Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Әдепті бала жайлы
Cыныбы: 1 б
Мұғалімі: Сайфеденова Гүлсара Мұқанқызы
Тақырыбы: Әдепті бала
Мақсаты:Оқушыларды үлкенді сыйлауға,кішіге қамқор болуға тәрбие-леу.Қарт адамға көмектесу,үлкен-кішімен үнемі сәлемдесуге,мектеп ережесін сақтауға,жол ережесін қатаң сақтап өз өміріне қауіп төндірмеуге ,қоғам мүлкін бүлдірмеуге,ата-ананы қадірлеуге,достарына көмектесуге тәрбиелеу.
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Құрметті ата-аналар,әріптестер,оқушылар! 1Б сынып оқушыларының "Әдепті бала" атты сынып сағатына қош келдіңіздер! Әдептілік -адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының,жүріс тұрысының ережесі.Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мі-нез,жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы керек.Ендеше әдепті,ақылды, балалардың қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық.
Әдептілік әліппесі.
1-оқушы Атам маған әманда,
Әдепті жан бол деген.
Ата сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
2-оқушы Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің,
Сәлемдесіп,қол берем.
3-оқушы Атам маған әманда,
Кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда ,
Мақтанбауды жөн көрем.
4-оқушы Атам маған әманда,
Әділетті бол деген.
Ата сөзі санамда,
Жүрем тура жолменен.
5-оқушы Қалдыратын ұятқа -
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізеді мұратқа,
Тек шындықты көздеймін.
6-оқушы Әдеп сақтап әманда,
Әрбір адал адамға.
Жасасаң бір жақсылық,
Қайтарады саған да.
7-оқушы Кішілерді аяла,
Кісілерден аянба.
Адамдығың көрінсін,
Анадай жансаяңда.
8-оқушы Ынтымаққа қосыл да,
Ықылас қой досыңа.
Ар-мақсатың нық болсын,
Ақылыңнан тосылма.
9-оқушы Ақылы бар баласың,
Айтқан тілді аласың.
Намысты боп өссең сен ,
Нағыз адам боласың.
Әдептілік,инабаттылық,сыйласу жағынан алдына жан салмаған халықпыз.Бір өкініштісі уақыт өткен сайын осынау асыл қасиеттерімізден айырылып бара жатқандаймыз.Ұлттық ізгі дәстүрімізді ескіліктің қалдығы деп мұрын шүйіре қарамай,осы заманға лайықтысын таңдап алып инабатты қыз,ұлағатты ұл тәрбиелеу міндеті ата -ананың ,ұстаздың міндеті.
Көрініс: "Әдеп" Ы.Алтынсарин
Сурет бойынша әңгіме "Қария мен бала"
10-оқушы Көшелерден біз өткен
Ата көрсем жақын кеп.
Сәлем берем ізетпен,
Ассалаумағалейкүм!- деп
11-оқушы Алдан әже жолықса,
Бөгелем кеп әдейілеп
Сәлем берем сол тұста,
Есенсіз бе,әжей ?-деп
12-оқушы Анам маған-Үлкенді сыйла деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті,
Үлкендердің өзіне сыйға берем.
13-оқушы Атамнан қалған мұра ізеттілік,
Арымды соған қойғам күзеттіріп.
Адалдық менің сәби Айбарым ғой,
Маңдайымнан жүргені жүз өптіріп.
Көшеде жүру,көпшілік ортасында болу,үлкенге орын беру,кішіге қамқорлық жасау,қарт адамдарды қадірлеу,олармен сәлемдесу-әрбір әдепті оқушының міндеті.
Ендігі кезекті "Әдептілік әлемі" атты өлең шумағына берелік.
Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ-табақты.
Пышақты ұста оң қолмен,
Шанышқыны сол қолмен.
Нанды үгітпе ,қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Саусағыңды сормағын,
Салдыр-салақ болмағын.
Салма аузыңа инені,
Үзбе жұлқып түймені.
Ашуланып, долданып,
Жауап бергін ойланып.
Құр бекерге қылтима,
Болмашыға бұртима.
Іштарлыққа жол берме,
Бақталастық білдірме.
Мақсат қоймай алдыңа,
Қыдырып құр қаңғыма.
Сыйлап үлкен кісіні,
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақта көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
Ән :Мен әдепті баламын
Енді балалар әдептілік жайлы үйренген мақал -мәтелге кезек берейік.
1Әдептінің абыройы биік.
2Әдепті бала
Ата- анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ,
Ата -анасын қақсатар.
3Әдепсіз бала-
Аяққа басылған шала.
4Сәлем сөз анасы.
5Әдептің не екенін,
Әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.
6Әдептілік, ар ұят-адамдықтың белгісі.
7Әдептілік белгісі- 8Сіз деген әдеп,
Иіліп сәлем бергенің. Біз деген көмек.
9Әдепті бала кездессе,сәлем берер бас иіп,
Әдепсіз бала жолыққса,өте шығар кекиіп.
Әдептілік деп үлкенді сыйлауды,достарды,айналадағы адамдарды құрмет-теуді айтамыз.Әдепті бала басқадан сыйласым күтпей-ақ алдымен өзі басқа-ны құрметтеп,ардақтай біледі,көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.
"Әдептілікке әуестен."
1-оқушы Тамақты шашпай-төкпей іш.
2-оқушы Дастарқан басында керіліп,созылып.қисаймай,кітап оқымай отыр.
3- оқушы Жерде жатқан нанды баспай,еңкейіп алып,жинап қой!
4-оқушы Тамақ ішкен кезде сөйлеме.
5-оқушы Басқаларға мені сыйла деме, өзің өзгелерді құрметте.Сонда жұрт сені де сыйлайды.
6-оқушы Ата-анаңды,үлкен адамдарды сыйлап,кішкентайларға қамқорлық жасасаң,өзіңнің қадіріңді арттырғаның.
Ән:Балдырғандар әні
Әдептілік дегеніміз әдеп,ізет,инабат,сыйласым,құрмет,қамқорлық деген ұ-ғымдарды да қамтиды.Біз бір-бірімізге кешірімді болуымыз керек-ол да ә-дептілік
Хор: Жас кәріге сіз деген-
Жақсы үлгі іздеген.
Дос боламыз біз деген,
Ізетті ұл-қызбенен
Сонымен әдепті бала бойындағы жақсы қасиеттер мына сіздердің бойларыңыздан табылады деген сенімдемін.Әдепті бала қандай болады?
Ә-әділдікті жақтайтын
д- достықты сақтайтын
е-елгезек,
п-пейілі кең,
т-тіл алғыш,
і-ілтипатты, бала
Әдеп -барлық жағдайда сыпайылық шегінен шықпау.
Ән:Біз өмірдің гүліміз.
Оқушылар ,әдемі билей білу де әдептілікке жатады екен.Олай болса" Қара жорға" биін билеп көрейік.
Сонымен "Әдепті бала" атты сынып сағаты аяқталып,ата-аналарға сөз кезегі берілді.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz