Ілмектер мен есік тұтқасының құлағын жасауға арналған практикалық сабақ

Сабақтың тақырыбы : Ілмектер, есік тұтқасының құлағын жасау

Сабақтың мақсаты: оқушыларды бұйымдарды жасау жолдарымен таныстыру, іскерлік қабілеттерін шыңдау, ой өрісін дамыту.

Сабақтың міндеттері: шыдамдылыққа тәрбиелеу, сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Жұмысқа қажетті материалдар, құрал-жабдықтар: түзету тақтасы, дайындама, сызғыш, сызба, қайшы, таңбалық, балға, егеу, ағаш соққы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушыларды түгелдеу

- Назарларын сабаққа аудару

- Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

ІІ. Жаңа сабақ.

Кіріспе.

  • Балалар, өткен сабақтарда сіздер металл қасиеттерімен, металл түрлерімен және сұрыптық илемнен жасалған бөлшектердің графикалық кескіні және оларды таңбалау жолдарымен таныстыңыздар. Графикалық кескін бұйымның формасы, көлемі және бұйым дайындалған материал жөнінде анық және дәл ақпарат беруі керек. Мысалы: жұқа металл табағынан жасалған қарапайым бұйымдардың сызбасын қарастырайық. Мұнда барлық сызбаларда бұйымның қалындығы «S 0, 6» жазуымен көрсетілгенін бірден атап көрсетуге болады.

-Бүгін сіздер ілмектер, есік тұтқасының құлағын өз беттеріңізбен жасауға үйренесіздер.

Жұмыстың орындалу реті.

1. Дайындаманы түзеу

2. Сызба арқылы дайындамаларды өлшеп, белгілеу

3. Бұйымдарды жасап шығару

ІІІ. Сарамандық жұмыс

ІҮ. Қорытындылау

-Балалар, сонымен бүгінгі сабағымызда ілмектер және есік тұтқасының құлағын өз беттеріңізбен жасап үйрендіңіздер.

Ү. Бағалау, мадақтау.


Ұқсас жұмыстар
Бисерден Теңге ағашын жасауға арналған практикалық сабақ жоспары
PowerPoint 2000 жүйесінде слайд-фильмдер жасауға арналған сабақ жоспары
Жақсылық жасауға тәрбиелеу: тәрбие сағатының сабақ жоспары
Paint графикалық редакторында үзінділермен жұмыс жасауға арналған сабақ-саяхат
Технология пәні (9-сынып): Ағаш өңдеу - пышақ қойғыш жасауға арналған ашық сабақ жоспары
Аңыз күйлермен жұмыс жасауға арналған домбыра сабағы
Абайдың Желсіз түнде жарық ай өлеңіне графикалық иллюстрация жасауға арналған сабақ жоспары
№84 мектепте Ашық есік күні: мектеп пен жанұя ынтымақтастығының тәжірибесі
Есік медициналық колледжі информатика пәні оқытушысының 2015-2016 оқу жылына арналған жеке жұмыс жоспары
Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан: ашық тәрбие сағаты (Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz