атамұра>> баспасы 2012 , АКТ, бағалау бетшесі, стикерлер т.б.
Жалпы мақсаттары
Сөз тіркесі, оның айырықша белгілерін, түрлерін еске түсіре отырып, сөздердің байланысу тәсілдерін анықтайды, тапсырмалар барысында ізденуге мүмкіндік алады.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар тақырып бойынша өз бетінше ізденіп, қосымша тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін жетілдіреді. Тыңдау әдебі мен сөйлеу шеберліктерін арттырады.Тапсырмаларды орындау арқылы ана тілін дәріптейтін жеке тұлға қалыптасады.
Тапсырмалар
1. <<Миға шабуыл>> 4. <<Кімнің ойы ұшқыр>>ойыны
2.Оқулықпен жұмыс 5. <<Бес жол өлең>> құрастыру
3.Шығармашылық жұмыс 6. Семантикалық кестемен жұмыс
Әдіс - тәсілдер
Топтық жұмыс, диалогтік оқыту, сыни ойлату, талдау, ыстық орындық.
Сабақтың жүру барысы:
Уақыты
Мұғалімнің әрекеті
Оқушы әрекеті

3- мин

2 - мин

3 - мин

10- мин

5 - мин

5- мин

5- мин

3- мин

5-мин

1- мин

1-мин

1-мин

1- мин
І.Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық.
Оқушылар шеңбер құрып тұрады.Оқушылар өздерінің аттарының бас әрпіне байланысты әдемі сөздер ойлап айтады.

Сыныпты 3 топқа бөлу
Оқушыларға карточкалар үлестіріледі.Карточкада сөз тіркесі, күрделі сөздер,тұрақты сөз тіркестері беріледі.

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау
232- жаттығу. Сөйлемдердегі сөз тіркесі, күрделі сөздер және тұрақты сөз тіркестерін бөлек- бөлек жазу
<<Ыстық орындық>>
Әр топтан бір оқушы шығады. Сөз тіркесі, оның айырықша белгілері, түрлері туралы сұрақтар беріледі.

ІІІ.Жаңа сабақты меңгерту
<<Миға шабуыл>>
1-слайд
Адастырмайықшы сөздерді
Шығайықшы байланыстырып әдемі бір мақалды.
Берілген сөздерден мақал құрастырып, онда қандай сөз тіркестері бар екенін таптыру
Айт, жақсының, тасысын, жақсылығын, нұры, құты, жамандығын, қашсын, айт, жаманның.
2- слайд
Өлең жолдарының авторын тауып, сөз тіркестерін теріп жазыңдар

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй

3- слайд
Бұл есімдігі сөйлемдерде қандай қызмет атқарып тұр?
Бұл ұрыста Төлеген ерекше ерлік көрсетті.
Бұл- ұрыста ерекше ерлік көрсеткен жігіт

ІҮ. Ой салу.
Жоғарыдағы мысалдардағы сөздер бір- бірімен қалай тіркескен, неше тәсілмен?

Сұрақтың жауабы арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ашылады.

Ү.Оқулықпен жұмыс
239- жаттығу. Мақал- мәтелдердегі сөздердің байланысу тәсілдерін анықтаңыз.

ҮІ. Шығармашылық жұмыс .

ҮІІ. Сабақты бекіту.
1.<<Кімнің ойы ұшқыр?>> ойыны
Ойынның шарты: Өзара топтаса отырып сөздердің байланысу тәсілдеріне байланысты мысалдар келтіріп, түсіндіру.
2.<<Бес жол өлең>>құрастыру
Ітоп -кітап
ІІтоп - мемлекет
ІІІ топ - тіл

ҮІІІ. Қорытындылау .
Семантикалық кестемен жұмыс

ІХ. Бағалау
Бағалау парақшаларында жинаған ұпай сандарына қарай, оқушы білімдерін бағалау
Х. Үйге тапсырма
241- жаттығу.
Тапсырма: Экологиялық апатқа ұшыраған табиғат туралы ойтолғау жазу

Рефлексия <<Екі жұлдыз, бір тілек>>

Бірінші оқушы өзінің атының бас әрпіне байланысты әдемі сөз ойлап айтады. Шеңбер бойында тұрған келесі оқушы жалғастырады.Осылай сыныптағы барлық оқушы қатысады. (Мысалы: жарқын жүзді Жамихан, ер есімді Ерқанат, ілтипатты Інжу, т.б.)

Оқушылар карточканы оқып, берілген сөз тіркесі болса- 1- топқа, күрделі сөздер болса- 2- топқа, тұрақты сөз тіркестері болса- 3- топқа отырады.

Оқушылар үй жұмысын оқып, ауызша айтады. Әр топтан бір оқушы шығады, оқушылар сұрақ қояды, шыққан оқушы жауап береді.

Әр топ бірлесе отырып мақалды құрастырады, ішінен сөз тіркестерін теріп жазады.
Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын,
Жаманның жамандығын айт, құты қашсын
Сөз тіркестері: жақсының жақсылығы; жаманның жамандығы, жақсылығын айт, жамандығын айт.

Топ мүшелері Абай өлеңдерінің үзіндісі екенін айтып, сөз тіркестерін теріп жазады

Өлеңді жазбаймын, ермек үшін жазбаймын
Құлақтан кіріп, бойды алар,
жақсы ән, тәтті күй.

Топ мүшелері сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдап, түсіндіреді.
1-сөйлемде анықтауыш қызметін атқарып, 2-сөйлемде бастауыш қызметін атқарып тұрғанын айтады.

Оқушылар ойланып, ізденеді.
Сұраққа жауап береді, түсіндіреді.
Сөздер бір- бірімен 4 түрлі тәсіл арқылы байланысады.
1. Жалғаулар арқылы
2. Септеулік шылаулар арқылы
3. Орын тәртібі арқылы
4. Интонация арқылы
Топтастыру әдісі
Сөздердің
байланысу
тәсілдері
Сөздердің
байланысу
тәсілдері

І топ -2,3,4 - сөйлемдерді
ІІтоп -5,6,7 - сөйлемдерді
ІІІ топ -8,9,10 - сөйлемдерді талдайды.
Әр топ мүшелері өздері таңдаған бір мақал бойынша өз ойын ортаға салады.

Оқушылар ойынның шарты бойынша мысалдар келтіреді, түсіндіреді.

Әр топ өздеріне берілген сөздермен 5 жол өлең құрастырады.
Зат есім-1 сөз (кітап)
Сын есім-2сөз (қызықты, қалың)
Етістік -3сөз(оқиды, сатып алады, бағалайды)
Нақыл сөз. Кітап - білім бұлағы
Түйін. Кітап оқу арқылы адамның рухани байлығымыз дамиды.

Оқушылар семантикалық кестені толтырады.

Оқушылар өздері жазған ұпайларын санайды, қорытындылайды.

Оқушылар сабақта ұнағаны не ұнамағаны болса, стикерге жазып, тақтаға жабыстырады.

Күні
19.03.2014
Сыныбы
7 - сынып
Сабақтың
тақырыбы
Еуразияның климаты
Ресурстар
География Алматы <<Атамұра>> баспасы 2011,интернет материалдары,АКТ, д/ж физикалық картасы, атлас, кескін карта, сауалнамалар жинағы.
Жалпы мақсаттары
Оқушыларға климат қалыптастырушы факторлар, Еуразияның климаты, климаттық белдеулер туралы түсіндіру.
Күтілетін нәтиже
Еуразия мен Солтүстік Америка климатын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білетін тұлға қалыптасады.
Тапсырмалар
1. <<Мен- саған, сен - маған>> 4.Топтастыру
2.Оқулықпен жұмыс 5.Шығармашылық жұмыс
3.Картамен жұмыс
Әдіс - тәсілдер
Топтық жұмыс. Диалогтік оқыту, сыни ойлату, талдау.
Сабақтың жүру барысы:
Уақыты
Мұғалімнің әрекеті
Оқушы әрекеті

3- мин

4 - мин

2 - мин

12 - мин

4-мин

5 - мин

3 - мин

4-мин

3 - мин

2- мин

2-мин

1-мин

І.Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық.
Мұғалімнің дайындап алып келген тілектері бар парақшаларды сынып оқушыларына таратылады,бірақ онда не жазылғанын олар оқымауы керек.
Сыныпты 2 топқа бөлу.
Қағазға жазылған <<Еуропа>>, <<Азия>> сөздерін таңдау арқылы 2 топқа бөлінеді.

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау

Физикалық картаның көмегімен Еуразиядағы ірі табиғи аудандарды кескін картаға түсіріп, атластан табу.

<<Мен-саған, сен-маған>> ойыны. Ауызша сауалнама

ІІІ.Жаңа сабақты меңгерту

1. Еуразияның климат картасымен жұмыс кезінде мұғалім олардың жұмысына бағыт береді.
2. Әр топқа сұрақтар беріледі.

3. Өз бетімен жұмыс.

IY.Оқулықпен жұмыс.

Y.<<Қазақстан Еуразия кіндігінде>> тақырыбында бейнефильм көрсету.
(Қызығушылықты ояту кезеңі)

YI.<<Артығын тап>> ойыны.

Еуразия материгіне жатпайтын табиғи аудандарды алып тастау.
ҮІІ.<<Білгіш географ>> Географиялық обьектілерді табу.
Мысалы:
1620м.-...
390000ш.ш-.....

ҮІІІ.Сабақты бекіту.
Әр топқа сөзжұмбақ беріледі.

<<Венн диаграммасы>>
Еуразия мен Солтүстік Америка материктерінің климаты.

V.Қорытынды бағалау.

Формативті бағалау - берілген стикерге оқушылар бүгінгі сабақты бағалап жазады.

VІ.Үйге тапсырма:
1.Еуразия климаты
2. <<Қазақстан Еуразия кіндігінде>> тақырыбында эссе жазу.
Әр оқушы өзі алған парақшаны сыныптағы кез келген бір оқушыға апарып береді.Сол оқушы парақша ішіндегі тілекті дауыстап оқып, өзіне қабыл алады.
Мысалы: Менің денім сау және мен бақыттымын.
Сынып оқушылары <<Еуропа>> және <<Азия>> топтарына бөлінеді.

Оқушылар үйге берілген Еуразиядағы ірі табиғи аудандарды кескін картаға түсіру тапсырмасын аяқтап, атластан табады.

Оқушылар осы ойын арқылы үйге берілген тапсырманы ауызша орындайды.

Оқушылар климат картасымен жұмыс істей білетіндіктен,өз бетімен жұмыс жасайды.
Топ мүшелері бірлесе отырып сұрақтарға жауап береді.
Топ мүшелері дәптерге барлық климттық белдеулерді жазып шығады, климат картасы бойынша шілде мен қаңтардың орташа температурасын, басым ауа массаларын анықтайды.
Топ мүшелері берілген мәтінге байланысты пікір алмасады.

Топ мүшелері фильмді көру арқылы ойларын түйіндейді.

Оқушылар үлестірме карточкалар ішіндегі жазылған материкке жатпайтын табиғи аудандарды алып тастайды.
Топ мүшелері берілген сандардың тұсына обьектілерді тауып жазады.
1620м.-Байкал көлінің тереңдігі
390000ш.ш.-Каспий теңізінің ауданы.

<<Еуразия>> тақырыбындағы сөзжұмбақ шешеді.
Оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды.

Еуразия мен Солтүстік Америка материктерінің климатының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады.

Оқушылар өздері жазған ұпайларын санайды, қорытындылайды.

Ұқсас жұмыстар
Есім ханның ескі жолы
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәукехан тұсындағы қазақ хандығы
Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары
Есім хан (1598 - 1628 ж)
Бұхар әскерлері
Xv-xvii ғ. қазақ хандығы қайталау сабағы
Есім хан тұсындағы қазақ хандығы
Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы. 7 сынып
Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығы
Пәндер